О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам деятельности национальных научных центров Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми орталықтарының қызметi мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 86-құжат) орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін қоса беріліп отырған өзгерістер бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми орталығы туралы Үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 31 мамырдағы N 445 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 19, 241-бап) күшi жойылған деп танылсын.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 1996 жы­л­ғы 28 жел­тоқ­сан­да­ғы N 1668 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
Тармақ 1
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.15 N 759 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Күші жойды - ҚР Үкіметінің 1999.06.15 N 760 қаулысымен.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының биотехнология жөнiндегi Ұлттық орталығының қызметiн қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 16 қарашадағы N 1140 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 527-құжат) 1-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда баяндалсын: "Қазақстан Республикасының Биотехнология жөнiндегi ұлттық орталығы (бұдан әрi - Ұлттық орталық) Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына ведомстволық бағынысты кешендi ғылыми-техникалық бiрлестiк болып табылады деп белгiленсiн".
Тармақ 4
4. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.18. N 1299 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.23. N 873 қаулысымен.