Вопросы Высшего аттестационного комитета Министерства образования и науки Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетiнiң мәселелерi "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Жоғары аттестациялық комиссиясын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 17 қаңтардағы N 61 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Жоғары аттестациялық комитетi туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Жоғары аттестациялық комитетiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Басқа 5. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Жоғары аттестациялық комитетi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 20 ақпандағы N 257 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Жоғары аттестациялық комитетi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Жоғары аттестациялық комитетi (бұдан әрi - ЖАК) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Тармақ 2
2. ЖАК өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. ЖАК мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банкте шоттары болады. ЖАК өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. Егер, оған заңнамаға сәйкес өкiлеттiлiк берiлген болса, онда ЖАК-тың мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуына құқығы бар.
Тармақ 4
4. ЖАК өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi түрде күшi болатын бұйрықтар шығарады.
Тармақ 5
5. ЖАК-тың құрылымы мен штат саны лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 6
6. ЖАК-тың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 480100, Алматы қаласы, Шевченко көшесi, 28.<*> 📌 Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.25. N 1007 қаулысымен.
Тармақ 7
7. ЖАК-тың толық атауы - "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Жоғары аттестациялық комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 8
8. Осы ереже ЖАК-тың құрылтайшылық құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. ЖАК-тың қызметiн қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. ЖАК-қа оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. ЖАК-қа кiрiс беретiн қызметтi жүзеге асыруға заңнамалық кесiмдермен құқық берiлген жағдайда, онда осындай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Тарау 2. 2. ЖАК-тың негiзгі мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
2. ЖАК-тың негiзгі мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
Тармақ 10
10. ЖАК-тың негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау жүйесiн дамытудың жоспарлары мен болжамдарын әзiрлеу;
Тармақша 3
3) қызметтi үйлестiру диссертациялық және сараптамалық кеңестердiң желiсiн қалыптастыру және бақылау;
Тармақша 4
4) бiрыңғай талаптарға сәйкес ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру туралы аттестациялық iстер қарауды мемлекеттiк реттеу;
Тармақша 5
5) ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларға, бағдарламаларға сараптама жүргiзуге қатысу болып табылады.
Тармақ 11
11. ЖАК өзiне жүктелген міндеттерге сәйкес және заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және аттестациялау бағыттарын айқындауға қатысады;
Тармақша 2
2) ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және аттестациялау саласындағы заңнаманың қолданылу практикасын талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлейдi;
Тармақша 3
3) өз құзыретi шегiнде заңнамалық және өзге де құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлейдi;
Тармақша 4
4) Ғылыми қызметкерлердiң мамандықтар номенклатурасын әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне (бұдан әрi - Министрлiк) бекiтуге ұсынады;
Тармақша 5
5) басқа елдердiң ұлттық мемлекеттiк аттестациялау органдары берген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтары бар азаматтардың құжаттарын нострификациялауды жүргiзудi ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) олардың меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндiрiстiк ұйымдардағы, жоғары оқу орындарындағы диссертациялық кеңестер желiсiн оңтайландыру бойынша ұсыныстар қалыптастырады және дайындайды;
Тармақша 7
7) диссертациялық кеңестердiң дербес құрамын, олар бойынша кеңестерге диссертациялар қорғауға қабылдау құқығын беретiн ғылыми мамандықтар мен салалардың тiзбесiн Министрлiкке бекiтуге ұсынады;
Тармақша 8
8) ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру туралы аттестациялық iстердi қарайды және олар бойынша қойылатын бiрыңғай талаптарға сәйкес шешiм қабылдайды, мемлекеттiң атынан дипломдар мен аттестаттарды ресiмдеу және берудi жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) кандидаттық емтихандардың бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады;
Тармақша 10
10) диссертациялық жұмыстарды, аттестациялық iстердi сараптауға ақы төлеудi жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) Министрлiкке ұсыну үшiн кандидаттық және/немесе докторлық диссертацияларды қорғау және ғылыми атақтар беру жөнiндегi диссертациялық кеңестердiң ашылуы, сондай-ақ көзделген жағдайларда олардың жабылуы туралы шешiмдер дайындайды;
Тармақша 12
12) жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және аттестациялау саласындағы ұйымдардың қызметiне талдау жасауды және мониторингтi жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау саласындағы халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
Тармақша 14
14) баспа қызметiн жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) оған заңнамада жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн ЖАК өз құзыретi шеңберiнде және заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдауға;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және аттестациялау мәселелерi бойынша ақпарат сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру мәселелерi бойынша мемлекет атынан түпкiлiктi шешiмдер қабылдауға;
Тармақша 4
4) шет елдердiң мемлекеттiк органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен шарттар жасасу туралы келiссөздер жүргiзуге және ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 5
5) жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және аттестациялау проблемаларын шешу жөнiндегi ұсыныстар дайындау үшiн отандық, соның iшiнде шетелдiк жетекшi ғалымдар мен мамандарды тартуға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 3. 3. Мүлкі
3. Мүлкі
Тармақ 13
13. ЖАК-тың жедел басқару құқығымен оқшауланған мүлкi болады.
Тармақ 14
14. ЖАК-қа бекітiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 15
15. ЖАК-тың өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде ЖАК-қа мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
Тарау 4. 4. ЖАК-тың қызметiн ұйымдастыру
4. ЖАК-тың қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 16
16. ЖАК-ты Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. ЖАК Төрағасының ұсынуы бойынша ЖАК Төрағасының Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады.
Тармақ 17
17. ЖАК-тың Төрағасы ЖАК-тың жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi, ЖАК-қа жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
Тармақ 18
18. Осы мақсатта ЖАК-тың Төрағасы:
Тармақша 1
1) өзiнiң орынбасарлары және ЖАК-тың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
Тармақша 2
2) заңнамаға сәйкес ЖАК қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгiленген тәртiппен ЖАК қызметкерлерiн көтермелеу және оларға тәртiптiк жазалар қолдану туралы шешiмдер қабылдайды;
Тармақша 4
4) бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 5
5) ЖАК-тың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда ЖАК-тың мүддесiн бiлдiредi;
Тармақша 7
7) заңнамаға сәйкес өзге да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. ЖАК-тың жанында ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау саласындағы маңызды проблемаларды талқылау үшiн оны Төраға басқаратын консультативтiк-кеңесшi орган - ЖАК-тың Төралқасы құрылады. ЖАК Төралқасының құрамына ЖАК-тың Төрағасы, оның орынбасарлары, бас ғылыми хатшы және Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi айқындайтын өзге де адамдар енедi. ЖАК-тың Төралқасы Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi бекiтетiн, ол туралы Ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.
Тарау 5. 5. Қайта ұйымдастыру және тарату
5. Қайта ұйымдастыру және тарату 20. ЖАК-ты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 63. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетiнiң құрылымы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 20 ақпандағы N 257 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетiнiң құрылымы Басшылық Жоғары бiлiктi кадрларды даярлау және құжаттарды ресiмдеу басқармасы Физика-математика, техника ғылымдары, жер және ғарыш туралы ғылымдар жөнiндегі бөлiм Медицина, ауыл шаруашылығы және ветеринарлық ғылымдар жөнiндегі бөлiм Химия және биология ғылымдары жөнiндегі бөлiм Гуманитарлық ғылымдар жөнiндегі бөлiм Бағдарламаларды, жобаларды сараптау бөлiмi Қаржы-экономикалық бөлiм Ұйымдастыру бөлiмi