Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей улиц для участия в сходе местного сообщества поселка Октябрьский города Лисаковска Костанайской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 39-3-бабының 6-тармағына және «Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мәслихаттың 2014 жылғы 20 ақпандағы № 209 «Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4540 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырда «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Октябрь кентінің әкімі ______________ В. Роот
Басқа 5. Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың 2014 жылғы 24 шілдедегі № 236 шешіміне қосымша Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы № Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті көшелерінің атауы Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің көшелері тұрғындары өкілдерінің саны (адам) 1. Абай көшесі 6 2. Алматы көшесі 9 3. Будённый көшесі 6 4. Горный көшесі 3 5. Горький көшесі 8 6. Жастар көшесі 3 7. Набережный көшесі 2 8. Омаров көшесі 3 9. Степной көшесі 2 10. Тобольский көшесі 6 11. Уральский көшесі 6 12. Целинный көшесі 21
Басқа 6. Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Мәслихаттың 2014 жылғы 24 шілдедегі № 236 шешімімен бекітілген Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің (бұдан әрі – Октябрь кенті) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Октябрь кенті көшелер тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Октябрь кентінің аумағындағы көшелердің тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды Октябрь кентінің әкімі шақырады. Лисаков қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Көшелер шегінде бөлек жиынды өткізуді Октябрь кентінің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті көшенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды Октябрь кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Октябрь кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Октябрь кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Лисаков қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Октябрь кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Октябрь кенті әкімінің аппаратына береді.