Об утверждении Правил внесения на депозит сумм обеспечения уплаты таможенных пошлин и налогов и их возврата и Правил предоставления отсрочки или рассрочки уплаты таможенных пошлин на импортируемое сырье и материалы, предназначенные для промышленной переработки Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кеден баждары мен салықтарын төлеуді қамтамасыз ету сомаларын депозитке енгізудің және оларды қайтарудың тәртібін және өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін арналған импортталатын шикізаттар мен материалдарға кедендік баждар төлеуді кейінге қалдырудың немесе бөліп төлеудің ережесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар: Кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету сомаларын депозитке енгiзудің және оларды қайтарудың тәртiбi; Өнеркәсiптiк қайта өңдеу үшiн арналған импортталатын шикiзаттар мен материалдарға кедендiк баждар төлеудi кейiнге қалдырудың немесе бөлiп төлеудің ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: "Кедендiк баждарды төлеу бойынша кейiнге қалдыруды немесе бөлiп төлеудi берудің тәртiбi туралы" нұсқаулықты күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің жанындағы Кеден комитетiнің 1995 жылғы 25 тамыздағы N 88 бұйрығы ; "Акцизделетiн тауарлар қатысында кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудi қамтамасыз етудің уақытша тәртiбiн күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 25 қыркүйектегi N 122 бұйрығы ; "Қазақстан Республикасы кеден органдарының кепiлдi пайдалануы туралы" ережесiн күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 31 қазандағы N 95 бұйрығы .
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Құқық департаментi (А. Базарбаева) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Баспасөз қызметi (С. Мұқашев) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнің Төрағасы М. Нүкеновке жүктелсiн.
Тармақ 6. Кеден баждары мен салықтарын төлеуді қамтамасыз ету сомаларын депозитке енгізудің және оларды қайтарудың тәртібі
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi. Келісілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрі министрінің 2001 жылғы "16" ақпан Бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс 2001 жылғы "16" ақпандағы N 166 бұйрығымен Кеден баждары мен салықтарын төлеуді қамтамасыз ету сомаларын депозитке енгізудің және оларды қайтарудың тәртібі
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) 138-бабына сәйкес кеден баждарын және (немесе) салықтарын қамтамасыз ету нысандарының бiрi Қазақстан Республикасы кеден органдарының депозитiне тиесiлi сомаларды енгiзу (бұдан әрi - депозит) болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы Тәртiпте мынадай түсiнiктер пайдаланылады: iшкi кеден органы - қызмет ету аймағында кедендiк ресiмдеудi жүргiзудің орны мен уақыты туралы Нұсқаулыққа сәйкес алушының (жөнелтушiнің) тауарына кедендiк ресiмдеу жүргiзiлуi тиiс Қазақстан Республикасының кеден органы; жөнелтушi кеден органы - қызмет ету аймағында Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды нақты әкелу жүргiзiлетiн өткiзу пунктi орналасқан Қазақстан Республикасының кеден органы; жiберiлген кеден органы - қызмет ету аймағында Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды нақты әкету жүргiзiлетiн өткiзу пунктi орналасқан Қазақстан Республикасының кеден органы; жеткiзiлетiн тауарлар - оларды iшкi кеден органына жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлар, не оларды жiберiлген кеден органына жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкету үшiн арналған тауарлар; транзиттiк тауарлар - Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы тауарлардың транзитi кедендiк режимiне сәйкес тасымалданатын тауарлар.
Тармақ 3
3. Кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде депозитке сомаларды енгiзу тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден iсi туралы заңның 165-бабына сәйкес және жекелеген кеден режимдерiнің шеңберiнде жеткiзу кезiнде қолданылады. Кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде депозитке сомаларды енгiзу мынадай кеден режимдерiнде қолданылады:
Тармақша 1
1) Кеден iсi туралы заңның 35-бабына сәйкес тауарлардың транзитi;
Тармақша 2
2) Кеден iсi туралы заңның 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында тауарларды қайта өңдеу;
Тармақша 3
3) Кеден iсi туралы заңның 85-бабына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу;
Тармақша 4
4) Кеден iсi туралы заңның 99-бабына сәйкес акцизделетiн тауарлардың керi экспорты;
Тармақша 5
5) тауарлардың экспорты. Сомаларды депозитке енгiзу Кеден iсi туралы заңның 96-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк аумағының шегiнен шығармау кезiнде төлеуге жататын салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретiнде қолданылады. Кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде сомаларды енгiзу Кеден iсi туралы заңда және осы Тәртiпте қарастырылған тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2. Кеден органының депозитiне ақшаларды енгiзудiң тәртiбi
2. Кеден органының депозитiне ақшаларды енгiзудiң тәртiбi
Тармақ 4
4. Тауарлар транзитi кеден режимiнен басқа, жеткiзiлетiн тауарларға және осы Тәртiптің 3-тармағында көрсетiлген кеден режимдерiнде ресiмделген тауарларға қатысты кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде ақшаларды енгiзу iшкi кеден органының депозитiне жүргiзiледi. Транзиттiк тауарларға қатысты кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде ақшаларды енгiзу, егер өзгелер Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінің Кеден комитетiмен рұқсат етiлмеген болса, жөнелтушi кеден органының депозитiне жүргiзiледi. Егер кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде ақшалар кеден органының кассасына Қазақстан Республикасының резидентi емес адамнан нақты ақшалай енгiзiлген жағдайда, берiлген ақшалар сомасы үш банктiк күннен кешiктiрiлмей осы кеден органының депозитiне аударылуға тиiстi. Бұл ретте ақшаларды депозитке аудару кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету үшiн ақша енгiзген адам есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 5
5. Кеден органдарының валюталық шоты болмаған жағдайда кеден баждары мен (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде депозитке ақшаларды енгiзу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізiледi.
