О создании государственного учреждения "Музей Первого Президента Республики Казахстан" Министерства культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы" мемлекеттік мекемесін құру туралы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 шілдедегі Конституциялық заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мұражай) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: Мұражайдың жарғысын бекітсін және оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдері Мұражайдың экспозициясын және қорларын қалыптастыруда қажетті көмек көрсетілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Мұражайды қаржыландыру Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне республикалық бюджетте 41 "Тарихи-мәдени құндылықтарды республикалық деңгейде сақтау" бағдарламасы бойынша көзделетін қаражаттың есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 5
5. 📌 Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172 қаулысымен . Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысымен .
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.