О схеме должностных окладов работников внешнеэкономических организаций и учреждений Республики Казахстан за границей Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының шетелдердегi сыртқы экономикалық ұйымдары мен мекемелерi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларының схемасы туралы
Қазақстан Республикасының шетелдердегi сыртқы экономикалық ұйымдары мен мекемелерi қызметкерлерiнiң еңбекке ақы төлеу жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1.
📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
N 1033 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы сауда өкiлiнiң шетел валютасымен берiлетiн лауазымдық жалақысы Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шетел валютасымен берiлетiн лауазымдық жалақысының 90 процентi деңгейiнде белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Сауда өкiлiне берiлетiн сомдық лауазымдық жалақы Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары орталық аппаратының бас басқармасы /жетекшi басқарма, бөлiм/ бастығына берiлетiн лауазымдық жалақының 50 процентi деңгейiнде
белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының шетелдердегi сыртқы экономикалық
ұйымдары мен мекемелерi қызметкерлерiнiң шетел валютасымен және соммен
берiлетiн лауазымдық жалақылары проценттiк қатынаста Қазақстан
Республикасының Сауда өкiлiне шетел валютасымен және соммен берiлетiн
лауазымдық жалақыға қарай белгiленсiн.