Об утверждении Положения о региональной комиссии по борьбе с наркоманией и наркобизнесом Қолданыста
Басқа 0
Нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссиясының Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы "Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күрес Стратегиясы туралы" №394 Жарлығына және Қазақстан Республикасының нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі Агенттігінің "Қазақстан Республикасының нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссияның үлгі ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 29 тамыздағы алқа мәжілісінің №2 – хаттамалық шешіміне сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссияның Ережесі бекітілсін.(жалғанады).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары, аппарат басшысы Т.Каримовке жүктелсін.
Басқа 3
Облыс әкімінің 2000 жылғы
15 қараша № 647 шешіміне
қосымша
Атырау облысындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі аймақтық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Комиссия қызметінің негізгі мақсаты облыста нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күрес Стратегиясы мен Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі аумақтық комиссия –қолданыстағы заңдармен облы әкіміне берілген өкілеттіктерді пайдаланып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі мемлееттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған қызметтерін үйлестіретін Кеңесші-конультативтік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Конституцияға, қолданыстағы заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы 394, 395 – Жарлықтарымен бекітілген нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған Стратегиясына және нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі 2000-2001 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Стратегия және Мемлекеттік бағдарлама), сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссия облыс аумағында міндетті күші бар, қаралатын мәселелердің сипаты мен мазмұнына қарай, өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар береді, комиссияның хаттамасымен немесе облыс әкімінің шешімімен, өкімімен рәсімделетін ұсыныстар (рекомендациялар) әзірлейді.
Тармақ 4
4. Комиссияның материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз етілуі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Комиссия – облыс әкімінің орынбасары болып табылатын төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссия мүшелері болып лауазымына сәйкес ішкі істер министрлігінің, прокуратураның салық Министрлігінің Кеден комитетінің тиісті құрылымдарының басшылары болып табылады.
Комиссия мүшелері басқа лауазым иелері, азаматтар және қоғамдық ұйымдар өкілдері болуы мүмкін.
Тарау 2. 2. Комиссияны ұйымдастыру
2. Комиссияны ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Комиссияның сандық құрамы және оның құрылымын облыс әкімі бекітеді.
Тармақ 2
2. Комиссияның төрағасын, төрағаның орынбасарын және мүшелерін облыс әкімімен тағайындайды.
Тармақ 3
3. Комиссия өзінің құрамында өзіне бағынышты комиссияларды, кеңестерді және басқа органдарды құра алады.
Тармақ 4
4. Комиссия жұмысы алқаластық және жариялық жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Комиссия өзінің жұмысын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің қызметтерімен Ережеде көрсетілген негізгі міндеттердің мазмұнына, міндеттеріне және нашақорлықпен, есірткі бизнесіне қарсы күрес бағдарламасында көрсетілген шаралардың негізгі тізбелеріне сәйкес үйлестіріп отырады.
Тармақ 6
6. Комиссия өзінің кезекті мәжілістерін тоқсанына бір рет өткізеді. Кезектен тыс мәжілістер облыс әкімінің, комиссия төрағасының немесе комиссияның жалпы санының жартысынан көбінің бастамасымен шақырылады.
Тармақ 7
7. Комиссияның төрағасы:
Тармақша 1
1) комиссияның қызметін басқарады және қамтамасыз етеді, комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар, ұйымдардың лауазым иелері және қоғамдық бірлестіктер орындауға міндетті шешімдер қабылдайды және нұсқаулар береді;
Тармақша 2
2) комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да органдармен, қоғамдық ұйымдармен, азаматтармен қарым- қатынас жүргізеді.
Тармақша 3
3) комиссияның қызметі үшін есеп береді;
Тармақша 4
4) Агенттікке осы Ережені жетілдіру бағытында және Стратегияға, Мемлекеттік бағдарламаға, Республика заңдарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар енгізеді.
Тармақша 5
5) осы Ережеде, облыс әкімінің шешімдері мен нұсқауларында, Агенттіктің тапсырмаларында ескерілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Комиссия мүшелері:
Тармақша 1
1) комиссияның құзыретіне жататын мәселелерді қарағанда кеңесші дауыс құқығы бар;
Тармақша 2
2) комиссияның қабылдаған шешімдерімен келіспеген жағдайда, облыс әкімінің қатеріне ауызша немесе жазбаша түрде берілетін өзінің ерекше көзқарасын айтуға құқылы;
Тармақша 3
3) комиссия төрағасының тапсырмаларын орындауға міндетті;
Тармақша 4
4) Стратегины, мемлекеттік бағдарламаны, аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру барысы жөнінде комиссия төрағасының рұқсатымен мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазым иелерінен және қоғамдық бірлестіктерден тиісті мәліметтер талап етуге құқылы;
Тармақша 5
5) комиссия төрағасының тапсырмасымен Стратегияны, Мемлекеттік бағдарламаны, аумақтық бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің жиналыстары мен мәжілістеріне қатысуға құқылы.
3.Негізгі мақсаттары мен функциялары:
1.Комиссия:
Тармақша 1
1) Маслихат сессиясында бекітуге нашақорлықпен, есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық бағдарламаны әзірлейді жіне облыс әкіміне жолдайды.
Тармақша 2
2) нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі аймақтық бағдарламаның дұрыс және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар облыс аумағында жалпы мемлекеттік Стратегияда және Мемлекеттік бағдарламада көзделген шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Тармақша 3
3) облыс аумағында есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың деңгейін, құрылымын, жағдайын талдайды және есірткіге қарсы күрес саясатының, соның ішінде есірткі және психотроптық заттарды
Тарау 3. 3. Комиссия міндетті:
3. Комиссия міндетті:
Тармақша 1
1) өзі қызметін үйлестіретін мемлекеттік органдардың қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өздерінің құзыретіне кіретін функцияларын жүзеге асыру кезіндегі қызметінің дербестігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) облыс әкімі мен Маслихаттың алдына комиссияның жұмысы, облыстағы есірткіге қатысты қалыптасқан жағдай жөнінде және оны жақсарту шаралары жөнінде есеп беруге;
Тармақша 3
3) Агенттіктікке, олар белгілеген мерзімде және түрде Стратегия мен Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы және өзінің қызметі жөнінде үнемі ақпарат беруге.