О проведении тендеров по государственным закупкам товаров, работ и услуг Күшін жойған
Басқа 0
Тауарларды мемлекеттік сатып алу, жұмыстар және қызметтер жөніндегі тендерлер өткізу туралы
Екерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 04.12.2000 № 228 шешімімен
Жергілікті бюджеттік қаржы және бюджеттен тыс қорлар есебінен облыстың сұранысын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тауарлар сатып алу үрдісі, жұмыстар мен қызметтер алу барысында туындайтын құқықтық қатынастарды ретке келтіру және ол қаржыларды тиімді жұмсау мақсаттарында облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті бюджеттердін қаржысы, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар есептерінен мемлекеттік тауарлар сатып алуда ұйымдастыру және қажетті мемлекеттік жұмыстар мен қызметтер алудын тәртібі туралы Ереже» бекітілсін /1 қосымша/.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудан әкімдері, департамент басшылары, облыстық басқармалардын басшылары, ведомство басшылары тоқсан сайын жергілікті бюджеттер есебінен сатып алатын тауарлар, жұмыстар және қызметтердің тізбесі бойынша тендір өткізуге облыстық экономика басқармасына тапсырыстар берсін.
Тармақ 3
3. Облыстық экономика басқармасы /А.Ш.Бәшеев/ жергілікті бюджет есебінен тауарлармен жабдықтауға, жұмыспен, қызметпен қамтамасыз ету жөнінде жасалған келісім-шарттарға мониторингті іске асырсын.
Тармақ 4
4. Осы мәселе бойынша бұрын қабылдаған облыс әкімінін шешімдері мен оның орынбасарларының өкімдері өз күшін жойды деп танылсын /2 қосымша/.
Тармақ 5
5. Осы шешімге бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары И.Ф.Чиркалинге жүктелсін.