Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламента государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на осуществление деятельности по производству (формуляции) пестицидов (ядохимикатов), реализации пестицидов (ядохимикатов), применению пестицидов (ядохимикатов) аэрозольным и фумигационным способами"

Қаулы · № 102-1257 · қабылданған 05.08.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83072/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Регламента государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на осуществление деятельности по производству (формуляции) пестицидов (ядохимикатов), реализации пестицидов (ядохимикатов), применению пестицидов (ядохимикатов) аэрозольным и фумигационным способами" Күшін жойған Қаулы ·№ 102-1257 ·05.08.2014
07.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламента государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на осуществление деятельности по производству (формуляции) пестицидов (ядохимикатов), реализации пестицидов (ядохимикатов), применению пестицидов (ядохимикатов) аэрозольным и фумигационным способами"

Күшін жойған Қаулы ·№ 102-1257 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламента государственной услуги "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на осуществление деятельности по производству (формуляции) пестицидов (ядохимикатов), реализации пестицидов (ядохимикатов), применению пестицидов (ядохимикатов) аэрозольным и фумигационным способами"
Атауы (қаз.)
"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
102-1257
Қабылданған күні
05.08.2014
Көрсетілген редакция
07.12.2015 AI83072_2.kaz
Соңғы өзгеріс
07.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14A0000837
ЭКБ идентификаторы
83072
Редакция идентификаторы
AI83072_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:54

0

"Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына және «Фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 78 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2

2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны, оны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Нағаспаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 102-1257 қаулысымен
бекітілген
«Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметті Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы – «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – қызмет беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 78 қаулысымен бекітілген «Фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер енгізу туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді, оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы не осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағына көрсетілген құжаттар тізімі қоса берілген өтініш қабылдаумен Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызмет берушінің рәсімнің (іс-қимылды) басталуының негізі болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:

1 1) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күні, қызмет алушыға тіркеу нөмірін берумен және күнімен тіркеуді жүзеге асырады, бұдан кейін қызмет берушінің басшысына немесе орынбасарына беріледі. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілеген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан артық емес;

2 2) қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары қызмет алушының құжаттары түскен күні бөлім басшысына береді. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан артық емес;

3 3) бөлім басшысы қызмет алушының құжаттары түскен күні бөлімнің жауапты маманына тапсырады. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан артық емес;

4 4) бөлімнің маманы өтінішке алғашқы тексерісті жүзеге асырады. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыты – 1 (бір) жұмыс күні. Қорытынды – лицензияны алу үшін қызмет алушының қажетті құжаттарын қарау;

қызмет алушымен ұсынған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда бөлімнің маманы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қызмет алушының қызмет алуға өтінішін одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша хабарлайды;

5 5) бөлімнің маманы өтініштің біліктілік талаптарына сәйкестігін талдайды, одан кейін өтінішті қорытындысымен бірге басқа мүдделі мемлекеттік органдармен келісу үшін бөлім басшысына береді. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыты – 2 (екі) жұмыс күні;

6 6) басқа мүдделі мемлекеттік органдар құжаттарды қарайды және өзінің құзіреті шегінде дәлелді қорытындысын бөлімнің жауапты маманына береді. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыты - 2 (екі) жұмыс күні;

7

7) қызмет берушінің басшысы және (немесе) оның орынбасары басқа мүдделі мемлекеттік органдар оң қорытыынды алған жағдайда қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру шешімнің жобасына қол қояды. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыты – 1 (бір) жұмыс күні.

8

8) бөлімнің жауапты маманы пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларына шешімді алғаннан кейін лицензияны рәсімдейді. Осы рәсімді жүзеге асыру үшін берілген ең ұзақ уақыты - бір жұмыс күні.
Қызмет алушының өтініші біліктілік талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бөлімнің маманы пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Қызмет алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшасын қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшасы басылып шығарылады, қызмет беруші басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қызмет алушыға пошта байланысы арқылы немесе қол қойылған кейін бір жұмыс күні ішінде қолма-қол жіберіледі.
Лицензияның екінші нұсқасын берер кезде 4, 5, 6, 7-рәсімдер қолданылмайды.
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі (рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесін және оның басқа құрылымдық бөлімшеге беру тәртібі көрсетілсін) қамтиды:

1 1) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар қабылдайды, тіркейд және бұдан кейін қызмет берушінің басшысына немесе орынбасарына беріледі;

2 2) қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары қызмет алушының құжаттары түскен күні бөлім басшысына береді;

3 3) бөлім басшысы қызмет алушының құжаттары түскен күні бөлімнің жауапты маманына тапсырады;

