О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп тану туралы Қазақстан Республикасында шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге активтерiн, мiндеттемелерiн және меншiк капиталын бағалау әдiстерiн таңдап алу құқығын берген реформаланған бухгалтерлiк есеп жүйесiнiң енгiзiлуiне және экономиканың тұрақтану тенденциясының байқалуына, инфляция деңгейiнiң төмендеуiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Шаруашылық жүргiзу субъектiлерге негiзгi қорларды (қаражатты) индекстеу тәртiбi мен ережелерi туралы заңдарға сәйкес дербес шешiм қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Қазақстан Республикасында негiзгi қорларды (құрал-жабдықтарды) индекстеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 21 қазандағы N 1178 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 44, 475-құжат); "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 21 қазандағы N 1178 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 шiлдедегi N 958 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 275-құжат); "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 21 қазандағы N 1178 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 шiлдедегi N 889 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 30, 275-құжат).