Тармақ 6
6. Кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету үшiн қажеттi сомалардың көлемi, төлеуге тиесiлi кедендiк баждардың және (немесе) салықтардың сомасынан кем болмауы тиiс: егер тауарлар, тауарларды еркiн айналысқа шығарған кезде тауарлардың транзитi кедендiк режимiне сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк аумағы арқылы оларды тасымалдау үшiн әкелген жағдайда, не егер тауарлар, экспорт кезiнде шет мемлекеттің аумағы арқылы тауарлардың транзитi кедендiк режимiне сәйкес оларды тасымалдау үшiн әкетiлген жағдайда; тауарларды еркiн айналысқа шығару кезiнде, тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында қайта өңдеу кедендiк режимiне сәйкес әкелiнген тауарлар үшiн; экспорттау кезiнде, тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу кедендiк режимiне сәйкес әкетiлетiн тауарлар үшін; тауарларды еркiн айналысқа шығару кезiнде, тауарлардың керi экспорты кедендiк режимiмен орналастырылатын акцизделетiн тауарлар үшiн; тауарларды еркiн айналысқа шығару кезiнде не экспорт кезiнде, жеткiзiлетiн тауарлар үшiн тауарларды әкету кезiнде.
Тармақ 7
7. Жеткiзiлетiн акцизделетiн тауарлар қатысында депозитке ақшаларды енгiзу iшкi кеден органының уақытша кеден декларациясын қабылдауына дейiн немесе қабылдау сәтiнде жүргiзiледi. Егер IТҚ-да (iшкi транзит құжаты) көрсетiлген қамтамасыз ету сомасы, аталған сомалар арасындағы айырма қамтамасыз ету сомалары есептелген шетел валютасы бағамының өзгеруiнiң нәтижесiнде пайда болған жағдайдан басқа да, iшкi кеден органының депозитiне нақты енгiзiлген сомадан асқан жағдайда, iшкi кеден органының депозитiне жетпейтiн сомаларды нақты енгiзуге дейiн тауарлар iшкi кеден органына бағыттауға жатпайды. Осы Тәртiптің 3-тармағында көрсетiлген кеден режимдерiнің шегiнде тасымалданатын тауарларға қатысты депозитке ақша енгiзу кеден декларациясын қабылдауға дейiн немесе тапсырылған күнi жүргiзiледi.
Тармақ 8
8. Кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде депозитке енгiзiлген ақша өзге төлемдер бойынша есепке алуға жатпайды. Әр түрлi кеден органдарында ресiмделетiн тауарлар бойынша төлемдi қамтамасыз ету жеке төлем қағаздарымен енгiзiледi.
Тармақ 9
9. Депозитке ақшаны аударуға төлем құжатының "Төлемдi тағайындау" бағанында: "кеден баждары мен (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету" ____________________________________________________________________ (кеден режимiн немесе жеткiзу рәсiмiн көрсету) қатысты саны________________________________________________________ 200 жылғы "____"___________________________________өзара шарт/тары/ бойынша ______________________________________________кеденнің/кеден басқармасының ____________________________________________________ өткiзу пунктi арқылы N____________________________шот-фактурасы/лар/ бойынша" көрсетiлуi тиiс. Егер ақша кеден органының депозитiне үшiншi тұлғамен енгiзiлетiн болса, онда осы бағанда қандай тұлғаның мүддесiне ақша енгiзiлетiнi қосымша көрсетiлуi тиiс.
Тармақ 3. 3. Кеден органының депозитiне енгізiлген ақшаларға қожалық ету
3. Кеден органының депозитiне енгізiлген ақшаларға қожалық ету
Тармақ 10
10. Кеден органының депозитiне нақты ақша енгiзген төлеушi немесе тұлға, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге транзиттiк тауарларды нақты әкеткенге дейiн не жеткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу аяқталғанға дейiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына тауарларды әкелуден бас тартқан жағдайдан басқа, осы Тәртiптің 3-тармағында көрсетiлген кедендiк режимдерде ресiмделетiн тауарларға қожалық етуге құқысыз.
Тармақ 11
11. Ішкi кеден органына жеткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде енгiзiлген ақша көрсетiлген кеден режимiне сәйкес кедендiк төлемдерге және (немесе) салықтарға айналдыруға жатады. Бұл ретте iшкi кеден органына төлеушiнің осы ақшаны кеден төлемдерінің және (немесе) салықтарының осы Тәртiпке 1-қосымшамен келiсiлген сәйкесiнше түрлерiне айналдыру туралы жазбаша өтiнiшi тапсырылады. Өтiнiш болмаған жағдайда, тауарлар таңдап алынған кеден режимiне сәйкес тек жүктiк кедендiк декларациясы (бұдан әрi - ЖКД) бойынша төлеуге жататын барлық кедендiк төлемдер мен салықтарды кеден органының депозитiне не Кеден iсi туралы заңның 136-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен бiрлескен айқындалған тәртiпте (бұдан әрi - Тәртiп) мемлекеттiк бюджетке енгiзiлгеннен кейiн ғана шығарылуы мүмкiн. Бұл ретте кеден баждары мен (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде енгiзiлген ақша сомаларын төлеушiге не оның жазбаша өтiнiшi бойынша осы ақшаларды нақты енгiзген адамға қайтару тек ЖКД бойынша төлеуге жататын кедендiк төлемдер мен салықтарды iшкi кеден органының депозитiне не мемлекеттiк бюджетке Тәртiпке сәйкес енгiзгеннен кейiн ғана жүргiзiледi.
Тармақ 12
12. Егер кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде iшкi кеден органының депозитiне енгiзiлген сома ЖКД бойынша есептелген сомадан кем болған жағдайда, кеден төлемдерiнiң және (немесе) салықтарының жетпейтiн сомалары iшкi кеден органының депозитiне не мемлекеттiк бюджетке Тәртiпке сәйкес ЖКД-сын қабылдағанға дейiн немесе қабылдауымен бiр уақытта төленедi. Кеден төлемдерінің және (немесе) салықтарының жетiспейтiн сомаларын төлемеген кезде жеткiзiлген тауарлар шығаруға жатпайды. Егер транзиттiк тауарлар қатысында кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде жөнелтушi кеден органының депозитiне енгiзiлген сома, төлеуге жататын сомадан кем болған жағдайда, егер тауарлар еркiн айналыс үшiн шығарылған болса, онда транзиттiк тауарлар жiберiлген кеден органына жөнелтуге жатпайды.