4 4) бөлімнің маманы өтінішке алғашқы тексерісті жүзеге асырады;

5 5) бөлімнің маманы өтініштің біліктілік талаптарына сәйкестігін талдайды, одан кейін өтінішті қорытындысымен бірге басқа мүдделі мемлекеттік органдармен келісу үшін бөлім басшысына береді;

6 6) басқа мүдделі мемлекеттік органдар құжаттарды қарайды және өзінің құзіреті шегінде дәлелді қорытындысын береді;

7 7) қызмет берушінің басшысы және (немесе) оның орынбасары басқа мүдделі мемлекеттік органдар оң қорытыынды алған жағдайда қызметтер көрсетуге лицензияна қол қоюға берді;

8 8) қызмет алушыға береді және рәсімдейді.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне келесі құрылымдық бөлімшелер қатысады:

1 1) қызмет берушінің кеңсесі;

2 2) қызмет берушінің басшысы және (немесе) оның орынбасары;

3 3) бөлім басшысы;

4 4) бөлімнің жауапты маманы.

6 6. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

7 7. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі қызмет беруші мен қызмет алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы.

Қызмет берушінің портал арқылы қадамдық әрекеттері мен шешімдері (мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің № 1 диаграммасы) осы Регламентке 2, 3-қосымшаларда келтірілген:

1 1) қызмет алушы порталда өзінің электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінің (бұдан әрі - ЭЦҚ) көмегімен тіркеледі, қызмет алушының компьютеріндегі интернет-браузерде сақталған паролді порталға енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі) (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады);

2 2) 1-үдеріс: қызмет алушының компьютеріндегі интернет-браузерге ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігін бекіту, қызмет алушының ЭЦҚ-сын алу үшін порталға паролін енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);

3 3) 1-шарт: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) логин және бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) және пароль арқылы порталда тіркелген қызмет алушы туралы деректердің төлнұсқалығын тексеру;

4 4) 2-үдеріс: порталда қызмет алушының деректеріндегі бар бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5 5) 3-үдеріс: осы Регламентте көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – ЭМҚ) қызмет алушымен таңдау, көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және электрондық түрде қажетті құжаттарға сұрау салуды ескере отырып, қызмет алушымен нысанды (деректерді енгізуі) толтыру;

6 6) 4-үдеріс: «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы қызметке ақы төлеу, бұл мәлімет «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек базасындағы ақпараттық жүйеге түседі (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ);

7 7) 2-шарт: «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да ЭМҚ-ны көрсеткені үшін төлем фактісін тексеру;

8 8) 5-үдеріс: «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет көрсеткені үшін төлемнің болмауына байланысты сұралған ақпараттан порталда бас тарту туралы хабарламаны дайындау;

9 9) 6-үдеріс: сұрау салуды растау (қол қою) үшін қызмет алушымен ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдау;

10 10) 3-шарт: порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ, ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН және БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

11 11) 7-үдеріс: қызмет алушының ЭЦҚ-сы төлнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылған ЭМҚ-дан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

12 12) 8-үдеріс: қызмет алушымен ЭМҚ көрсетуге сұраудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру (қол қою);

13 13) 9-үдеріс: «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да электрондық құжатты (қызмет алушының сұрауын) тіркеу және сұрауды өңдеу;

14 14) 4-шарт: қызмет берушімен қызмет алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру үшін негіздемелеріне сәйкестігін тексеру;

15 15) 10-үдеріс: «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған ЭМҚ-дан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

16 16) 11-үдеріс: қызмет алушымен порталда қалыптастырылған ЭМҚ нәтижесін (электрондық лицензиясын) алу. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып қалыптастырылады.

8 8. Қызмет беруші арқылы қадамдық әрекеттер мен шешімдер (қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің № 2 диаграммасы) осы Регламентке 2-қосымшасында келтірілген:

1 1) 1-үдеріс: ЭМҚ көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет беруші қызметкерімен логин мен паролін енгізу (авторизациялау үдерісі);

2 2) 1-шарт: логин мен пароль арқылы қызмет берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тексеру;

3 3) 2-үдеріс: қызмет беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

4 4) 3-үдеріс: қызмет беруші қызметкерімен осы Регламентте көрсетілген ЭМҚ-ны таңдау, ЭМҚ-ны көрсетуге арналған сұраудың нысанын экранға шығару және қызмет берушінің қызметкерімен қызмет алушының деректерін енгізу;

5 5) 4-үдеріс: қызмет алушының деректері туралы сұрауды «электрондық үкімет» шлюзі арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерек базасына (бұдан әрі – ЖТ МДБ)/ заңды тұлғаларының мемлекеттік дерек базасына (бұдан әрі – ЗТ МДБ) жолдау;

