Об утверждении перечня специализированной сельскохозяйственной техники, по которой производители сельскохозяйственной продукции освобождаются от уплаты налога на транспортные средства Күшін жойған
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тiзбесiн бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.11.2001 № 1519 қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер
туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы
24 сәуiрдегi N 2235
Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру
мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
қаулы етедi:
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына
салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы
техникаларының тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Басқа 1. Мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының
Тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 7 шiлдедегi
N 938 қаулысына
қосымша
Мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының
Тiзбесi
Автомобиль-цистерналар (сүттасығыштар)
Мал дәрiгерлiгi қызметiнiң автомобильдерi
Автозообиологиялық лабораториялар
Автоазық тасымалдағыш
Ауыл шаруашылығына арналған автотиеуiштер
Сепкiштерге автомайқұйғыштар
Тыңайтқыш енгiзуге арналған автомашиналар
Ұшақтарға минералды тыңайтқыштарды және улы химикаттарды
автотиеуiштер
Автотұзазықжемшашқыш
Тең штабельдерiн автотасымалдауыш
Дөңгелектi тракторлар, өзi жүретiн шассилер және оңтайлы
энергетика құралдары
Өзi жүретiн дестелегiштер
Астық жинайтын комбайндар
Өзi жүретiн шөп шапқыштар
Азық жинауыш комбайндар
Маялағыштар
Пәлек жинайтын машиналар
Жиын-терiн комбайндары (тамыржемiстiлердi, картопты, томатты,
көк бұршақты және басқаларды жинауға арналған).
АН-2 С/Х әуе кемесi
📌 Ескерту. Тiзбе толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 31.01.1996
№ 129 қаулысымен.