Тармақ 13
13. Егер кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде депозитке енгiзiлген сома ЖКД-сы бойынша есептелген сомадан артық болған жағдайда, iшкi кеден органы төлеушiнiң, нысаны осы Тәртiпке 2-қосымшада келтiрiлген жазбаша өтiнiшi бойынша, артық енгiзiлген ақшаны белгiленген тәртіппен төлеушiнің шотына немесе оның жазбаша өтiнiшi бойынша осы ақшаларды нақты енгiзген адамның шотына қайтаруды жүргiзедi не болашақ қамтамасыз етудің немесе болашақ кеден төлемдерi мен салықтарының шотына есептеудi жүргiзедi.
Тармақ 14
14. Жiберiлген кеден органына көрсетiлген мерзiмде транзиттiк тауарлар жеткiзiлген кезде, аталған тауарларға қатысты кедендік баждар мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретiнде жөнелтушi кеден органының депозитiне енгiзiлген сомаларды қайтару жөнелтушi кеден органымен осы соманы енгiзген адамның, нысаны осы Тәртiпке 3-қосымшада келтiрiлген жазбаша өтiнiшi бойынша жүргiзiледi. Бұл ретте транзиттiк тауарлар бойынша кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде кеден органының кассасына нақты ақшалай Қазақстан Республикасының резидентi емес - заңды және жеке тұлғалармен енгiзiлген және оның депозитiне аударылған ақшалар сомасын қайтару, жөнелтушi кеден органымен Қазақстан Республикасының резидентi емес адамның, нысаны осы Тәртiпке 4-қосымшада келтiрiлген жазбаша өтiнiшi бойынша тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағымен, одан тысқары жерде ашылуы мүмкiн шотына жүргiзiледi. Кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеуді қамтамасыз ету сомасын қайтару үшiн ақшаларды аудару бойынша банктiк операцияларды жүргiзу ақшаны алушының есебiнен жүргiзiледi. Транзиттiк тауарларға қатысты кеден баждары мен төлемдерiн төлеудi қамтамасыз ету ретiнде жөнелтушi кеден органының депозитiне енгiзiлген сомалар, өтiнiш болмаған жағдайда, он бес күнтiзбелiк күн iшiнде мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне аударылады.
Тармақ 15
15. Тауарларды iшкi кеден органына жеткiзбеген не тауарлардың транзитi, тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу, экспорт кеден режимдерiнде тасымалданатын тауарларды Кеден iсi туралы заңда белгiленген мерзiмде жiберiлген кеден органына жеткiзбеген жағдайда, кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде енгiзiлген сома он бес күнтiзбелiк күн iшiнде мемлекеттiк бюджеттің кiрiсiне аударылады. Керi экспорт кедендiк режимiнде орналастырылған акцизделетiн тауарлардың әкелiнген күнiнен екi ай iшiнде Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге шығарылмауы жағдайында кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде енгiзiлген сома он бес күнтiзбелiк күн ішінде мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне аударылады. Бұл ретте декларантпен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, керi экспортталатын тауарларды шығарудың Кеден iсi туралы заңмен белгiленген мерзiмi аяқталған күнiне қолданылған қайта қаржыландырудың 1,5 есе ресми ставкасы мөлшерiндегi өсу ақысы төленуi тиiс. Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне аударылған ақшаны қайтару мынадай: жiберiлген кеден органының тауарлардың транзитi кедендiк режимiне сәйкес ресiмделген тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан iс-жүзiнде әкетiлгендiгiн не транзиттiк тауарлардың аварияның немесе жеңуге келмейтiн күштер әрекетiнің салдарынан жойылуын немесе қайтарымсыз жоғалуын куәландыруы, сондай-ақ органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңсыз iс-әрекетiнің салдарынан олардың иелiктен шығарылуы фактiлерiн тиiстi құжаттармен куәландыруы; отандық тауарлардың қайта өңдеу өнiмдерiн оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына еркiн айналысқа шығару үшiн не қайта өңдеу өнiмдерінің аварияның немесе жеңуге келмейтiн күштер әрекетiнің салдарынан жойылуын немесе қайтарымсыз жоғалуын Қазақстан Республикасының шетелдегi консулдық мекемелерiнің куәландыруы не Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша шетелдiк органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының заңсыз iс-әрекетiнiң салдарынан иелiктен шығарылуы фактiлерiн тиiстi құжаттармен куәландыруы; шетел тауарларының қайта өңдеу өнiмдерінің экспорты; акцизделетiн тауарлардың керi экспорты; әкелiнген тауарлардың iшкi кеден органына жеткiзiлуi не жiберiлетiн кеден органына әкету үшiн арналған тауарлардың жеткiзiлуi сәйкесiнше кеден органының депозитiне тиесілі соманы енгiзген күннен бастап бес жылдан кешiктiрмей жүргiзiледi. Бұл ретте ақшаларды қайтару кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз етудің сомасын депозитке енгiзген адамның, айыппұлдарды төлеген соң, сондай-ақ жеткiзiлетiн тауарларға, тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында қайта өңдеу, тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу кеден режимдерiнде тасымалданатын тауарларға қатысты ЖКД-сы бойынша төлеуге жататын барлық кедендiк төлемдерiн және (немесе) салықтарын Тәртiпке сәйкес iшкi кеден органы депозитiне немесе мемлекеттiк бюджетке енгiзгеннен кейiн, жазбаша өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Егер тұлға кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде ақша енгiзiлген тауарлар қатысында, оларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелуден не тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлердi қайта өңдеуден немесе тауарлардың экспортынан бас тартқан жағдайда, iшкi кеден органы төлеушінің нысаны осы Тәртiпке 5-қосымшада келтiрiлген жазбаша өтiнiшi бойынша көрсетiлген ақшаларды төлеушінің не оның жазбаша өтiнiшi бойынша осы ақшаларды нақты енгiзген адамның шотына, не болашақ кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеуді қамтамасыз ету шотына қайтаруды жүргізеді.