6 6) 2-шарт: ЖТ МДБ/ЗТ «Е-лицензиялау» МДБ-да қызмет алушы деректерінің болуын тексеру;

7 7) 5-үдеріс: ЖТ МДБ/ЗТ «Е-лицензиялау» МДБ-да қызмет алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін емес туралы хабарламаны қалыптастыру;

8 8) 6-үдеріс: қызмет беруші қызметкерімен қағаз түрінде құжаттардың болуы туралы белгі бөлігінде сұраудың нысанын толтыру және қызмет алушының ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеу және оларды сұрау нысанына қоса тіркеу;

9 9) 7-үдеріс: сұрауды «Е-лицензиялау» АЖ-да тіркеу және оны ЭМҚ-да «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да өңдеу;

10 10) 3-шарт: қызмет берушімен қызмет алушының біліктілік талаптарға және лицензия беру негіздемелеріне сәйкестігін тексеру;

11 11) 8-үдеріс: қызмет алушының «Е-лицензиялау» АЖ-дағы деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы ЭМҚ-да хабарламаны қалыптастыру;

12 12) 9-үдеріс: қызмет алушымен «Е-лицензиялау» АЖ-да қалыптастырылған ЭМҚ-ның нәтижесін (электрондық лицензияны) алу. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ–сының пайдалануымен қалыптастырылады.

9 9. ЭМҚ-ға сұрау салу және жауап беру нысаны www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетіледі:

1 1) қызмет алушымен «электрондық үкімет» порталына кіру үшін электрондық лицензия берілетін тұлғаның деректерін (логин мен паролді) енгізу;

2 2) «Лицензия беру» қызметін таңдау;

3 3) «online қызметтерге тапсырыс беру» батырмасының көмегімен қызметке тапсырыс беру;

4 4) сұрауды толтыру:

«электрондық үкімет» порталында қызмет алушыны тіркеу нәтижелері бойынша ЖСН/БСН автоматты түрде таңдалады;
қызмет алушы «сұрау салуды жолдау» батырмасының көмегімен сұрау салуды куәландыруға (қол қоюға) көшуді жүзеге асырады;

5 5) қызмет алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;

6 6) сұрау салуды куәландыру (қол қою) – қызмет алушы «қол қою» батырмасының көмегімен сұрау салуды ЭЦҚ-сымен куәландыруды (қол қоюды) жүзеге асырады, бұдан кейін сұрау салу электрондық үкімет шлюзі арқылы «Е-лицензиялау» АЖ-ға өңдеуге беріледі;

7 7) қызмет алушымен сұратылған ақпараттың «Е-лицензиялау» АЖ-да болуы туралы хабарламаны алу;

8 8) ЭМҚ-ға ақы төлеу;

9 9) «Е-лицензиялау» АЖ-да сұрау салуды өңдеу:

Қызмет алушының дисплей экранында мынадай ақпарат шығарылады:
ЖСН/БСН, сұрау салу нөмірі, қызмет түрі, сұрау салу мәртебесі, ЭМҚ-ны көрсету мерзімі;
«мәртебені жаңарту» батырмасының көмегімен қызмет алушыға сұрау салуды өңдеу нәтижелерін қарау мүмкіндігі ұсынылады;
«Е-лицензиялау» АЖ-дан жауап алынған кезде «нәтижені қарау» батырмасы пайда болады.

10 10. Қызмет алушының ЭМҚ бойынша сұрау салуды орындау мәртебесін тексеру тәсілі:

«электрондық үкімет» порталында «қызмет алу тарихы» бөлімінде, сондай-ақ қызмет көрсетушіге өтініш беру кезінде.

11 11. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпаратты және кеңесті саll-орталықтың 1414 телефоны бойынша алуға болады.

