О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1433 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын iске асыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 қаулысына: көрсетiлген қаулының 1-қосымшасына: "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi" деген жолдар алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Авторлық құқықтар жөнiндегi агенттiгi" деген жолдардан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi"; көрсетiлген қаулының 2-қосымшасына: "Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi" деген жолдағы "525" деген сан "503" деген санмен ауыстырылсын; "Энергетика, индустрия және саудаминi" деген жолдағы "235" деген сан "257" деген санмен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi, "Қазпатент" және "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1552 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi туралы ережеге: 7-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "стандарттау саласында стратегиялық жоспарлау жасау, "Қазақстан-2030" Стратегиясын жүзеге асыру үшiн қажеттi әлемдiк деңгейдегi мемлекеттiк стандарттарды жасауды үйлестiру және олардың енгiзiлуiн және қолданылуын бақылау"; 8-тармақтың он сегiзiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан-2030" Стратегиясын iске асыру үшiн қажеттi әлемдiк деңгейдегi мемлекеттiк стандарттарды жасау тапсырмаларын қалыптастырады, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың оларды енгiзуiн және қолдануын бақылайды"; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымына: "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында) деген жолдар алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 қарашадағы N 1642 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 51, 470-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi туралы ережеге: 7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "стандарттау, метрология және сертификаттау саласында мемлекеттiк саясат жүргiзу"; 8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың әлеуметтiк - экономикалық және техникалық ақпаратты халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттiк стандарттау, сертификаттау және өлшем, жiктеу және кодтау бiрлiгi, өнiмдердi штрихпен кодтау және каталогтау жұмысын үйлестiредi, ұйымдастыру және әдiстемелiк басшылық жүргiзедi, мемлекеттiк қару-жарақ кадастрын жүргiзудi қамтамасыз етедi"; көрсетiлген қаулының 1-қосымшасында: Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң құрылымы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында)".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне, "Қазақстан-2030" Стратегиясында көзделген стандарттауға, метрологияға және сертификаттауға қойылатын талаптар ескерiлген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы ереженi ұсынсын.