О ратификации Соглашения между Министерством государственных доходов Республики Казахстан и Таможенным комитетом при Правительстве Республики Таджикистан о сотрудничестве и взаимном признании таможенных документов и таможенных обеспечений Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі мен Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң арасындағы ынтымақтастық және кедендiк құжаттар мен кедендiк қамтамасыз етулерді өзара тану туралы келiсiмдi бекiту туралы Душанбеде 2000 жылғы 13 маусымда жасалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң арасындағы ынтымақтастық және кедендiк құжаттар мен кедендiк қамтамасыз етулердi өзара тану туралы келiсiм бекiтiлсiн. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі мен Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң арасындағы Ынтымақтастық және кедендiк құжаттар мен кедендiк қамтамасыз етулерді өзара тану туралы Келісім Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi және Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Кеден комитетi, Екі мемлекеттiң кеден қызметтерi арасындағы ынтымақтастықты бұдан былай да дамытуға әрi нығайтуға ұмтыла отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу кезiндегi кедендiк шарттылықтарды жеңiлдету мақсатында, мына төмендегiлер туралы келiстi:
Бап 1. 1-бап
1-бап Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң атынан осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi болып табылады. Тәжiк Тарапынан осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру жөнiндегi уәкiлеттi орган Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Кеден комитетi болып табылады. Жоғарыда аталған уәкiлеттi органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар бойынша уақтылы хабарланатын болады.
Бап 2. 2-бап
2-бап Тараптар әрбiр Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңдарының шеңберiнде кедендiк және валюталық ережелердiң сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында кеден мәселелерiнде жан-жақты ынтымақтасады және бiр-бiрiне қажетті көмек көрсетедi.
Бап 3. 3-бап
3-бап Осы Келiсiмде көзделген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Тараптар жүк және жолаушылар қатынасындағы, пошталық алмасудағы кедендiк ресiмдеудi жеделдетуге, кедендiк бақылаудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiруге, сондай-ақ көлiк құралдарының, жүктер мен жолжүгiнiң, пошталық жөнелтiлiмдердiң, валютаның, басқа да төлем құралдары мен валюталық құндылықтардың (бұдан әрi мәтiн бойынша - тауарлар) заңсыз әкелiнуiнiң, әкетiлуінiң және транзитiнiң алдын-алуға бағытталған қажеттi шараларды қабылдайтын болады.
Бап 4. 4-бап
4-бап Тараптар шекара арқылы өтетiн тауарларды Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк және валюталық ережелерiне жауап беретiн, сондай-ақ жүк, жолаушылар мен пошта қатынастарында қолданылатын тиiстi құжаттармен қамтамасыз ететiн болады.
Бап 5. 5-бап
5-бап Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнiң аумағы арқылы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына транзитпен өткiзiлетiн, сондай-ақ бiр Тарап мемлекетiнiң аумағында ресiмделген және Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы транзитпен өтетiн тауарлар олардың әкелiнуiне, әкетiлуiне және транзитiне Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарымен тыйым салынған деп санайтын негіз болған жағдайды қоспағанда кедергісiз тасымалданатын болады не Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес кеден төлемдерi мен салықтарын кепiлдiк төлеудi қамтамасыз ету сомаларын енгiзу туралы талап қолданылады.
Бап 6. 6-бап
6-бап Тараптар кедендiк құжаттарды, көлiк құралдарындағы, жүктердегі және пошталық жөнелтiлiмдердегі кеден пломбыларын, мөрлер мен мөртаңбалардың бедерлемелерiн, ресми белгiлердi өзара танитын болады. Олар, сондай-ақ, экспедиторлық және көлiктiк ұйымдардың пломбылары мен мөрлерiн, олардың көлiк құралдарындағы ресми белгiлерiн де өзара танитын болады.
