Об утверждении Типового договора найма жилища из государственного жилищного фонда, предоставленного работникам государственных органов и организаций, подлежащих передислокации в город Акмолу Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола қаласына көшiрiлуге жататын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметкерлерiне мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйдi жалдаудың үлгi шартын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi: Қоса берiлiп отырған Ақмола қаласына көшiрiлуге жататын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметкерлерiне мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйдi жалдаудың үлгi шарты бекiтiлсiн.
Басқа 0. I. Шарттың нысанасы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 шiлдедегi № 1173 қаулысымен бекiтiлген Астана қаласына көшiрiлуге жататын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметкерлерiне мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйдi жалдаудың ҮЛГI ШАРТЫ 📌 Ескерту. Атауы және мәтiнiнде сөздер өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.11.11. № 1148 қаулысымен. Астана қаласы 199__ жылғы "___"__________ Тараптар: Жарғының немесе өзге нормативтiк құқықтық актiнiң негiзiнде iс-әрекет ететiн: Жалға берушi __________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) атынан ________________________________________________________ (лауазымы, аты, тегi, әкесiнiң аты) және бұдан әрi Жалға алушы деп аталатын қызметкер _____________ _______________________________________________________________ (аты, тегi, әкесiнiң аты, лауазымы, жұмыс орны) мыналар жөнiнде осы Шартты жасасты: I. Шарттың нысанасы
Тармақ 1
1. Жалға берушi Жалға алушы мен оның отбасы мүшелерiне мемлекеттiк тұрғын үй қорынан Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңында көзделген нормалар бойынша пайдалы алаңы ___________ шаршы метр, қосымша алаңы (берiлген жағдайда) ____________ шаршы метр (егер жоқ болса, сызықша қойылады) мына мекен-жай бойынша тұрғын үй бередi: _____________________________________________________________________(көше, бульвар, даңғыл) № ___________ үй № ___________ корпус № ___________ пәтер.
Тармақ 2
2. Қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үй, қызметтiк тұрғын үй (қажетсiзi сызылып тасталады) жалға алушы негiзiнде осы тұрғын үй берiлген мемлекеттiк қызметте немесе бюджеттiк ұйымдарда жұмыс iстеген мерзiмге берiледi.
Тармақ 3. II. Тараптардың құқықтары
3. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 101, 111-баптарында көзделген жағдайларда, Шарттың қолданылуы көрсетiлген тұрғын үй берiлген мемлекеттiк қызметтегi немесе бюджеттiк ұйымдардағы еңбек қызметi тоқтатылғаннан кейiн де жалғастырылған болып саналады. II. Тараптардың құқықтары
Тармақ 4
4. Жалға берушi:
Тармақша а
а) Жалға алушы мен берiлген тұрғын үйде тұратын оның отбасы мүшелерiнен тұрғын үй-жайларды пайдалану, тұрғын үй мен үй алдындағы аумақтарды ұстау жөнiндегi белгiленген талаптар мен ережелердi сақтауын талап етуге;
Тармақша б
б) Жалға алушыдан осы Шарттың 7-тармағының "г" тармақшасында аталған барлық төлемдердi уақтылы төлеудi талап етуге;
Тармақша в
в) осы Шарттың 7-тармағының "д" тармақшасында көрсетiлген жағдайлар болған ретте Жалға алушының, оның кәмелетке толған отбасы мүшесiнiң немесе басқа тұрғынның көзiнше тұрғын үйдiң тұрғын және қосалқы жайларының конструкциясы мен техникалық құрылғыларының жай-күйiн тексеруге, тек Жалға алушының үй-жайынан ғана жүргiзiлуi мүмкiн үйдi жөндеу немесе ортақ мүлiктi ауыстыру жұмысын жүргiзуге құқылы.
Тармақ 5
5. Жалға алушы:
Тармақша а
а) өзi алып отырған тұрғын үйге өз отбасының кәмелетке толған мүшелерiнен жазбаша келiсiм ала отырып, өзiнiң жұбайын, балаларын, ата-анасын, басқа адамдарды тұрғызуға (ата-аналарын, өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын тұрғызуы үшiн отбасының басқа мүшелерiнiң келiсiмi талап етiлмейдi);
Тармақша б
б) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген мемлекеттiк органның келiсiмiмен алып отырған тұрғын үйiн айырбастауға;
Тармақша в
в) уақытша болмаған жағдайда өзiнде және өз отбасының мүшелерiнде тұрғын үйдi пайдалану құқықтарын сақтап қалуға құқылы. Бұл ретте Жалға алушының отбасы мүшелерi осы Шарт бойынша құқықтарды жүзеге асырып, мiндеттердi орындайды.
