Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходах местного сообщества на территории Зайсанского района Күшін жойған
Басқа 0
Зайсан ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Зайсан ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Зайсан ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына
қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары
өкілдерінің санын айқындау қағидалары
Зайсан аудандық мәслихатының
2014 жылғы 18 шілдедегі № 26-4
шешімімен бекітілген
Зайсан ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына
қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары
өкілдерінің санын айқындау қағидалары
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Зайсан ауданының аумағында Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1106 қаулысына сәйкес жасалды және Зайсан ауданының аумағында ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиыны (әрі қарай – бөлек жиын) Зайсан қаласының, ауылдық округтердің аумағында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тармақ 2. 2. Бөлек жиындар өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындар өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округтің әкімі шақырады.
Зайсан ауданының әкімінің жергілікті қоғамдастық жиын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің бөлек жиынға қатысуға құқығы бар қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Бөлек жиынның қатысушылары жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы қағидаға қосымшадағы сандық құрамға сәйкес ұсынады.
Жергілікті қоғамдастың жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидасы негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиынға қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Зайсан қаласының, тиісті ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Басқа 16. Зайсан ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй
тұрғындарының өкілдері кандидатураларының саны
Зайсан ауданының аумағында
бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу және
жергілікті қоғамдастық жиынына
қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі
тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің
санын айқындау қағидасына қосымша
Зайсан ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй
тұрғындарының өкілдері кандидатураларының саны
Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының саны (адам)
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдерінің саны (адам)
30
1
30-150
1-5
150-300
5-10
300-900
10-30
900-1500
30-50