Тармақ 17. Өтiнiш
17. Қамтамасыз ету сомаларын депозитте сақтау уақыты үшін пайыздар есептелмейді. Көрсетілген сомаларды индекстеу жүргізілмейді. Кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету сомаларын депозитке енгiзудiң және оларды қайтарудың тәртiбiне 1-қосымша ______________________________ ______________________________ (бас) кеден басқармасының (кеденiнің) бастығы Өтiнiш _________________________________________________________________ (ұйымның толық атауы, КҰЖЖ* коды, мекен-жайы) 200__ жылғы "____"_____________________________ N _________________ ЖКД-сы бойынша ресiмделген тауарларға қатысты кедендiк баждарды және (немесе) салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретiнде 200__ жылғы "__" ______________ N _____________төлем құжатымен ___________________________________________________________________ (кеден органының атауы) __________________________________________(бас) кеден басқармасының (кеденінің) шотына енгiзiлген ақшаны айналымға салуыңызды сұрайды: - Барлығы                - _____________________ /сомасы/, оның iшiнде: - импорттық кеден бажы    - ___________________ /сомасы/; - акциз                   - ____________________ /сомасы/; - қосылған құнға салынған - ____________________ /сомасы/. салық Ұйымның басшысы _______________(аты-жөнi) (қолы) Бас бухгалтер__________________(аты-жөнi) (қолы) "___"___________ 200__ ж. * КҰЖЖ - кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы жiктеушiсi Кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету сомаларын депозитке енгiзудің және оларды қайтарудың тәртiбiне 2-қосымша ___________________________ (бас) кеден басқармасының ___________________________ (кеденiнің) бастығы Өтiнiш _________________________________________________________________ (кеден органының атауы) (бас) кеден басқармасында (кеденiнде) ресiмделген 200__ жылғы "__" _________________ N ____________ЖКД бойынша 200___ жылғы "___"________________N ________________төлем құжаты бойынша кедендiк баждар мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретiнде кеден органының шотына енгiзiлген ақшаның бiр бөлiгiн мынадай кеден баждарына және (немесе) салықтарға: - барлығы                     - __________________________ /сомасы/, оның iшiнде: - импорттық кеден бажы        - __________________________ /сомасы/; - акциз                       - __________________________ /сомасы/; - ҚҚСС                        - __________________________ /сомасы/ қаратылуына байланысты _____________________________________________ ____________________________________________________________________ (ұйымның толық атауы, КҰЖЖ* коды, мекен-жайы) ____________________________________________________________________ (сомасы жазбаша) _________________________________мөлшерiнде артық енгiзiлген ақшаны _____________________________________________________банктегi (банктің атауы, БИК**) N___________________шотқа қайтаруды/ _________________________шотқа (керексiзiн сызып тастаңыз) есептеудi жүргiзудi сұрайды. Ұйымның басшысы _______________(аты-жөнi) (қолы) М.О. Бас бухгалтер__________________(аты-жөнi) (қолы) "__" _______________200__ ж. * КҰЖЖ - кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жiктеушiсi. ** БИК - банктiк идентификациялық код. Кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету сомаларын депозитке енгiзудің және оларды қайтарудың тәртiбiне 3-қосымша ________________________ ________________________ (бас) кеден басқармасының (кеденiнің) бастығы Өтiнiш _________________________________________________________________ (ұйымның толық атауы, КҰЖЖ* коды, мекен-жайы) __________________________________________________________________ ________________________________________________________байланысты (қайтарудың себебiн көрсету) ресiмделген 200__жылғы "____"____________ N ______________транзиттік декларация бойынша кедендiк баждарды және (немесе) салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретiнде кеден органының N __________________ (кеден органы шотының нөмiрi) ______________________________________________________________шотына (банктiң атауы, БИК**) 200__жылғы "___" _______________N ___ төлем құжатымен енгiзiлген _______________________________________________________мөлшерiндегi (сомасы жазбаша) ақшаны_____________________________________________________________ (ұйымның банктiк деректемелерi) қайтаруды сұрайды. Ұйымның басшысы _____________(аты-жөнi) (қолы) М.О.               Бас бухгалтер _____________(аты-жөнi) (қолы) "___"_____________200__ ж. * КҰЖЖ - кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы жiктеушiсi. ** БИК - банктiк идентификациялық код. Кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету сомаларын депозитке енгiзудің және оларды қайтарудың тәртiбiне 4-қосымша ________________________ (бас) кеден басқармасының ________________________ (кеденiнің) бастығы Өтiнiш _________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының резидентi емес ұйымның/жеке _________________________________________________________________ тұлғаның толық атауы, мекен-жайы) ________________________________________________________байланысты (қайтарудың себебiн көрсету) транзиттік режимде ресімделген 200 __жылғы "___"__________________ N____ декларация бойынша кедендік баждары мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретінде 200__ жылғы "___" _________________ N ____кіріс кассалық  ордері бойынша есептелген _________________________________________________ мөлшеріндегі (сомасы жазбаша) ақшаны __________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының резиденті емес ұйымның/жеке __________________________________________________________________ тұлғаның банктік деректемелері) қайтаруды сұрайды. Ақшаны аударудың тәртібімен таныстым. Ұйымның/жеке тұлғаның өкілі________________________(аты-жөні) (қолы)                              М.