О внесении дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам правового статуса иностранных физических и юридических лиц Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілеріне шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесi мәселелерi бойынша толықтырулар енгізу туралы
Бап 1. 1-бап. Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
1-бап. Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат):
Тармақша 1
1) 4-бап мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудiң мiндетті шарты мұндай рұқсат алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртіппен Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өзiнің төлем қабiлетiн растауы болып табылады.";
Тармақша 2
2) 9-баптың екiншi бөлiгi "сондай-ақ" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. "Халықтың көшi-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 341-құжат): 24-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өзінің төлем қабілетін растауды табыс етпеген адамдарға;". 2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.