О некоторых вопросах вывоза легких дистиллятов и продуктов, газойлей с территории Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағынан жеңіл дистилляттар мен өнімдерді, газойлдарды әкетудің кейбір мәселелері туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімге жеңіл дистилляттар мен өнімдердің (КО СЭҚ ТН коды 2710 11) әкетілуіне 40 000 тонна көлемінде сандық шектеу енгізілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Жеңіл дистилляттарды және өнімдерді, керосинді әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1139 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 58, 565-құжат): тақырыбындағы «Жеңіл дистилляттарды және өнімдерді, керосинді» деген сөздер «Керосинді» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтағы «және тұрмыстық пеш отынынан», «жеңіл дистилляттарды және өнімдерді (КО СЭҚ ТН 2710 11),» деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының аумағынан газойлдарды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 180 қаулысында: 2-тармақтағы «Ауғанстан Ислам Республикасына» деген сөздерден кейін «және Қырғыз Республикасына» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген әкетуге қатысты көлемде сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулыға қосымшада: «Көлемі, тонна» деген бағанда: реттік нөмірі 1-жолдағы «20 000» деген сандар «30 000» деген сандармен ауыстырылсын; «Жиыны» деген жолдағы «145 000» деген сандар «155 000» деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақ 3
3. Қырғыз Республикасына және Тәжікстан Республикасына әкету мақсатында «ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамына 40 000 тонна көлеміндегі жеңіл дистилляттар мен өнімдерге (КО СЭҚ ТН коды 2710 11) квота бөлінсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігімен келісім бойынша 40 000 тонна көлеміндегі жеңіл дистилляттар мен өнімдердің әкетілуіне лицензиялар беруді жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға сәйкес жеңіл дистилляттар мен өнімдердің әкетілуін бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығын хабардар етсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Әкетуге қатысты көлемде сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 331 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 180 қаулысымен бекітілген Әкетуге қатысты көлемде сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі КО СЭҚ ТН ко­ды Ата­уы Кө­ле­мі (тон­на­мен) Қол­да­ны­лу мер­зі­мі 2710 19 410 0 Тұр­мыстық пеш оты­нын қо­с­па­ған­да, бас­қа мақ­сат­тар­ға ар­нал­ған құ­ра­мын­да кү­кірт кө­ле­мі 0,05 мас. % ас­пай­тын га­зойл­дар 155 000 2011 жы­л­ғы 1 шіл­де­ге дей­ін 2710 19 450 0 Тұр­мыстық пеш оты­нын қо­с­па­ған­да, бас­қа мақ­сат­тар­ға ар­нал­ған құ­ра­мын­да кү­кірт кө­ле­мі 0,05 мас. % аса­тын, бі­рақ 0,2 мас. % ас­пай­тын га­зойл­дар 2710 19 490 0 Тұр­мыстық пеш оты­нын қо­с­па­ған­да, бас­қа мақ­сат­тар­ға ар­нал­ған құ­ра­мын­да кү­кірт кө­ле­мі 0,2 мас. % аса­тын га­зойл­дар