Бап 7. 7-бап
7-бап Тараптар осы Келiсiмнiң 5-бабында аталған кедендiк құжаттар мен кедендiк қамтамасыз етулердің үлгiлерiмен, сондай-ақ мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы әкелiнуi, әкетiлуi немесе транзитi шектелген немесе Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарымен тыйым салынған тауарлардың тiзiмдерiн алмасады.
Бап 8. 8-бап
8-бап Тараптар өзара уағдаластық бойынша кеден құжаттарын бiр iзге түсіруге ұмтылады.
Бап 9. 9-бап
9-бап Егер бiр Тарап мемлекетiнiң аумағына екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағынан әкелiнетiн тауарлар кедендiк, валюталық, санитарлық, карантиндiк немесе малдәрiгерлiк ережелердiң және/немесе әкелу нұсқаулықтарының негiзiнде не қауiпсiздiк түсiнiгi бойынша өткiзiлуге жатпайтын болса, Тараптардың кеден органдары өз мемлекеттерiнiң аумағына осы тауарларды өткiзуден бас тартудың себептерi туралы хабарлайды.
Бап 10. 10-бап
10-бап Тараптар Қазақстан Республикасының және Тәжiкстан Республикасының азаматтары осы елдердiң аумақтары арқылы үшiншi елге өткен кезде қол жүгi мен жүктi кедендiк бақылау және шығару Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарын сақтай отырып жүргiзiледi деп келiстi. Осы мақсатта: - Қазақстан Республикасының кеден органдары Тәжiкстан Республикасы азаматтарының қол жүгi мен жүгiндегі тауарларды шығаруды Қазақстан Республикасының кеден органдары куәландырған кеден декларациялары негiзiнде жүзеге асырады. - Тәжiкстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасы азаматтарының қол жүгi мен жүгіндегі тауарларды шығаруды Тәжiкстан Республикасының кеден органдары куәландырған кеден декларациялары негiзiнде жүзеге асырады.
Бап 11. 11-бап
11-бап Тараптар кеден iсi мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер туралы ақпаратты бiр-бiрiне беретiн болады. Тараптар нормативтiк құқықтық актiлердегi, қызметтiк нұсқамалардағы және кедендiк құжаттар мен қамтамасыз етулердiң нысандарындағы өзгерiстер мен толықтырулар туралы бiр-бiрiне уақтылы хабарлайды. Тараптар жазбаша немесе ауызша нысанда кеден iсi мәселелерi жөнiнде тәжiрибе алмасуды жүйелi түрде жүзеге асыратын болады.
Бап 12. 12-бап
12-бап Кедендiк құжаттар жөнелтетiн мемлекеттiң ұлттық заңдарында көзделген тiлде, сондай-ақ қажет болған жағдайда орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалады. Тараптар арасындағы хат-хабар алмасу орыс тiлiнде жүргiзiледi.
Бап 13. 13-бап
13-бап Осы Келiсiмдi орындауға, түсiндiруге және өзгертуге байланысты барлық даулы мәселелер Тараптар арасындағы консультациялар және келiссөздер арқылы шешiледi. Осы Келiсiмге екi Тараптың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын, хаттамалар түрiнде ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Бап 14. 14-бап
14-бап Осы Келiсiмнiң ережелерi басқа да халықаралық шарттарға сәйкес Тараптар мемлекеттерi қабылдаған мiндеттемелерге ықпал етпейдi.
Бап 15. 15-бап
15-бап Осы Келiсiм бес жылдық мерзiмге жасалады және қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы Тараптар бiр-бiрiне дипломатиялық арналар бойынша соңғы жазбаша хабарлама жiберген күннен бастап күшiне енедi. Келiсiмнiң қолданысы келесi бесжылдық кезеңдерге өздiгiнен ұзартылатын болады және Тараптардың бiрi оның қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлама жіберген күннен бастап 6 ай өткенге дейін күшінде болады. Душанбе қаласында 2000 жылғы 13 маусымда қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіннің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру қажеттілігі кезінде орыс тіліндегі мәтін негізге алынады. Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Үкіметі жанындағы Кеден үшін комитеті үшін