1 Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі

«Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру
(формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды)
өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк
және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілген қызмет регламентіне
1-қосымша
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі
Іс-қи­мыл №
1
2
3
4
5
6
7
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ата­уы
Қыз­мет бе­ру­ші­нің кең­се­сі
Қыз­мет бе­ру­ші­нің бас­шы­сы (орын­ба­са­ры)
Бө­лім бас­шы­сы
Бө­лім­нің жа­у­ап­ты ма­ма­ны
Бө­лім­нің жа­у­ап­ты ма­ма­ны
Бө­лім­нің жа­у­ап­ты ма­ма­ны
Бө­лім­нің жа­у­ап­ты ма­ма­ны
Үде­рі­стің (іс-қи­мыл­дың) ата­уы
Өті­ніш­ті тір­кеу
Өті­ніш­ті қа­был­дау
Бө­лім бас­шы­сы­мен жа­у­ап­ты ма­ман­ды анық­тау
Ұсын­ған құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын ал­ғаш­қы тек­се­ру және ұсын­ған құ­жат­тар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кест­і­гін тек­се­ру
Ұсын­ған құ­жат­тар­дың бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін қа­рау
Пе­сти­цид­тер­дi (улы хи­ми­кат­тар­ды) өн­дi­ру (фор­му­ля­ци­я­лау), пе­сти­цид­тер­дi (улы хи­ми­кат­тар­ды) өт­кi­зу, пе­сти­цид­тер­дi (улы хи­ми­кат­тар­ды) аэро­золь­дiк және фу­ми­га­ци­я­лық тәс­iл­дер­мен қол­да­ну жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия бе­ру, қай­та ре­сім­деу, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту неме­се бе­ру ту­ра­лы ше­шім­ді дай­ын­дау
Пе­сти­цид­тер­дi (улы хи­ми­кат­тар­ды) өн­дi­ру (фор­му­ля­ци­я­лау), пе­сти­цид­тер­дi (улы хи­ми­кат­тар­ды) өт­кi­зу, пе­сти­цид­тер­дi (улы хи­ми­кат­тар­ды) аэро­золь­дiк және фу­ми­га­ци­я­лық тәс­iл­дер­мен қол­да­ну
жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын (неме­се) қо­сым­ша­сын рә­сім­деу неме­се  мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап
Іс-қи­мыл №
1
2
3
4
5
6
7
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-рет­теу ше­ші­мі)
Тір­кеу нө­мі­рі және кү­ні
Кей­ін­нен өті­ніш­ті бө­лім бас­шы­сы­на бе­ру­мен қыз­мет бе­ру­ші бас­шы­сы­ның (орын­ба­са­ры­ның) бұ­ры­шта­ма­сы
Кей­ін­нен өті­ніш­ті жа­у­ап­ты ма­ман­ға бе­ру­мен бө­лім бас­шы­сы­ның бұ­ры­шта­ма­сы
Ма­те­ри­ал­дар­дың ал­ғаш­қы тек­се­руі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды, өті­ніш ма­те­ри­ал­да­рын ба­қы­лау па­ра­ғы­на жа­зу.
Ұсын­ған құ­жат­тар­дың то­лық бол­мауы және заң­на­ма­ға сәй­кес емес фак­ті­ле­рі анық­тал­ған жағ­дай­да олар­ды одан әрі қа­ра­удан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап бе­ру
Құ­жат­тар­дың бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­луі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды
Пе­сти­цид­тер­дi (улы хи­ми­кат­тар­ды) өн­дi­ру (фор­му­ля­ци­я­лау), пе­сти­цид­тер­дi (улы хи­ми­кат­тар­ды) өт­кi­зу, пе­сти­цид­тер­дi (улы­хи­ми­кат­тар­ды) аэро­золь­дiк және фу­ми­га­ци­я­лық тәс­iл­дер­мен қол­да­ну­жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия бе­ру, қай­та ре­сім­деу, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын және (неме­се) қо­сым­ша­сын бе­ру­ден бас тар­ту неме­се бе­ру ту­ра­лы ше­шім шы­ға­ру
Пе­сти­цид­тер­дi (улы хи­ми­кат­тар­ды) өн­дi­ру (фор­му­ля­ци­я­лау), пе­сти­цид­тер­дi (улы хи­ми­кат­тар­ды) өт­кi­зу, пе­сти­цид­тер­дi (улы хи­ми­кат­тар­ды) аэро­золь­дiк және фу­ми­га­ци­я­лық тәс­iл­дер­мен қол­да­ну
жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия бе­ру, қай­та ре­сім­деу, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын (неме­се) және қо­сым­ша­сын бе­ру неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап бе­ру
Орын­дау мер­зі­мі
30 (отыз) ми­нут­тан ас­пай­ды
30 (отыз)
ми­нут­тан
ас­пай­ды
30 (отыз) ми­нут­тан ас­пай­ды
1 жұ­мыс кү­ні
2 жұ­мыс кү­ні
2 жұ­мыс кү­ні
1 жұ­мыс кү­ні

2 Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту блок-схемасы

«Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру
(формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды)
өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк
және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілген қызмет регламентіне
2-қосымша
Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту блок-схемасы

3 1-Диаграмма

«Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру
(формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды)
өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк
және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілген қызмет регламентіне
3-қосымша
1-Диаграмма
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы
2-Диаграмма
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы

Қолданыстағы