О введении визового (разрешительного) порядка въезда граждан Латвийской, Эстонской и Литовской Республик на территорию Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Латыш, Эстон және Литва Республикалары азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына келуiнiң визалық (рұқсат ету) тәртiбiн енгiзу туралы
Латыш, Эстон және Литва Республикаларының осы елдердiң аумағына Қазақстан Республикасы азаматтарының келуiне визалық режим көзделетiн шараларды қолдануына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Азаматтардың өзара сапарлары туралы екiжақты келiсiмдер жасалғанға дейiн Латыш, Эстон және Литва Республикалары азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына келуiнiң визалық (рұқсат ету) тәртiбi енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Қазақстан Республикасының шекарасында халықаралық жолаушылар қатынасы үшiн ашылған пункттерде Латыш, Эстон және Литва Республикаларының азаматтары жөнiнде паспорт-визалық бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Латыш, Эстон және Литва Республикалары азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк азаматтардың болуы ережелерiн сақтауын бақылауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Латыш, Эстон және Литва Республикаларының аумағында тұрақты тұратын және осы мемлекеттердiң азаматтығын алмаған бұрынғы КСРО азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына келуiнiң визасыз тәртiбi 1994 жылдың 1 наурызына дейiн сақталсын.
Тармақ 5
5. Латыш, Эстон және Литва Республикалары азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына келуiнiң визалық (рұқсат ету) тәртiбi осы қаулы қабылданған күннен бастап отызыншы күнi енгiзiледi деп белгiленсiн.
Тармақ 6
6. Сыртқы iстер министрлiгi Латыш, Эстон және Литва жағына осы елдердiң азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында болуының белгiленген тәртiбiн жеткiзетiн болсын.