О создании банка данных о гражданах Республики Казахстан, привлеченных к уголовной ответственности, отбывающих наказание за рубежом и утверждении Инструкции по его ведению Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкін және оны жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Елден тыс жерлерде жүрген қазақстандық азаматтарды қорғауды және оларға қамқорлық жасауды мемлекетке міндеттейтін Қазақстан Республикасы Конституциясының 11-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкі құрылсын.
Тармақ 2
2. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкін жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген адамға карточка.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
Тармақша 2
2) мүдделі мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелеріне мәлімет және қызметте пайдалану үшін, Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкін жүргізу жөніндегі нұсқаулық
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бас Про­ку­ро­ры­ның 2014 жы­л­ғы 12 та­мы­зда­ғы № 81 бұй­ры­ғы­на 1-қо­сым­ша Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкін жүргізу жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы автоматтандырылған деректер банкін (бұдан әрі – деректер банкі) жүргізуді айқындайды.
Тармақ 2
2. Деректер банкі шетелдік мемлекеттердің аумақтарында қылмыс жасаған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын дұрыс есепке алуға арналған.
Тармақ 3
3. Есепке алуды және қалыптастыруды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүргізеді.
Тармақ 4
4. Деректер банкін қалыптастыруды Комитет электрондық форматта, осы бұйрыққа Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген адамға карточканы (бұдан әрі – карточка) толтыру арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының азаматын шетелдік мемлекеттердің аумақтарында қылмыстық жауаптылыққа тарту нәтижесінде соттау дерегі және Комитетке оған қатысты шетелдік мемлекет сотының заңды күшіне енген айыптау үкімінің (қаулысының) көшірмесін ұсыну есепке алу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 6
6. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшартында осы Нұсқаулықта көзделгеннен өзге ережелер белгіленген болса, онда халықаралық келісімшарттың ережесі қолданылады.
Тарау 2. 2. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкін толықтыру тәртібі
2. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкін толықтыру тәртібі
Тармақ 7
7. Деректер банкін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінен (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен (бұдан әрі – ҚР ӘМ), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен (бұдан әрі – ҚР ІІМ) және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінен (бұдан әрі – шетелдердегі мекемелер) алынған растау құжаттарының негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) шетелдік мемлекет сотының заңды күшіне енген айыптау үкімінің (қаулысының) көшірмесі;
Тармақша 2
2) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Тұлғада Заңның 6 - бабының 1-тармақшасында көзделген жеке басты куәландыратын құжаттардың жоқтығы жағдайында оларды есепке алу үшін көші-қон полиция органдары ҚР азаматтығының болуын растаумен қатар 1974 жылғы үлгідегі төлқұжатты және 1-нысанды пайдалануға болады;
Тармақша 3
3) Комитет бұрын мәліметтері жіберілген тұлғаларға қатысты үкімді өзгерту, босату, шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе өлімі туралы хабарламалар.
Тармақ 8
8. Деректер банкінде мәліметтері бар азаматтың жазбаша өтінішінің негізінде түзету ақпаратын енгізуге жол беріледі. Түзету енгізу туралы өтініші Комитетке жіберіледі. Өтініште көрсетілген сауалнамалық деректер өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтеріне сәйкес келуі тиіс. Тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін өзгерткен тұлғалар қазіргі және бұрынғы сауалнамалық деректерін көрсетеді. Түзету енгізу туралы өтінішке мыналар жалғанады: өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және сот тағайындаған жазаны өтеу немесе соттылықты алып тастау дерегін растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариус растаған, заңдастырылған, апостиль қойылған көшірмелері. Жіберілген құжаттың түпнұсқасын өтініш берушіге қайтару қажет болған жағдайда оны өтініште көрсету талап етіледі.
Тармақ 9
9. Комитеттің қызметкері растау құжаттарын алғаннан кейін бес (5) жұмыс күнінің ішінде ақпаратты карточкаға толтырады және оның графикалық көшірмелерін енгізеді.
Тармақ 10
10. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген ҚР азаматтары туралы деректер сот үкіміне сәйкес, міндетті түрде үкімнің заңды күшіне енген күнін көрсете отырып толтырылады. Мәліметтерді сотталған жөніндегі хабарламадан енгізген кезде, тиісті шетелдегі мекемеге сот үкімінің көшірмесін ұсыну туралы сұрау жолдау қажет.
Тармақ 11
11. Сауалнамалық деректер ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесінің негізінде енгізіледі. ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі болмаған жағдайда, ол жөніндегі қажетті мәліметтер ҚР құқық қорғау және арнайы органдарының ақпарат алмасу жүйесі арқылы қалыптастырылған құжаттардың негізінде енгізіледі.