Тармақша г
г) авариялық немесе адам денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн өзге төтенше жағдайларда Жалға берушiден тұрғын үйдiң конструкциялары мен техникалық құрылғыларының жай-күйiн жоспардан тыс тексерудi және қажет болған жағдайда оларды жөндеудi талап етуге;
Тармақша д
д) Жалға берушi 6-тармақтың "а" және "б" тармақшаларында көзделген мiндеттерiн орындамаған кезде қызмет көрсету, үйдi жөндеу мен коммуналдық қызмет көрсетулер үшiн төлемдердi қайта есептеудi талап етуге;
Тармақша е
е) қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген мемлекеттiк тұрғын үйдi немесе оның бiр бөлiгiн Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңында көзделген шарттар бойынша қайта жалға беруге;
Тармақша ж. III. Тараптардың мiндеттерi
ж) тұрғын үйдi қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiп және шарттар бойынша жекешелендiруге құқылы. III. Тараптардың мiндеттерi
Тармақ 6
6. Жалға берушi:
Тармақша а
а) Жалға алушыға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан қаланың iшiнде орналасқан, тұруға жарамды күйдегi, белгiленген техникалық, санитарлық, өртке қарсы және басқа да мiндеттi талаптарға жауап беретiн тұрмысқа жайлы тұрғын үй беруге;
Тармақша б
б) үйдi және жалға берiлген тұрғын үйдiң техникалық құрылғыларын ұстауды тұрғын үйлер мен үй алдындағы аумақтарды пайдалану мен ұстау талаптары мен ережелерiне сәйкес жүзеге асыруға;
Тармақша в
в) коммуналдық қызмет көрсетудi қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
Тармақ 7
7. Жалға алушы:
Тармақша а
а) егер осы Шарттың ерекше жағдайларында өзгеше көзделмесе, берiлген тұрғын үйдi мақсатқа сай пайдалануға;
Тармақша б
б) тұрғын үйлер мен үй алдындағы аумақтарды пайдалану мен ұстау талаптары мен ережелерiн сақтауға;
Тармақша в
в) жалға берiлген үйдiң элементтерiнiң анықталған ақаулары туралы Жалға берушiге дер кезiнде хабарлауға;
Тармақша г
г) тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн және коммуналдық қызмет көрсетулер үшiн есептi айдан кейiнгi айдың соңғы күнтiзбелiк күнiнен кешiктiрмей белгiленген мөлшерде төлем жасауға;
Тармақша д. IV. Тараптардың жауапкершiлiгi
д) алдын ала жiберiлген жазбаша құлақтандыру алған кезде тек Жалға алушының үй-жайынан ғана жүргiзiлуi мүмкiн ортақ мүлiктiң жай-күйiн тексеру, ортақ мүлiктi жөндеу немесе алмастыру қажет болса, Жалға алушы не басқа бiр тұрғын алып отырған тұрғын үйiне Жалға берушiнiң өкiлiн жiберуге мiндеттенедi. Авариялық немесе адам денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн өзге төтенше жағдайларда Жалға алушы немесе басқа бiр тұрғын алдын ала құлақтандырусыз-ақ тұрғын үйiне кiруге рұқсат беруге мiндеттi. IV. Тараптардың жауапкершiлiгi
Тармақ 8
8. Жалға берушi Жалға алушыға осы Шарттың 6-тармағында көзделген мiндеттемелердi орындамауы нәтижесiнде келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша өтейдi.
Тармақ 9. V. Шартты өзгерту мен бұзудың негiздерi
9. Жалға алушы Жалға берушiге осы Шарттың 7-тармағының "а", "б" және "д" тармақшаларында көзделген мiндеттемелердi орындамауы нәтижесiнде келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша өтейдi. V. Шартты өзгерту мен бұзудың негiздерi
Тармақ 10
10. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алу шарты Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңында көзделгеннен басқа жағдайларда тек Жалға алушының, оның кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң және Жалға берушiнiң келiсiмiмен ғана өзгертiле алады.
Тармақ 11
11. Шарт Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 101-бабының 5-тармағында көзделген негiздер бойынша жұмыстан босатылғаннан басқа жағдайларда, мемлекеттiк қызметшi немесе бюджеттiк ұйымның қызметкерi мемлекеттiк қызметтегi немесе бюджеттiк ұйымдағы өз жұмысын (негiзiнде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берiлген) тоқтатқан жағдайда бұзылады.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңында көзделген негiздер бойынша Жалға алушы мен оның отбасы мүшелерiнiң үйдi босатуы еңбек қатынастарын тоқтатқан сәттен бастап бiр айдан бұрын талап етiле алмайды.
Тармақ 13. VI.
13. Жалға алушыны басқа жағдаяттар бойынша үйден шығарудың шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi. VI. 📌 Ескерту. VI-тарау алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.11.11. № 1148 қаулысымен. VII. Қосымша шарттар
Тармақ 16
16. Осы Шартты орындау кезiнде туындаған даулар сот тәртiбiмен шешiледi.
Тармақ 17
17. Осы Шарт екi данада жасалады және Жалға берушi мен Жалға алушыда сақталады.
Тармақ 18. VIII. Ерекше шарттар
18. Тұрғын үйдi жалдағаны, тұрғын үйге қызмет көрсету мен жөндеу, коммуналдық және басқа да қызмет көрсетулер үшiн белгiленген тарифтер Жалға берушi ұсынған есепте көрсетiледi. VIII. Ерекше шарттар
Тармақ 19. IХ. Шарттың қолданылу мерзiмi
19. Жалға берушi Жалға алушының келiсiмiмен шарттық қатынастардың мынадай ерекше жағдайларын атап көрсетедi: _______________________________________________________________________________ IХ. Шарттың қолданылу мерзiмi
Тармақ 20
20. Мемлекеттiк орган немесе бюджеттiк ұйым қызметкерiнiң мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдау шартының қолданылу мерзiмi негiзiнде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берiлген еңбек қатынастарының күшiнде болу мерзiмiне сәйкес айқындалады. Жалға берушi Жалға алушы _________________________ _________________________ (қолы) (қолы) М.О.