О присоединении Республики Казахстан к Международным конвенциям, принятым под эгидой Международной морской организации (ИМО), и к конвенции об ИМО Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.1994. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢIЗ ҰЙЫМЫНЫҢ (ИМО) ҚАМҚОРЫМЕН ҚАБЫЛДАНҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ЖӘНЕ ИМО ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасының теңiз кемелерiнде теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне қатысты қабылданған жалпыға бiрдей халықаралық ережелер мен нормаларды орындауды және теңiз ортасының ластануына жол бермеудi, сондай-ақ республиканың халықаралық сауда кеме қатынасын үкiметтiк реттеу жөнiндегi ынтымақтастығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мына халықаралық конвенцияларға қосылуы туралы Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын:
Тармақша а
а) Халықаралық теңiз ұйымы туралы конвенцияға, 1948 жыл;
Тармақша б
б) Жүк маркасы туралы Халықаралық конвенцияға, 1966 жыл;
Тармақша в
в) Кемелердi өлшеу жөнiндегi Халықаралық конвенцияға, 1969 жыл;
Тармақша г
г) Мұнаймен ластанудан келтiрген зияны үшiн азаматтық жауапкершiлiк туралы Халықаралық конвенцияға, 1969 жыл;
Тармақша д
д) Теңiзде кемелердiң соқтығысуынан сақтандырудың Халықаралық ережелерi туралы конвенцияға, 1972 жыл;
Тармақша е
е) 1978 жылғы Хаттамамен (МАРПОЛ 73/78) өзгертiлген, теңiздiң кемелерден ластануына жол бермеу жөнiндегi Халықаралық конвенцияға, 1973 жыл;
Тармақша ж
ж) 1978 жылғы Хаттамамен (СОЛАС 74/78) өзгертiлген Теңiзде адам өмiрiн қорғау жөнiндегi Халықаралық конвенцияға, 1974 жыл;
Тармақша з
з) Теңiзшiлердi даярлау, оларға дипломдар беру және вахта атқару туралы Халықаралық конвенцияға, 1978 жыл;
Тармақша и
и) Қауiпсiз контейнерлер жөнiндегi Халықаралық конвенцияға, 1972 жыл.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 1-тармақтың "б" - "и" тармақшаларында аталған конвенцияларға Қазақстан Республикасының қосылғаны туралы құжатты ИМО-ның Бас хатшысы және Халықаралық теңiз ұйымы туралы Конвенцияға қосылғаны жөнiндегi құжатты БҰҰ-ның Бас хатшысына жiберсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi негiзгi сыныптаушы қоғамдарға куәландыру жүргiзудi және конвенциялық құжаттар берудi тапсыру туралы шешiмдер қабылдауға қоса тиiстi халықаралық конвенцияларда көзделген куәландыру мен куәлiк беру тәртiбiн анықтасын.