О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары лауазымды адамдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15 қаңтардағы N 35 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесi туралы ережедегi: 18-тармақтағы "Бас прокуратурасына" деген сөзден кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне, Мемлекеттiк тергеу комитетiне" деген сөздермен толықтырылсын; сондағы "Бас кеден басқармасы мен Салық милициясы басқармасына" деген сөздер "Кеден комитетiне, Салық милициясы басқармасына" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. 📌 Ескерту. 2-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.08.03. N 1176 қаулысымен.