Об утверждении Правил списания со счетов местных бюджетов сумм непогашенного долга по бюджетным кредитам, выданным из республиканского бюджета и областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Республикалық және облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен берілген, бюджеттік несиелер бойынша өтелмеген борыштың сомаларын жергілікті бюджеттердің шоттарынан есептен шығару ережесін бекіту туралы "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес және жергiлiктi атқарушы органдарға бөлiнген несиелердi уақытылы өтеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Республикалық және облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен берiлген, бюджеттiк несиелер бойынша өтелмеген борыштың сомаларын жергiлiктi бюджеттердiң шоттарынан есептен шығару ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Республикалық және облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен берiлген, бюджеттiк несиелер бойынша өтелмеген борыштың сомаларын жергілiктi бюджеттердiң шоттарынан есептен шығару ережесi
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 46 бұйрығымен бекітілген Республикалық және облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен берiлген, бюджеттiк несиелер бойынша өтелмеген борыштың сомаларын жергілiктi бюджеттердiң шоттарынан есептен шығару ережесi
Тармақ 1
1. Осы Ереже кассалық алшақтықты жабуға республикалық және облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен берiлген бюджеттiк несиелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен, Бұрын берiлген несиелер бойынша борыштарды өтеу кестесiне (бұдан әрi Борыштарды өтеу кестесi) 2001 жылы енгiзiлген несиелер бойынша жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен жергiлiктi атқарушы органдардың борыштарын есептен шығару тәртiбiн , оларды шартта немесе Борыштарды өтеу кестесiнде белгiленген мерзiмдерде қайтармаған жағдайда реттейдi.
Тармақ 2
2. Жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттiк несиелердi өтеуi несие шартында немесе төмен тұрған бюджеттiң шығыстары мен кiрiстерiнiң тiзiмдемесiне сәйкес Борыштарды өтеу кестесiнде көрсетiлген мерзiмдерде жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Жергiлiктi бюджеттердiң шоттарынан есептен шығару несие шарты немесе Борыштарды өтеу кестесiне орай аудандық, қалалық бюджеттерден немесе облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен, оларды шартта немесе Борыштарды өтеу кестесiнде белгiленген мерзiмдерде қайтармаған жағдайда, олардың келiсiмiнсiз тиiсiнше облыстық немесе республикалық бюджеттiң шотына ақша аударуды бiлдiредi. Бұл ретте несие шарты мiндеттi түрде республикалық және облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен берiлген бюджеттiк несиелер бойынша өтелмеген борыштың сомаларын жергiлiктi бюджеттердiң шоттарынан есептен шығаруға арналған несие берушiнiң құқығын анықтайтын шартты қамтуы тиiс.
Тармақ 4
4. Республикалық бюджеттен берiлген бюджеттiк несиелердi алушы болып табылатын жергiлiктi атқарушы орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Қазынашылық комитетiнiң тиiстi аумақтық бөлiмшесiне (бұдан әрi - қазынашылық бөлiмшесi), несие шартының көшiрмесiн және жергілiктi бюджеттiң шығыстары мен кiрiстерiнiң тiзiмдемесiне тиiстi өзгерiстердi ұсынады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi (бұдан әрi - Қазынашылық комитетi) Борыштарды өтеу кестесiн өзiнiң аумақтық бөлiмшелерiне ұсынады.
Тармақ 6
6. Облыстық бюджеттен берiлген бюджеттiк несиенi алушы болып табылатын жергiлiктi атқарушы орган облыстық қаржы органына несие шартының көшiрмесiн және жергiлiктi бюджеттің кiрiстерi мен шығыстары тiзiмдемесiне тиiстi өзгерiстердi ұсынады.
Тармақ 7
7. Қазынашылықтың бөлiмшесi, жергiлiктi атқарушы орган бюджеттiк несиенi несие шартында немесе Борыштарды өтеу кестесiнде анықталған мерзiмде өтемеген жағдайда, тиiстi жергілiктi бюджеттердiң шоттарынан барлық шығыс операцияларын: республикалық бюджеттен берiлген бюджеттiк несиелер бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бұйрығы; облыстық бюджеттен берiлген бюджеттiк несиелер бойынша облыстардың жергілiктi атқарушы органдарының өкiмi негiзiнде тоқтата тұрады.
Тармақ 8
8. Жергiлiктi атқарушы орган шығыс операцияларын тоқтата тұрған сәттен бастап үш банктiк күн iшiнде бюджеттiк несие бойынша борышты өтемеген жағдайда: қазынашылықтың бөлiмшесi қаржылық рұқсат жазып бередi және республикалық бюджеттен облыстық бюджетке, Астана және Алматы қаласының бюджетiне, Бiрыңғай бюджеттiк жiктеменiң кiрiстер жiктемесінiң тиiстi кодына берiлген бюджеттiк несие бойынша өтелмеген борыштың сомаларын тиiстi жергiлiктi бюджеттiң шотынан мемориалдық ордермен есептен шығаруды жүзеге асырады; облыстық қаржы органы қаржылық рұқсат жазып бередi және облыстықтан аудандық (қалалық) бюджетке, Бiрыңғай бюджеттiк жiктеменiң кiрiстер жiктемесiнiң тиiстi кодына берiлген бюджеттiк несие бойынша өтелмеген борыштың сомаларын есептен шығару үшiн аудандық (қалалық) бюджеттiң шотына төлем тапсырмасын - талапты ұсынады.
Тармақ 9
9. Тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң шоттарынан қаражатты есептен шығару бюджеттiк алулардың бiрiншi кезектілігiн ескере отырып, оны толық өтеу сәтiне дейiн өтелмеген борыш сомасында жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Жергiлiктi қаржы органы қазынашылықтың бөлiмшесi жазып берген бюджеттiк шот бойынша үзiндi көшiрменiң және төлем тапсырмасы - талаптың көшiрмелерiнің немесе мемориалдық ордерлердiң негiзiнде тиiстi бюджеттiң атқарылуы туралы есептеуде және есепте бюджеттiк несие бойынша борыштың өтелген сомасын көрсетедi.