О повышении процентной ставки по вкладам населения, хранящимся в Сбербанке Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Халықтың Қазақстан Республикасының Жинақбанкiнде сақтаулы салымдары бойынша проценттiк ставкаларын арттыру туралы
Тармақ 1
1. Халықтың Қазақстан Республикасы Жинақбанкiнiң мекемелерiнде сақтаулы салымдары бойынша ставкалар 1993 жылғы 1 шiлдеден бастап, орташа 20 проценттен кем емес мөлшерде арттырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Жинақбанкi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен келiсе отырып, салымдардың сақталу мерзiмiне қарай, нақты проценттiк ставка мөлшерiн белгiлесiн және шығыстарды жабу көздерiн анықтасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Жинақбанкi республика халқына салымдар бойынша проценттiк ставканы арттыру туралы хабарласын және оны сапалы атқаруды қамтамасыз етсiн.