Об отнесении отдельных должностей государственных служащих к категориям должностей, установленным Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, "О государственной службе" Күшін жойған
Басқа 0
"Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығымен белгiленген лауазымдар санаттарына мемлекеттiк қызметшiлердiң жекелеген лауазымдарын жатқызу туралы
Қаулы етемiн:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2730 Заң күшi бар Жарлығының 8-бабына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының мынадай санаттарына төменде аталған лауазымдар жатқызылсын:
Тармақша 1
1) жоғары санатқа - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi төрағаларының;
Тармақша 2
2) бiрiншi санатқа - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Бiрiншi көмекшiсiнiң; Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына орналастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк комиссиясының аппараты басшысының - төрағасының бiрiншi орынбасарының; Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесi мүшелерiнiң лауазымдары;
Тармақша 3
3) екiншi санатқа - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi, Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы мүшелерiнiң; Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының көмекшiлерi мен кеңесшiлерiнiң; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивi директорының; Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына орналастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк комиссиясының бөлiм меңгерушiлерiнiң лауазымдары;
Тармақша 4
4) үшiншi санатқа - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк кеңесi Хатшысының көмекшiлерi мен кеңесшiлерiнiң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жоғары экономикалық кеңес төрағасы орынбасарының; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасы әкiмдерiнiң аппараттары басшыларының; Қазақстан Республикасының Президентi Архивiнiң директоры орынбасарының; Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына орналастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк комиссиясы Төрағасының бiрiншi орынбасары кеңесшiсiнiң, бөлiм меңгерушiлерi орынбасарларының, сектор меңгерушiлерiнiң лауазымдары;
Тармақша 5
5) төртiншi санатқа - министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттердiң, Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың департаменттерi, агенттiктерi, комитеттерi, басқармалары құрамындағы бөлiмдер бастықтарының; Қазақстан Республикасы Президентiне тiкелей бағынысты және есептi мемлекеттiк органдардың бөлiм бастықтары орынбасарларының, сектор меңгерушiлерiнiң; Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына орналастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк комиссиясының бас және аға сарапшыларының, консультанттарының, сарапшыларының, аға референттерiнiң, референттерiнiң лауазымдары;
Тармақша 6
6) бесiншi санатқа - Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есептi мемлекеттiк органдардың департаменттерi, агенттiктерi, комитеттерi, басқармалары құрамындағы бөлiмдер бастықтары орынбасарларының; аға референттерiнiң, референттерiнiң, министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттердiң, сондай-ақ Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың сектор меңгерушiлерiнiң;
Тармақша 7
7) алтыншы санатқа - аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң аппараттары басшыларының; ауыл, село, поселке, селолық округтер әкiмдерiнiң; министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттердiң, сондай-ақ үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың аға мамандарының, мамандарының; аудандық, облыстық бағыныстағы қалалық, қалалардағы аудандық жергiлiктi атқарушы органдардың бөлiм бастықтарының, бөлiм бастықтары орынбасарларының; департаменттердiң, агенттiктердiң, комитеттердiң, басқармалардың сектор меңгерушiлерiнiң,
консультанттарының, аға референттерiнiң, референттерiнiң, жетекшi
және аға мамандарының лауазымдары.
📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармағына 1), 2), 3), 6), 7)-тармақшаларына өзгерiс
енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1997.07.01. N 3575
жарлығымен.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.