О. "___"_____________200__ж. Кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету сомаларын депозитке енгiзудің және оларды қайтарудың тәртiбiне 5-қосымша ________________________ ________________________ (бас) кеден басқармасының (кеденiнің) бастығы Өтiнiш ____________________________________________________________________ (ұйымның толық атауы, КҰЖЖ* коды, мекен-жайы) __________________________________________________________байланысты (қайтарудың/есептеудiң себебiн көрсету) 200__ жылғы "___"_______________N ________төлем құжатымен тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында қайта өңдеу режимiмен, тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс жерлерде қайта өңдеу режимiмен, экспорт режимiмен немесе керi экспорт режимiмен (керексiзiн сызып тастаңыз) ресiмделген 200__ жылғы "___" ____________N__________________ уақытша (транзиттiк) декларация бойынша кедендiк баждарды және (немесе) салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретiнде кеден органының N _______________________________________________________________ (кеден органы шотының нөмiрi) _________________________________________________________________ (банктің атауы, БИК**) шотына енгiзiлген________________________________________________ (сомасы жазбаша) мөлшерiндегi ақшаны_______________________________________________ (ұйымның банктiк деректемелерi) __________________________________________________________________ қайтаруды/алдағы кедендiк баждардың және (немесе) салықтардың есебiне есептеудi (керексiзiн сызып тастаңыз) жүргiзудi сұрайды. М.О.             Ұйымның басшысы__________________(аты-жөнi) (қолы) Бас бухгалтер _________________(аты-жөнi) (қолы) "___"__________200__ ж. *КҰЖЖ - кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы жiктеушiсi. ** БИК - банктiк идентификациялық код. Келісілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрі министрінің 2001 жылғы 16 ақпан Бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс 2001 жылғы 16 ақпандағы N 166 бұйрығымен Өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін арналған импортталатын шикізаттар мен материалдарға кедендік баждар төлеуді кейінге қалдырудың немесе бөліп төлеудің ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы"  Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына импортталатын шикiзаттар мен материалдарды кедендiк ресiмдеу кезiнде кедендiк баждарды төлеудi кейiнге қалдырудың немесе бөлiп төлеудің тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын өнеркәсiптiк қайта өңдеу үшiн арналған шикiзаттарға және (немесе) материалдарға кедендiк баж төлеудi кейiнге қалдыруды немесе бөлiп төлеудi (бұдан әрi - кедендiк баж төлеудi кейiнге қалдыру (бөлiп төлеу) Кеден iсi туралы заңның 137-бабына сәйкес жүктiк кедендiк декларация (бұдан әрi - ЖКД) қабылданған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзiмде Қазақстан Республикасының кеден органдары бередi. Шикiзаттар мен материалдарды өнеркәсiптiк қайта өңдеу ретiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы экономикалық қызметiнiң тауарлық номенклатурасы (бұдан әрi - ТМД СЭҚ ТН) бойынша жiктеу коды бастапқы төрт белгiнiң кез-келгенiнің деңгейiндегi пайдаланылған шикiзаттардан және (немесе) материалдардан ерекшеленетiн өнiмдi (тауарды) алу үшiн оларды өндiрiсте пайдалану ұғылады. Бұл ретте: қарапайым құрастыру операциялары (шегендеу, дәнекерлеу, желiмдеу, құрастыру және с.с.); қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарының азық-түлiк тағамдарын қайта өңдеуi; тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау (партияларды ұсақтау, жөнелтiлiмдердi қалыптастыру, сорттау, орау, қайта орау) жөнiндегi операциялар; тауарларды (компоненттердi) алынған өнiмге оны ТМД СЭҚ ТН коды бойынша кез-келген бастапқы төрт белгінің деңгейiндегi бастапқы құраушыдан ерекшелендiрілетiн сипаттама берместен араластыру өндiрiстiк қайта өңдеуге жатпайды.
Тармақ 3
3. Кедендiк баж төлеудi кейiнге қалдыру (бөлiп төлеу) импорттаушының (бұдан әрi - төлеушiнің) Қазақстан Республикасының әкелiнетiн шикiзаттар мен материалдарды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органына жазбаша өтiнішінің негiзiнде берiледi. Бұл ретте өтiнiште кедендiк баж төлеудi және кедендiк баж төлеудi кейiнге қалдыру (бөлiп төлеу) берiлгенi үшiн пайыздар төлеудi қамтамасыз ететiндiгi туралы мәлiметтер болуы тиiс. Төлеушi өтiнiшпен бiрге мынадай құжаттардың: статистикалық тiркеу кәртішкесінің; заңды тұлғаның жарғысының; заңды тұлғаның бiрiншi басшысы және заңды тұлғаның бас бухгалтерi куәландырған әкелiнетiн тауарларды шикiзат пен материалдар ретiнде пайдалану арқылы өндiрiстiң (өндiрiстiң фрагментiнің) технологиялық схемасының нотариалдық расталған көшiрмелерiн ұсынады. Төлеушi осы тармақта аталған құжаттардан басқа, өзiнде импортталатын шикiзаттарды және (немесе) материалдарды өнеркәсiптiк қайта өңдеуге арналған тиiстi өндiрiстiк алаңдар мен техникалық жағдайлардың бар екендiгi туралы заңды тұлғаның бiрiншi басшысы қол қойған құжатты ұсынады.
Тармақ 4
4. Кедендiк баж төлеудi кейiнге қалдыруды (бөлiп төлеудi) беру туралы шешiм (бұдан әрi - Шешiм) не оны беруден бас тарту төлеушiнің өтiнiшi алынған күннен бастап үш күннен кешiктiрiлмей қабылданады. Шешiм жазбаша нысанда екi данада жасалады және Қазақстан Республикасының тиiстi кеден органының бiрiншi басшысымен қол қойылады. Шешiмнің бiрiншi данасы кедендiк баж төлеудi кейiнге қалдыруды (бөлiп төлеудi) берген Қазақстан Республикасы кеден органының iс-қағазында қалады. Екiншi данасы Қазақстан Республикасының кеден органы Шешiм қабылдаған күннен кейiнгi күннiң аяқталуынан кешiктiрiлмей кедендiк баж төлеудi кейiнге қалдыруды (бөлiп төлеудi) алған төлеушiге жолданады. Шешiм мынадай мәлiметтердi: кедендiк бажды төлеу жөнiнде кейiнге қалдырулар (бөлiп төлеулер) берудiң мерзiмiн; төлеушiнің өтiнiшiнде көрсетiлген кедендiк баждарды төлеудi қамтамасыз етудің тәсiлiн; келiсiм-шарттың күнiн, нөмiрiн және төлеушi келiсiм-шарт жасасқан фирманың атауын; оған қатысты кедендiк баж төлеудi кейiнге қалдыру (бөлiп төлеу) берiлетiн тауардың атауы мен көлемiн қамтуы тиiс. Шешiмге тiркеу нөмiрi берiледi.
