Об утверждении Правил расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду) Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттiк мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Аудан әкімдігінің
2014 жылғы 30 шілдедегі
№ 264 қаулысымен бекітілген
Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік
жалдауға (жалға алуға) беру кезінде
жалдау ақысының мөлшерлемесін
есептеу қағидалары
Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің 1 шаршы метрiн пайдалану үшiн жылдық жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі 1 айлық есептік көрсеткiштi құрайды.
Тармақ 1
1. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі:
Жа = Бм *К1 *К2 *S, мұндағы:
Жа – мемлекеттік тұрғын емес қор объектісін жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Бм - базалық мөлшерлеме;
К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
К2 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
S - жалдауға алынған үй-жайдың ауданы (шаршы метр).
Объектiнің аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент:
Аумақтық аймақ
К1
Әулиекөл ауданы
1,6
Құрылыс түрiн есепке алатын коэффициент:
Құрылыс түрi
К2
Жеке тұрған
1
Қосымша салынған
1
Жартылай жертөле
0,85
Жертөле
0,70
Қоймалық
0,60
Тармақ 2
2. Құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды мүлiктiк жалдау (жалға алу) үшiн жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формула бойынша анықталады:
Жн = АТ + (БҚ*ҚМ), мұндағы:
Жн - құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды жылдық жалдау акысының мөлшерлемесі;
АТ – 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 120-бабымен анықталған амортизацияның шектелген нормаларына сәйкес амортизациондық төлемдердiң сомасы;
БҚ - баланстық құны;
ҚМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі.
Тармақ 3
3. Жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын (сағаттар бойынша) объектiнi жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі мынадай формулалар бойынша есептеледi:
аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор үшін:
Ж = S* Бм *К1*К2/ЖУ*N, мұндағы:
Ж - жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын объектінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
S - ауданы (шаршы метр);
Бм - базалық мөлшерлеме;
К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
К2 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
ЖУ – жылдық жұмыс уақытының балансы;
N - жылдық сағат саны.
құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттар үшін:
Ж=(Жн/ЖУ)*N мұндағы:
Ж – құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Жн – құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды жалдау (жалға алу) үшiн жылдық жалдау ақысы;
ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
N - жылдық сағат саны.