О создании Координационного Совета по борьбе со СПИД Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
СПИД-пен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 30.03.2004 № 102 қаулысымен. Облыс аумағында ВИЧ инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Облыста СПИД-пен күресу және оның алдын алу жөнiндегi облыстық Үйлестiру Кеңесi құрылсын және оның құрамы мен Кеңес туралы Ереже № 1 және № 2 қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық Үйлестiру Кеңесi СПИД эпидемиясына қарсы әрекет ету жөнiнде аймақтық бағдарлама әзiрлесiн және белгiленген шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Облыс әкiмiнiң «Облыста СПИД-пен күресу және оның алдын алу жөнiндегi шаралар туралы» 1996 жылғы 23 шiлдедегi № 199 және «СПИД-пен күресу және оның алдын алу жөнiндегi Үйлестiру Кеңесiнiң төрағасы туралы» 1999 жылғы 1 ақпандағы № 17 шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ш.Ә.Өтемiсовке жүктелсiн.
Басқа 5. Облыста СПИД пен күресу және оның алдын алу жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 9 ақпандағы № 38 шешiмiне № 1 қосымша Облыста СПИД пен күресу және оның алдын алу жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің ҚҰРАМЫ Шавхат Әнесұлы Өтемiсов - облыс әкiмiнiң орынбасары, төраға Шамғон Мырзагерейұлы Қадырбеков - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары Марат Нәбиұлы Боранбаев - СПИД-пен күресу және оның алдын алу жөніндегі облыстық орталықтың бас дәрігері, төрағаның орынбасары Николай Михайлович Кравцов - облыстық СПИД-ке қарсы орталық бас дәрігерінің орынбасары, хатшы Кеңес мүшелерi: Елена Ивановна Тарасенко - Орал қаласы әкiмiнiң орынбасары Ғабит Білялұлы Әжіғалиев - облыстық тері-венерологиялық диспансердің бас дәрігері Ишанғали Иманбайұлы Әубәкіров - Батыс Қазақстан облысы iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары Алексей Иванович Бирюков - облыстық санэпидстанция басқармасының бастығы Александр Тоғабайұлы Бөлекбаев - салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемасы облыстық орталығының Қалиолла Шағиұлы Қарағойшин - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы Ердан Советұлы Қатаев - облыстық бiлiм басқармасының бастығы Марат Балғазұлы Нұрғалиев - облыстық туризм және спорт басқармасының бастығы Марат Төлегенұлы Нұрғуатов - облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары Юрий Александрович Федулеев - облыстық наркологиялық диспансердің бас дәрігері Гүлсара Қапанқызы Шоқалова - облыс әкiмi аппаратының әлеуметтiк сала және қоғамдық саяси даму бөлiмiнiң бас маманы
Басқа 6. СПИД-пен күресу және оның алдын алу жөнiндегi облыстық Үйлестiру Кеңесiнiң ЕРЕЖЕСI
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 9 ақпандағы № 38 шешiмiне № 2 қосымша СПИД-пен күресу және оның алдын алу жөнiндегi облыстық Үйлестiру Кеңесiнiң ЕРЕЖЕСI СПИД-пен күресу және оның алдын алу жөнiндегi облыстық Үйлестiру Кеңесi облыс әкiмiнiң жанында, оның орынбасарының төрағалық етуiмен құрылады. Оның жеке құрамы әкiмнiң шешiмiмен белгiленедi. Үйлестiру Кеңесiнiң негiзгi мақсаты мен мiндетi облыста СПИД эпидемиясына қарсы әрекет жөнiндегi шаралар жоспарының орындалуы мен iске асырылуын бақылау, осы мәселе жөнiндегi атқарушы өкiмет органдарының қызметiн ұйымдастыру болып табылады. Үйлестiру Кеңесiнiң жұмысы жоспарға сәйкес құрылады. Эпидемиялық жағдайдың өзгеруiн ескерiп және нақты жағдайларға орай Үйлестiру Кеңесiнiң жедел жоспарлар жасауға және оны жүзеге асыруына құқығы бар. Кеңес мәжiлiсi тоқсанына 1 реттен сирек емес өткiзiлiп тұрады. Кеңес мәжiлiсiнiң мәселелерi жұмыс жоспарына және оперативтiк жағдайларға сәйкес қаралып отырылады. Қараудың қорытындысы бойынша хаттамалық шешiмдер қабылданады, ол қатысты адамдар үшiн орындауға мiндеттi. Оның орындалуы бақылауға қойылады. Эпидемия асқынған жағдайда Кеңес эпидемиялық жағдайды қарайды және қажетiне қарай оны шешу жөнiнде нақты шаралар қабылдайды. Үйлестiру Кеңесiнiң СПИД-пен күресу және оның алдын алу жөнiндегi жұмыстарға байланысты мәселелер бойынша қалалық, аудандық, селолық атқарушы өкiмет органдарын, облыстық басқармалар мен ведомстволар басшыларын, меншiктiң нысанына қарамастан шаруашылық субъектiлерiн тыңдауға құқығы бар. Үйлестiру Кеңесiнiң төрағасы оның жұмысы бойынша облыс әкiмiне есеп бередi.