О Координационном Совете по борьбе с туберкулезом Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 30.03.2004 № 101 қаулысымен. Облыста туберкулезбен ауыратындардың өсуiне байланысты және Орал қаласы мен жергiлiктi аудандық атқарушы органдардың, туберкулезбен күрестi ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiрiп отыру мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Туберкулезбен күресу жөнiндегi облыстық Үйлестiру Кеңесi құрылсын, оның құрамы мен Кеңес туралы ереже № 1 және № 2 қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыс әкiмi орынбасарының «Үйлестiру Кеңесi туралы» 1998 жылғы 5 мамырдағы № 7-7 өкiмiнiң және облыс әкiмiнiң «Туберкулезбен күресу жөнiндегi Үйлестiру Кеңесiнiң төрағасы туралы» 1999 жылғы 1 ақпандағы № 1-10 өкiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ш.Ә. Өтемiсовке жүктелсiн.
Басқа 4. Облыстық туберкулезбен күресу жөнiндегi Үйлестiру Кеңесiнiң ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 9 ақпандағы № 39 шешiмiне № 1 қосымша Облыстық туберкулезбен күресу жөнiндегi Үйлестiру Кеңесiнiң ҚҰРАМЫ Шавхат Әнесұлы Өтемiсов - облыс әкiмiнiң орынбасары, төраға Шамғон Мырзагерейұлы Қадырбеков - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары Станислав Иванович Симонов - облыстық туберкулезбен күрес диспансерiнiң бас дәрiгерi, хатшы Кеңестiң мүшелерi: Ишанғали Иманбайұлы Әубәкiров - облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары Алексей Иванович Бирюков - облыстық санитарлық эпидемиялық бақылау басқармасының бастығы Александр Тоғабайұлы Бөлекбаев - облыстық салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығының директоры Бауыржан Сатқанұлы Имашев - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармасының бастығы Қалиолла Шағиұлы Қарағойшин - облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының бастығы Ердан Советұлы Қатаев - облыстық бiлiм беру басқармасының бастығы Марат Төлегенұлы Нұрғуатов - облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары Табылғали Сатқалиұлы Сапаров - облыстық ауыл шаруашылығы департаментiнiң бастығы Елена Ивановна Тарасенко - Орал қаласы әкiмiнiң орынбасары Гүлсара Қапанқызы Шоқалова - облыс әкiмi аппаратының әлеуметтiк сала және қоғамдық саяси даму бөлiмiнiң бас маманы
Басқа 5. Туберкулезбен күресу жөнiндегi облыстық Үйлестiру Кеңесi туралы ЕРЕЖЕ
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 9 ақпандағы № 39 шешiмiне № 2 қосымша Туберкулезбен күресу жөнiндегi облыстық Үйлестiру Кеңесi туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Туберкулезбен күресу жөнiндегi облыстық Үйлестiру Кеңесi облыс әкiмi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады (бұдан әрi - Кеңес).
Тармақ 2
2. Аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi жанында туберкулезбен күресу жөнiндегi аудандық және қалалық Кеңестер құрылсын.
Тармақ 3
3. Кеңестiң құрамына денсаулық сақтау, санэпидқадағалау облыстық басқармаларының, облыстық қаржы басқармасының, Батыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасының, ауыл шаруашылығы департаментiнiң, мал дәрiгерлiк, бiлiм беру, ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармаларының өкiлдерi енедi.
Тармақ 4
4. Туберкулезбен күресу жөнiндегi Кеңес:
Тармақша а
а) туберкулезбен күресудi ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi аудандар мен қалалық атқарушы органдарының, басқармалар мен мекемелердiң қызметiн үйлестiрiп отыруға қатысады;
Тармақша б
б) жергiлiктi жерде алдын ала тексеру жүргiзiп және жергiлiктi жердегi жағдайды зерттей отырып, туберкулезбен күресудiң жай-күйi туралы денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мал дәрiгерлiк, iшкi iстер және басқа да мемлекеттiк органдардың ақпараттарын тыңдайды.
Тармақ 5
5. Кеңес мәжiлiсi тоқсан сайын өткiзiлiп тұрады. Жұмыс жоспарын Кеңес мәжiлiсi бекiтедi.
Тармақ 6
6. Кеңес жұмысын ұйымдастыруды облыстық денсаулық сақтау басқармасы жүзеге асырады.