Об утверждении количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества и правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Калкаманского сельского округа города Аксу Күшін жойған
Басқа 0
Ақсу қаласы Қалқаман селолық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес, Қалқаман селолық округінің ауыл тұрғындары жиындарының хаттамалары негізінде Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Ақсу қаласы Қалқаман селолық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Ақсу қаласы Қалқаман селолық округі аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік және жастар саясаты, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Ақсу қаласы Қалқаман селолық округінде жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің
сандық құрамы
Ақсу қалалық мәслихатының
2014 жылғы 11 тамыздағы
№ 251/36 шешіміне қосымша
Ақсу қаласы Қалқаман селолық округінде жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің
сандық құрамы
№ р/н
Елді мекен атауы
Қалқаман селолық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
1.
Ақжол ауылы
15
2.
Қалқаман ауылы
39
Басқа 6. Ақсу қаласы Қалқаман селолық округі аумағында бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Ақсу қалалық мәслихатының
2014 жылғы 11 тамыздағы
№ 251/36 шешімімен бекітілді
Ақсу қаласы Қалқаман селолық округі аумағында бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Қалқаман селолық округі аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды селолық округтің әкімі шақырады.
Қала әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халықы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Бөлек жиынды өткізуді селолық округтің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды селолық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Селолық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын қала мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны селолық округ әкімінің аппаратына береді.