О сборе за право реализации товаров на рынках Күшін жойған
Басқа 0
Рыноктарда тауарларды сату құқы үшін жиналымдар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 23.10.1998 № 223 шешімімен
"Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 12.07.95 ж. «Қазақстан Республикасының рыноктардағы тауарлар сату құқы үшін жиналымдар туралы" № 955 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 23.02.96 ж., «Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 12.07.95 ж. № 955 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 234 қаулысына сәйкес рыноктарда тауарлар сату құқы үшін жиналымдардыңтүсуін тәртіпке келтіру мақсаттарында облыс әкімі Шешім шығарды:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудан акімдеріне рыноктарда тауарларды сату құқы үшін жиналымдар көлемін реттеу құқы берілсін.
Тармақ 2
2. 1998 жылғы рыноктарда тауарларды сату құқы үшін жиналымдар көлемінің жоғарғы шегі бекітілсін /қосымша/.