О присоединении к Конвенции Всемирной Метеорологической Организации Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.1993. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бүкiлдүниежүзiлiк метеорология ұйымы конвенциясына қосылу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 18 желтоқсандағы қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi: Бүкiлдүниежүзiлiк Метеорология Ұйымы Конвенциясының 33 бабына сәйкес қосылу туралы құжаттарды белгiленген тәртiппен Америка Құрама Штаттарының Үкiметiне сақтауға тапсырсын; Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармамен бiрге Бүкiлдүниежүзiлiк Метеорология Ұйымының Бас хатшысына ресiмдiк және ұйымдық-техникалық мәселелердiң шешiлуi туралы хабарласын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарма Қазақстан Республикасының мүдделерiн көздей отырып Бүкiлдүниежүзiлiк Метеорология Ұйымының қызметiне белсене қатысып, оның алдындағы өз мiндеттерiн орындауды қамтамасыз ететiн болсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бүкiлдүниежүзiлiк Метеорология Ұйымының бюджетiне Республиканың жылдық жарналарын белгiленген тәртiппен енгiзiп отыруды қамтамасыз ететiн болсын.