Об утверждении списка тяжелых форм некоторых хронических заболеваний Күшін жойған
Басқа 0
Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 68-бабының 4) тармақшасына, 69-бабының 6) тармақшасына және 75-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 8 қарашадағы
№ 1309 қаулысымен
бекітілген
Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімі
Тармақ 1
1. Жеке тұлғаның тұрақты психотикалық симптомдық және айналасындағылар үшін зардап шегушімен бірге тұру мүмкін болмайтын жеке басының айқын өзгерістері бар психикалық аурулары.
Тармақ 2
2. Қол-аяқ функцияларының және жамбас мүшелері функцияларының тұрақты ауыр бұзылуы бар орталық нерв жүйесінің органикалық және жарақаттанудан кейінгі бұзылуы.
Тармақ 3
3. Нәжіс, несеп және қынап жыланкөздері, қуық стомасы, жасанды анус.
Тармақ 4
4. Жиі ұстамасы III дәрежелі асқынған тыныс алу функциясының жетіспеушілігі бар бронх демікпесінің ауыр нысаны, үздіксіз-қайталанбалы ағым.
Тармақ 5
5. Қозғалу функциялары жоғалған тұқым қуалайтын үдемелі нервтік-бұлшықет дистрофиясының ауыр нысандары.
Тармақ 6
6. I типтегі қант диабеті, ауыр нысаны.