О размерах пенсионнных выплат для отдельных категорий получателей Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зейнетақы төлемдерiн алушылардың жекелеген санаттарына арналған зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi туралы Зейнетақы төлемдерiн алушыларды мемлекеттiк әлеуметтiк кепiлдiктермен қамтамасыз ету және олардың материалдық жағдайын жақсарту мақсатында қаулы етемiн:
Тармақ 1
1. 1998 жылғы 1 қарашадан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн толық көлемiнде алуға құқығы бар зейнетақы төлемдерiн алушыларға зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi кемiнде 3000 теңге болып, толық емес көлемiнде мөлшерi заңдарда айқындалатын тәртiппен белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi зейнетақыларының белгiленген мөлшерiн 1998 жылғы 1 желтоқсаннан бастап төлеудi қамтамасыз етсiн.