Об утверждении Правил выдачи государственному инспектору служебного удостоверения, нагрудного знака, номерного штампа и пломбира Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәлігі, төс белгісі, нөмірлі мөртабаны және пломбирінің беру Қағидасын бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағы 61) тармақшасына, 37-бабының 2-тармағына, 38-бабының 3-тармағына, 39-бабының 3, 4-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшасына сәйкес, ұсынылған Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қағадалау, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәлігі, төс белгісі, нөмірлі мөртабаны және пломбирінің беру Қағидасын бекіту.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (Н.С. Құнанбаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның алдағы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді беру қағидалары
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 30 мау­сым­да­ғы № 326 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­тіл­ді Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді беру қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы. 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 1-тармағы 61) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 .жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеге» сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мертабандарды және пломбирлерді беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қызметтік куәлік, төс белгі, нөмірлі мөртабан және пломбир лауазымға тағайындалған кезде мемлекеттік инспекторға қол қоюмен беріледі.
Тармақ 3
3. Қызметтік куәлік бес жыл мерзімге беріледі.
Тармақ 4
4. Берілген қызметтік куәлік, төс белгісі, нөмірлі мөртабан және пломбир есебін жүргізу үшін құрылымдық бөлімшенің кадрлық қызметі азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабанды және пломбирді беру журналын жүргізеді.
Тармақ 5
5. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабанды және пломбирді беру журналы нөмірленген, тігілген және құрылымдық бөлімнің елтаңбалы мөрімен бекітілген болуы тиіс. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабанды және шюмбирді беру журналы формаларының үлгілері осы Қағидалардың 1-қосымшасында келтірілген.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік инспектор берілген қызметтік куәлік, төс белгісі, нөмірлі мөртабан және пломбирдің сақталуына дербес жауаптылықта болады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік инспекторды жұмыстан босатқан кезде қызметтік куәлік, төс белгісі, нөмірлі мөртабан және пломбир қайтаруға жатады. Қызметтік куәлік және нөмірлі мөртабан жою туралы акт құрғаннан кейін жоюға жатады, бұл туралы қызметтік куәліктерді және нөмірлі мөртабандарды жою актілерін тіркеу журналдарында елтаңбалы мөрмен бекітілген тиісті жазба жүргізіледі. Қызметтік куәліктерді және нөмірлі мөртабандарды жою актілерін тіркеу журналдары формаларының үлгілері осы Қағидалардың 2-қосымшасында келтірілген.
Басқа 1. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді беру журналдары формаларының үлгілері
Өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік қа­да­ға­лау,өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау, аза­мат­тық қор­ға­ныс са­лы­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік ин­спек­тор­лар­ға қыз­мет­тік ку­ә­лік­тер­ді, төс бел­гі­ле­рін, нө­мір­лі мөр­та­бан­дар­ды және плом­бир­лер­ді бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­на 1-қо­сым­ша Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді беру журналдары формаларының үлгілері
Тармақ 1
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді беру журналы № р/с Өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік қа­да­ға­лау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік ин­спек­тор­дың те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған кез­де) Бе­рі­л­ген кү­ні Қыз­мет­тік ку­ә­лік нө­мі­рі Төс бел­гі­гі­нің нө­мі­рі Нө­мір­лі мөр­та бан нө­мі­рі, таң­ба­сы Плом­бир нө­мі­рі, таң­ба сы Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған кез­де) және қо­лы ал­ған адам­ның бер­ген адам­ның қыз­мет­тік ку­ә­лік, төс бел­гі­сі, нө­мір­лі мөр­та­бан және плом­бир 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Тармақ 2
2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін беру журналы № р/с Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік ин­спек­тор­дың, аза­мат­тық қор­ға­ныс са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік ин­спек­тор­дың те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған кез­де) Бе­ріл ген кү­ні Қыз­мет­ті к ку­ә­лік нө­мі­рі Төс бел­гі­сі­нің нө­мі­рі Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған кез­де) және қо­лы ал­ған адам­ның бер­ген адам­ның қыз­мет­тік ку­ә­лік, төс бел­гі­сі 1 2 3 4 5 6 7
Басқа 2
Өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік қа­да­ға­лау, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау, аза­мат­тық қор­ға­ныс са­лы­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік ин­спек­тор­лар­ға қыз­мет­тік ку­ә­лік­тер­ді, төс бел­гі­ле­рін, нө­мір­лі мөр­та­бан­дар­ды және плом­бир­лер­ді бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­на 2-қо­сым­ша
Тармақ 1
Азаматтық қорғау саласындағы қызметтік куәліктерді, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді жою актілерін тіркеу журналдары формаларының үлгілері Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың қызметтік куәліктерін және нөмірлі мөртабандарын жою актілерін тіркеу журналы № р/с Қыз­мет­тік ку­ә­лік­тер­ді және нө­мір­лі мөр­та­бан­дар­ды жою ак­ті­сін тір­кеу кү­ні Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті, нө­мір­лі мөр­та­бан­ды және плом­бир­ді қай­та­рып бер­ген мем­ле­кет­тік ин­спек­тор­дың те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған кез­де) және қо­лы Қыз­мет­тік ку­ә­лік­тің нө­мі­рі Нө­мір­лі мөр­та­бан­ның нө­мі­рі, таң­ба­сы Қыз­мет­тік ку­ә­лік­тер­ді және нө­мір­лі мөр­та­бан­дар­ды жою бой­ын­ша ко­мис­сия мү­ше­ле­рі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған кез­де) және қо­лы 1 2 3 4 6 8
Тармақ 2
2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың қызметтік куәліктерін жою актілерін тіркеу журналы № р/с Қыз­мет­тік ку­ә­лік­тер­ді жою ак­ті­ле­рін тір­кеу кү­ні Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті қай­та­рып бер­ген мем­ле­кет­тік ин­спек­тор­дың те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған кез­де) және қо­лы Қыз­мет­тік ку­ә­лік нө­мі­рі Қыз­мет­тік ку­ә­лік­тер­ді жою бой­ын­ша ко­мис­сия мү­ше­ле­рі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған кез­де) және қо­лы 1 2 3 4 5 6 7