О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп тану туралы "Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруi туралы ереженi және Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының антының мәтiнiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 қыркүйектегi N 1119 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 37, 354-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Қазақстан Республикасының Кеден комитетi жүйесi мекемелерiнiң басқарушы және оперативтiк құрамдағы адамдарына дербес атақтар беру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 4 тамыздағы N 655 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 31, 480-құжат); "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн өзгерту және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 қарашадағы N 1192 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 46, 555-құжат); "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 4 тамыздағы N 655 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 маусымдағы N 604 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 25, 260-құжат).