Тармақ 5
5. Кедендiк баж төлеудi кейiнге қалдыруды (бөлiп төлеудi) алған төлеушi туралы мәлiметтер осы Ережеге 1-қосымшада келтiрiлген нысан бойынша кедендiк баж төлеудi кейiнге қалдырудың (бөлiп төлеудің) берiлуiн тiркеу журналына енгiзiледi.
Тармақ 6
6. Кейiнге қалдыруларды (бөліп төлеулердi) беруден бастарту туралы шешiм мұндай бастартудың себептерiн қамтуы тиiс. Бастарту туралы шешiм жазбаша нысанда екi данада ресiмделедi және Қазақстан Республикасының тиiстi кеден органының басшысы қол қояды. Бастарту туралы шешiмнің бiрiншi данасы Қазақстан Республикасының кеден органы бастарту туралы шешiмдi қабылдаған күннен кейiнгi күннiң аяқталуынан кешiктiрiлмей төлеушiге жолданады, ал екiншi данасы Қазақстан Республикасы кеден органының iс-қағазына тiгiледi.
Тармақ 7
7. Кедендiк төлемдердi төлеу жөнiнде берешегi бар не кедендiк төлемдердi төлеуден жалтарушы тұлғаларға кедендiк баж төлеудi кейiнге қалдыру (бөлiп төлеу) берiлмейдi.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнің рұқсатымен: акцизделетiн топқа жатқызылған; олар бойынша төлеуге жататын кедендiк баждардың сомасы теңгемен алғанда 10 мың АҚШ долларына баламды сомадан асатын шикiзаттар мен материалдарға қатысты кеден баждарын төлеудi кейiнге қалдыру (бөлiп төлеу) берiледi.
Тармақ 9
9. Кедендiк баж төлеудi кейiнге қалдыруларды (бөлiп төлеулердi) беру кезiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кедендiк бажды төлеу күнi қолданылған қайта қаржыландыру ресми ставкасы (бұдан әрi - қайта қаржыландырудың ставкасы) бойынша пайыздар алынады.
Тармақ 10
10. Берiлген кедендiк баж төлеудi кейiнге қалдыру (бөлiп төлеу) үшiн пайыздар (бұдан әрi - пайыздар) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептеледi. Бұл ретте пайыздарды есептеу дәйектiлiкпен екi кезеңде жүргiзiледi. Бiрiншi кезеңде: Кбс х Кс х Ққс1 Пай1 = _______________ 365 х 100 формуласы бойынша кедендiк декларацияны қабылдау күнi қолданылған қайта қаржыландыру ставкасы бойынша пайыздарды* алдын ала есептеу жүргiзiледi, мұнда: Пай1 - пайыздарды; Кбс - кедендiк баждарды төлеудi кейiнге қалдыру (бөлiп төлеу) берiлетiн кедендiк баждың сомасын; Кс - кедендiк баждарды төлеудi кейiнге қалдыру (бөлiп төлеу) берiлетiн күндердiң санын; Ққс1 - кедендiк декларацияны қабылдау күнi қолданылған қайта қаржыландырудың ставкасын; 365 - жылдағы күндердің санын бiлдiредi. Екiншi кезеңде: Кбс х Кс х Ққс Пай = _______________ 365 х 100 формуласы бойынша төлеушiнің төлеуiне жататын, кедендiк баждарды төлеу күнi қолданылған қайта қаржыландырудың ставкасы бойынша пайыздарды есептеу жүргiзiледi, мұнда: Пай - пайыздарды; Тбс - төлеудi кейiнге қалдыру (бөлiп төлеу) берiлетiн кедендiк баждардың сомасын; ___________________________________ * Пайыздарды алдын ала есептеу кедендiк баждарды төлеудi қамтамасыз етудің сомасына кiргiзiлетiн пайыздарды айқындау үшiн жүргiзiледi. Кс - кедендiк баж төлеудi кейiнге қалдыру (бөлiп төлеу) берiлетiн күндердің iс жүзiндегi санын; Ққс - кедендiк баждарды төлеу күнi қолданылған қайта қаржыландырудың ставкасын; 365 - жылдағы күндердің санын білдiредi. Мысал. Төлеушiге әкелiнетiн темекi шикiзатына 500 мың теңге сомасында кедендiк баж төлеу қажет. Бұл ретте төлеушiге кедендiк баждарды төлеудi кейiнге қалдыру берiлген және кедендiк ресiмдеуге кедендiк декларация қабылданған күннен бастап iс жүзiнде төлеу жүргiзілген күн аяқталғанға дейiнгi мерзім 60 күндi құрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасы ЖТД берiлген күнге 19%-ды, кедендiк бажды төлеу күнiне - 21%- ды құрайды. Кедендiк бажды төлеудi қамтамасыз ету сомасына қосылатын пайыздарды айқындау үшiн кедендік декларация қабылданған күнi қолданылған қайта қаржыландырудың ставкасы бойынша мынадай тұрғыда оларды алдын ала есептеу жүргiзіледi: 500 000 х 60 х 19 Пай =  __________________________ = 15 616 теңге 365 х 100 Төлеушiнiң мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне төлеуiне жататын пайыздарды есептеу кейiнге қалдырудың iс жүзiндегi күндерiнiң негiзiнде, кедендiк бажды төлеу күнi қолданылған қайта қаржыландырудың ставкасы бойынша жүргiзiледi. Бұл ретте кедендiк баж кейiнге қалдыру мерзімi аяқталған күнi төленген жағдайда пайыздар мынадай тұрғыда есептеледi: 500 000 х 60 х 21 Пай = ____________________ = 17 260 теңге 365 х 100 Осылайша берiлген кейiнге қалдыру үшiн төлеушiнiң 17 260 теңге сомасында пайыздар төлеуi қажет.
Тармақ 11
11. Кедендiк баж төлеудi кейiнге қалдыру берiлген кезде Қазақстан Республикасының кеден органы төлеушiмен бiрлесiп кедендiк баждар мен пайыздарды төлеудiң кестесiн жасайды. Пайыздар есептеу осы Ереженiң 10-тармағында келтiрiлген тәртiппен кесте бойынша кедендiк бажды төлеу күнi қолданылған қайта қаржыландыру ставкасы бойынша жүргiзiледi. Бұл ретте одан кейiнгi төлемдер бойынша кедендiк декларация бойынша есептелген кедендiк баждардың сомасы iшiнара төленген кедендiк баждың сомасына шегерiледi, ал пайыздар кедендiк бажды төлеу күнi қолданылған қайта қаржыландыру ставкасы бойынша төленбеген және кестеге сәйкес төлеуге жататын кедендiк баждың сомасынан есептеледi. Кедендiк баждың сомалары мен пайыздары кесте бойынша төленбеген жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары кедендiк баждың барлық сомасы мен пайыздарды өндiрiп алу шараларын қолданады.
