Об условиях оплаты труда военнослужащих и служащих Оперативной группы Пограничных войск Республики Казахстан в Федеральной Пограничной Службе Российской Федерации Қолданыста
Басқа 0
Ресей Федерациясының Федералды Шекара қызметiндегi Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi Жедел топтарының әскери қызметшiлерi мен қызметшiлерiне еңбекақы төлеу шарттары туралы
Сыртқы шекараны қорғаудағы бiрлескен күш-жiгер туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 30 маусымдағы Шарттың ережелерiн тиiмдi жүзеге асыру мен Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi Жедел топтарының әскери қызметшiлерi мен қызметшiлерiн әлеуметтiк қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Шекара Әскерлерi Жедел топтарының әскери қызметшiлерi мен қызметшiлерiне еңбекақы төлеу Ресей Федерациясында Шекара әскерлерi үшiн белгiленген шарттарда жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 1-тармағын жүзеге асыруға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген және республиканың бюджетiнде көзделген еңбекақы төлеу және басқа шығыстар нормаларының шарттары жөнiнде айқындалған қаражат шегiнде жүргiзiлсiн.