Об утверждении образца свидетельства о предоставлении политического убежища иностранным гражданам и лицам без гражданства в Республике Казахстан и его описания Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру туралы куәлiктiң үлгiсiн бекiту және оның сипаттамасы туралы
"Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 3057 Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 326-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы
жоқ адамдарға саяси баспана беру туралы куәлiктiң үлгiсi және оның
сипаттамасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және
азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру туралы куәлiктiң
бланкiлерiн 1997 жылға арналған республикалық бюджетте осы
мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде дайындауды қамтамасыз етсiн.