О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Импорттық дәрi-дәрмек және медициналық мақсаттағы жабдықтарға және химиялық реактивтерге баға белгiлеудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 мамырдағы № 480 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 21, 214-бап); "Павлодар өнеркәсiп-қаржы альянсы" салааралық өндiрiстiк-шаруашылық ассоциациясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы № 1122 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 42, 456-бап).
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы № 280 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер
Тармақ 1
1. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.19. № 331 қаулысымен.
Тармақ 2
2. "Энергия ресурстарының және өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтердiң басқа да түрлерiнiң бағасын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 1 маусымдағы № 484 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., 349-бап) 6-тармағының төртiншi абзацы алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.17. № 258 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.17. № 258 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 8-қаңтардағы № 3-ө өкiмi 2 тармағының үшiншi абзацындағы "Импорттық дәрi-дәрмек, медициналық мақсаттағы жабдықтарға және химиялық реактивтерге баға белгiлеудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 мамырдағы № 480 қаулысының 1-тармағына сәйкес қойылған баға бойынша" деген сөздер алынып тасталсын.