О запрещении экспорта противопехотных наземных мин Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаяу әскерге қарсы жер үстi миналарын экспорттауға тыйым салу туралы Бiрiккен Ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 50/70 қарарында жарияланған жаяу әскерге қарсы жер үстi миналарын экспорттауға мораторий жариялау туралы дүниежүзiлiк қоғамдастықтың бастамасын қолдау мақсатында және 1996 жылғы 18 маусымдағы "Қару-жараққа, әскери техникаға және қос мақсатта пайдаланылатын өнiмге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қайта экспорттауды және транзиттi қоса алғанда, Қазақстан Республикасынан жаяу әскерге қарсы жер үстi миналарын экспорттауға тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Мемлекеттiк кеден комитетi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) қайта экспорттауды және транзиттi қоса алғанда, жаяу әскерлерге қарсы жер үстi миналарын экспорттауға жарияланған тыйым салудың сақталуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жаяу әскерге қарсы жер үстi миналарын экспорттауға, қайта экспорттауға және транзитiне тыйым салуды енгiзгенi туралы ресми мәлiмдеме жасасын.