О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының аумағынан газойлдарды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 180 қаулысында: 2-тармақтағы «Ауғанстан Ислам Республикасына» деген сөздерден кейін «, Тәжікстан Республикасына» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген әкетуге қатысты көлемде сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесінде: «Көлемі (тоннамен)» деген бағандағы «155 000» деген сандар «165 000» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға қосымшада: «Көлемі, тонна» деген бағанда: реттік нөмірі 1-жолдағы «30 000» деген сандар «40 000» деген сандармен ауыстырылсын; «Жиыны:» деген жолдағы «155 000» деген сандар «165 000» деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының аумағынан жеңіл дистилляттар мен өнімдерді, газойльдарды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 331 қаулысында: 1-тармақтағы «10 000» деген сандар «40 000» деген сандармен ауыстырылсын; 3-тармақта: «Қырғыз Республикасына» деген сөздерден кейін «және Тәжікстан Республикасына» деген сөздермен толықтырылсын; «10 000» деген сандар «40 000» деген сандармен ауыстырылсын; 4-тармақтағы «10 000» деген сандар «40 000» деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.