О Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан и мерах по упорядочению их государственной регистрации Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрi және оларды мемлекеттiк тiркеудi ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бiрыңғай эталондық банкiн жасау мақсатында қаулы етемiн:
Тармақ 1
1. 1997 жылғы 1 қыркүйектен бастап, Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрi енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрiн жүргiзу Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне және оның аумақтық органдарына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, Орталық сайлау комиссиясы, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Мемлекеттiк тергеу комитетi, Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгi орталық атқарушы органдары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының өкiлдi және атқарушы органдары 1997 жылдың 1 сәуiрден бастап өздерiнiң азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын немесе ведомствоаралық сипаты бар, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы күшiне енгеннен кейiн шығарылған нормативтiк актiлерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне, оның аумақтық органдарына мемлекеттiк тiркеуге ұсынуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрi туралы ереженi бекiтсiн;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрiн қалыптастыру мен жүргiзу үшiн қажеттi қаражаттың бөлiнуiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын шығарылған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарына ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлер мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiне құқықтық сараптама жүргiзуге жәрдемдесетiн болсын.
Тармақ 6
6. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.