О создании областной чрезвычайной противоэпидемической комиссии Күшін жойған
Басқа 0
Эпидемия қарсы облыстық төтенше комиссия құру туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 29.08.2003 № 192 қаулысымен.
Жұқпалы аурулардың пайда болуынан және таралуынан алдын ала сақтандыру және облыста санитарлық-эпидемиялық жағдайды тұрақтандыру жөнінде облыс тұрғындарына ұйымдық және практикалық көмектер көрсету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Эпидемияға қарсы облыстық төтенше комиссия құрамы қосымшадағыға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Эпидемияға қарсы облыстық төтенше комиссия аса қауіпті жұқпалы аурулар пайда болған жағдайларда шаралар алатын болсын.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің «Эпидемияға қарсы төтенше комиссия туралы» 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 72 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Ә. Өтемісовке жүктелсін.
Басқа 5. Облыстық эпидемияға қарсы төтенше комиссияның
ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің
2001 жылғы 9 ақпандағы
№ 37 шешіміне қосымша
Облыстық эпидемияға қарсы төтенше комиссияның
ҚҰРАМЫ
Шавхат Әнесұлы Өтемісов - облыс әкімінің орынбасары, төраға
Александр Федорович Маючий - облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары
Алексей Иванович Бирюков - облыстық санитарлық эпидемиялық бақылау басқармасының бастығы, хатшы
Комиссия мүшелері:
Олег Ибатович Аманғалиев - «Ақжол халықаралық аэропорт ААҚ директоры
Ишанғали Иманбайұлы Әубәкіров - Батыс Қазақстан облысы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
Шәріп Әсемханұлы Байбатыров - Батыс Қазақстан облысы кеден басқармасының бастығы
Александр Константинович Гражданов - Орал обаға қарсы станциясының бастығы
Шамғон Мырзагерейұлы Қадырбеков - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Ердан Советұлы Қатаев - облыстық білім басқармасының бастығы
Бауыржан Сатқанұлы Имашев - ауыл шаруашылығы Министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының бастығы
Қазбек Оразұлы Кенжеғалиев – «Батыссу шаруашылығы» мемлекеттік республикалық кәсіпорын директоры
Марат Төлегенұлы Нұрғуатов - облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары
Елена Ивановна Тарасенко - Орал қаласы әкімінің орынбасары
Табылғали Сатқанұлы Сапаров - облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы
Нұрлан Өміртайұлы Сахтанов - «Қазақстан темір жолы» мемлекеттік республикалық кәсіпорыны Орал бөлімі тасымалының бастығы
Марат Мырзахметұлы Тәжмұқанов - Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының бастығы
Гүлсара Қапанқызы Шоқалова - облыс әкімінің әлеуметтік сала және қоғамдық саяси даму бөлімінің бас маманы