Тармақ 12
12. Кедендiк баждар мен пайыздарды төлеудi кейiнге қалдыру мерзiмi не бөлiп төлеу кезiнде кесте бойынша кедендiк бажды төлеу күнi аяқталған күннің соңынан кешiктiрмей төлеушi жүргiзедi. Егер кедендiк баждарды төлеу күнi қолданылған қайта қаржыландырудың ставкасы ЖКД қабылдаған күнге қолданылған қайта қаржыландыру ставкасына қатысты азайса не көбейсе төлеушi төлеуге жататын пайыздарды тиiсiнше азайюы немесе көбейуi жағына түзету жүргiзiледi. Ақша қаражатын аударуға арналған төлем құжатында "Төлемнiң мақсаты" деген бағанда: "200__ жылғы "___" _______________________N ___________________шарт (келiсiм-шарт) бойынша, N _____________ЖКД бойынша, саны_______________ импортталатын тауарға қатысты берiлген кейiнге қалдыру (бөлiп төлеу) үшiн кедендiк баждар мен пайыздарды төлеу" деп көрсетiлуi тиiс. Егер төлеудi төлемшінің тапсыруы бойынша үшiншi тұлға жүргiзген жағдайда бұл бағанда қосымша ақшаның қай тұлғаның мүддесiнде енгiзiлгендiгi көрсетiлуi керек. Уәкiлеттi банктiң төлем құжатындағы банктiк операциялардың жүргiзiлгендiгi туралы белгiсiнiң күнi ақшаның аударылған күнi болып саналады. Банктiк операциялардың жүргiзілгендігі туралы банктің белгiсi бар төлем құжатының көшiрмесi мен ұйымның (кәсiпорынның) бiрiншi тұлғасының, оның бас бухгалтерінің қолымен және ұйымның банктiк және қаржылық құжаттарға арналған мөрiмен расталған банктен үзiндi көшiрме кейiнге қалдыру (бөлiп төлеу) мерзiмi аяқталған күннiң соңынан кешiктiрiлмей кейiнге қалдыруды берген Қазақстан Республикасының кеден органына көрсетiледi. Кедендiк баждар мен пайыздардың төленуге тиiстi сомасын мезгiлiнен бұрын өтеуге жол берiледi. Бұл ретте осы Ереженің 10-тармағына сәйкес төлеуге жататын пайыздарды қайта есептеу жүргiзiледi.
Тармақ 13
13. Кедендiк баж төлеудi кейiнге қалдыру (бөлiп төлеу) берiлген кезде Кеден iсi туралы заңның 138-бабына сәйкес кедендiк баждарды төлеудi қамтамасыз ету: тауарлар мен көлiк құралдарының кепiлiмен; уәкiлеттi банктің кепiлдiгiмен жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 14
14. Yшiншi тұлғаның мүлiк құқығынан бос, мыналардан:
Тармақша 1
1) азаматтық айналыстан алынып тасталған мүлiктен;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасына әкелуге не Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарлардан;
Тармақша 3
3) нарықтық бағасы кеден баждарын және (немесе) салықтарын төлеу жөнiндегi мiндеттемеден төмен тауарлардан басқа кез-келген мүлiк кедендiк баждарды және (немесе) салықтарды төлеудi қамтамасыз ету мақсатындағы кепiл заты бола алады.
Тармақ 15
15. Тауарларды тасымалдаушы тұлға не үшiншi тұлға кепiл берушi бола алады.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасының кеден органы мен кепiл берушінің өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған кепiл туралы шарттың негiзiнде құрылады.
Тармақ 17
17. Кепiл туралы шарт үш данада жасалады, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мемлекеттiк тiркеуге жатады және мынадай шарттарды:
Тармақша 1
1) тараптардың атаулары мен деректемелерiн;
Тармақша 2
2) кепiл затының атауын;
Тармақша 3
3) кепiл затының құны мен кепiлмен қамтамасыз етiлетiн мiндеттеменің мөлшерiн;
Тармақша 4
4) кепiлмен қамтамасыз етiлетiн мiндеттеменің орындалу мерзiмiн;
Тармақша 5
5) кепiл затын сатудың сотсыз мүмкіндiгін қамтуы тиiс.
Тармақ 18
18. Кепiл туралы шарттың мәлiметтерi Қазақстан Республикасы кеден органының кедендiк төлемдер бөлiмiнде жүргiзiлетiн осы Ережеге 2-қосымшада келтiрiлген нысан бойынша кепiл туралы шарттардың арнайы тiзiлiмiне енгiзiледi.
Тармақ 19
19. Кепiлге салынған мүлiк Қазақстан Республикасы кеден органының шешiмi бойынша кепiл берушінің иелiгiнде және пайдалануында қалады не кеден органдары құрған уақытша сақтау қоймаларына немесе кедендiк қоймаларға орналастырылады. Егер кепiлге салынған мүлiктер кепiл берушінің иелiгiнде қалған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеден органы құжаттар бойынша кепiл затының iс-жүзiнде болуын, мөлшерiн, сақталуының жай-күйі мен жағдайын тексеруге де құқылы.
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасының кеден органы кепiл берушiден кепiлге салынған мүлiкке меншiктiк құқығын растайтын құжаттарды ұсынуын талап етуге құқылы.
Тармақ 21
21. Кепiлге салынған мүлiк иелiгiндегi және пайдалануындағы тарап, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген кепiлге салынған мүлiктi ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдауға мiндеттi.
Тармақ 22
22. Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепiл берушiде қалатын кепiлге салынған мүлiктi оның есебiнен авариялардың немесе жеңуге келмейтiн күштер әрекеттерінің, өзге де мемлекеттiк органдардың iс-әрекет жасауының немесе олардың кепiл берушінің шаруашылық қызметiн тоқтататын не оған кедергi келтiретiн немесе оған қолайсыз әсер ететiн (тәркiлеу және басқа) кесiмдер қабылдауының салдарынан, сондай-ақ кепiл берушi таратылған немесе дәрменсiз ден танылған жағдайларда кепiл затының жоғалуы, жеткiлiксiз болуы немесе зақымдануы жағдайына мүліктің толық құнына сақтандыруды талап етуге құқылы.
Тармақ 23
23. Кепiл берушінің кепiл затына Қазақстан Республикасы кеден органының келiсiмiнсiз билiк етуге құқығы жоқ. Мүлiктi қайта кепiлге салуға жол берiлмейдi.
Тармақ 24
24. Кедендiк баждарды төлеудi кейiнге қалдыру (бөлiп төлеу) арқылы кедендiк ресiмдеудi жүргiзу кезiнде кедендiк декларацияға кедендiк баждарды төлеуге кепiлмен кейiнге қалдыру (бөлiп төлеу) берiлгендiгi туралы тиiстi жазбамен берiлген кейiнге қалдыру (бөлiп төлеу) аяқталатын күн жазылады.
Тармақ 25
25. Қазақстан Республикасы кеден органының кедендiк төлемдер бөлiмi кепілмен қамтамасыз етiлген кедендiк баждар мен пайыздарды төлеу мiндеттемесiнің орындалуы бойынша бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 26
26. Төлеушi кедендiк баж бен пайыздарды белгiленген мерзiмдерде төлемеген жағдайда өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепiлдің мүлкiне қаратылады.
Тармақ 27
27. Кепiлге салынған мүлiктi соттан тыс сату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Егер кепiлдің затын сатудан алынған сома кепiлмен қамтамасыз етілген мiндеттеменiң сомасын, сондай-ақ сатуға байланысты шығыстарды жаппаған жағдайда, жетпейтiн сома Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасында көзделген тәртiппен кепiл берушiден өндiрiлiп алынады. Егер кепiлдің затын сатудан алынған сома кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменің сомасынан артық болған жағдайда айырмасы үш күндiк мерзiмде кепiл берушіге қайтаруға жатады.
Тармақ 29
29. Кепiл:
Тармақша 1
1) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменің тоқтауымен: кедендiк баждар және (немесе) салықтар төленген жағдайда;
Тармақша 2
2) кепілге салынған мүлiк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сатылған жағдайда;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Тармақ 30. _____________ облысы бойынша (Бас) Кеден басқармасының (кеденінің) кедендік баждарда төлеу бойынша кейінге қалдырулар (бөліп төлеулер) беруді тіркеу журналы
30. Уәкілеттi банктiң кепiлдiгi түрiнде кедендiк баждар мен пайыздарды төлеудi кейiнге қалдыру (бөлiп төлеу) берiлген жағдайда кедендiк баждардың төленуiн қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнің бекiтiлген бұйрығымен, уәкілеттi банктің кепiлдiгi түрiнде кедендiк баждар мен салықтарды төлеудi қамтамасыз етудің ережесi айқындайтын тәртiппен жүргізiледi. Өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін арналған импортталатын шикізаттар мен материалдарға кедендік баждар төлеуді кейінге қалдырудың немесе бөліп төлеудің ережесіне 1-қосымша _____________ облысы бойынша (Бас) Кеден басқармасының (кеденінің) кедендік баждарда төлеу бойынша кейінге қалдырулар (бөліп төлеулер) беруді тіркеу журналы ____________________________________________________________________ Р/б   Заңды     КҰСК  Келісім-    Кеден    Кейінге  Кедендік Кейінге N   тұлғаның   коды  шарттың   органының  қалдыру. баждың   қалды. импортшы.        N мен      кейінге    лардың   сомасы  рулар ның атауы          күні     қалдырулар  (бөліп          (бөліп (бөліп     төлеу.          төлеулер төлеулер   лердің)          бергені туралы    берілу             үшін шешімінің   мерзімі          пайыз. N мен күні                   дардың сомасы ____________________________________________________________________ 1      2          3      4           5         6        7      8 ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Таблицаның жалғасы ________________________________________ Кедендік баждар мен кейінге қалдырулар (бөліп төлеулер) бергені үшін пайыздарды төлеуді қамтамасыз етудің тәсілі ________________________________________ уәкілетті    Тиесілі    Тауарлар банктің   сомаларды    мен көлік кепілдігі  депозитке   құралдарының (N, күні)   енгізу        кепілі (төлем      (шарттың N құжатының     мен күні, N, мен күні)  кепілді
Тармақша ұстаушы. Кепіл туралы жасалған шарттардың тізілімі
ұстаушы) _______________________________________ 9           10            11 _______________________________________ _______________________________________ _______________________________________ Өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін арналған импортталатын шикізаттар мен материалдарға кедендік баждар төлеуді кейінге қалдырудың немесе бөліп төлеудің ережесіне 2-қосымша Кепіл туралы жасалған шарттардың тізілімі ____________________________________________________________________ Р/б Кепіл   Кейін.   Міндет.  Кепіл  Кепіл.Кепіл  Кепіл  Шарт   Іс N  беруші. ге       темені   туралы дің   заты.  заты.  бойын. жү нің    қалды.   қамтама. шарт.   түрі  ның    ның    ша мін.зін атауы,  руды      сыз     тың          атауы  құны   деттеме.де оның   (бөліп   ету со.  жасал.        мен           лерді  ор. мекен-  төлеуді  масы     ған          саны          орын.  дау жайы,   алған             күні                        дау   мер СТН-і   ұйымның                                      мерзі. зімі (кәсіп                                        зімі
Тармақша орынның
орынның) атауы ____________________________________________________________________ 1    2        3       4       5      6      7       8      9   10 ____________________________________________________________________ Таблицаның жалғасы ________________________ Кепіл  Кепіл    Ескерт. затын  затын    пелер сату   сату күні   кезінде алынған сома _________________________ 11      12       13 _________________________