Тармақ 12
12. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген адамдардың елін және ұлтын көрсетуге арналған цифрлық кодтар осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасындағы «Әлем мемлекеттерінің сөздігіне» және осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасындағы «Ұлттар сөздігіне» сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 13
13. Заңды күшіне енген айыптау үкімдерінің көшірмелерімен келіп түскен дактилоскопиялық карталар Комитеттің автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
Тармақ 14
14. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген адамдар туралы мәліметтер автоматтандырылған деректер банкінде тұрақты сақталады.
Тармақ 15
15. Растау құжаттары мен оларды ұсыну жөніндегі хат-хабар жеке номенклатуралық іске тігіледі.
Тарау 3. 3. Есепке алу үшін растау құжаттарын ұсыну тәртібі
3. Есепке алу үшін растау құжаттарын ұсыну тәртібі
Тармақ 16
16. Шетелдердегі мекемелер болу елдің құзыретті органдардан келіп түскен күнінен бастап 15 жұмыс күнінің ішінде растау құжаттарының Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне (бұдан әрі - ҚР СІМ КҚД) жібереді. Растау құжаттарынның жолдау мерзімдерін есептеу кезде курьерлік жеткізу кезеңі есептелмейді.
Тармақ 17
17. ҚР СІМ КҚД шетелдердегі мекемелерден келіп түскен құжаттарды бес (5) жұмыс күнінің ішінде Комитетке жөнелтеді.
Тармақ 18
18. Шетелдердегі мекемелер Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, деректер банкін толықтыру үшін қажетті барлық құжаттарды ұсынбаған жағдайда, Комитет ҚР СІМ КҚД арқылы, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесінен басқа тиісті шетелдегі мекемеден қосымша мәліметтерді сұратады.
Тармақ 19
19. ҚР СІМ КҚД шетелдердегі мекемелердің растау құжаттарын уақтылы ұсынуына бақылау жүргізеді.
Тармақ 20
20. Шетелдердегі мекемелер жылына бір рет ҚР СІМ КҚД-ге тиісті консулдық округтің аумағында сотталған және жазасын өтеп жүрген ҚР азаматтарының тізімдерін жібереді. Есепке алу үшін мәліметтерді толық ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында, Комитет жылына 1 (бір) рет шетелдердегі мекемелер ҚР СІМ КҚД-ге ұсынған тізімдік деректерді және автоматтандырылған деректер банкінің мәліметтерін салыстырып тексереді. Салыстырып тексеру нәтижелері 2 (екі) данада құрылатын және ҚР СІМ КҚД мен Комитет басшылары қол қоятын акт ретінде ресімделеді.
Тармақ 21
21. Департамент, ҚР ӘМ және ҚР ІІМ құжаттардың келіп түскен күнінен 15 жұмыс күнінің ішінде Комитет ҚР халықаралық келісімшарттарымен көзделген тәртіпте алынған, заңды күшіне енген айыптау үкімдерінің көшірмелерін жөнелтеді.
Тарау 4. 4. Есепке алуға жүгіну тәртібі
4. Есепке алуға жүгіну тәртібі
Тармақ 22
22. Деректер банкінің статистикалық мәліметтерін сұрату Комитетке өтініштің негізін көрсете отырып, тиісті сұрау жолдау арқылы жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Азаматтарға қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар және өзге органдар, ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар есепке алынған мәліметтерді Комитет пен оның аумақтық органдарының арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу және пайдалану саласындағы ақпараттық-анықтамалық қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес талап етеді.
Басқа 1-1
Қыл­мыстық жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ты­л­ған және жа­за­сын ше­тел­де өтеп жүр­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры ту­ра­лы де­ректер бан­кін жүр­гі­зу жө­нін­де­гі Нұс­қа­улы­ғы­на 1 қо­сым­ша­сы ӘЛЕМ МЕМ­ЛЕ­КЕТ­ТЕ­РІ­НІҢ СӨ­ЗДІ­ГІ Ав­стра­лия ода­ғы 021 Иор­дан Ха­ши­мит­тік Ко­роль­ді­гі 285 Па­на­ма Рес­пуб­ли­ка­сы Ав­стрия Рес­пуб­ли­ка­сы 025 Ирак Рес­пуб­ли­ка­сы 289 Па­пуа Жа­ңа Гви­нея Тәу­ел­сіз­дік Мем­ле­ке­ті Әзір­бай­жан Рес­пуб­ли­ка­сы 029 Иран Ис­лам Рес­пуб­ли­ка­сы 293 Па­раг­вай Рес­пуб­ли­ка­сы Ал­ба­ния Рес­пуб­ли­ка­сы 033 Ир­лан­дия 297 Пе­ру Рес­пуб­ли­ка­сы Ал­жир Ха­лық­тық Де­мо­кра­ти­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы 037 Ис­лан­дия 301 По­ляк Рес­пуб­ли­ка­сы Ан­го­ла Рес­пуб­ли­ка­сы 041 Ис­па­ния Ко­роль­ді­гі 305 Пор­ту­га­лия Рес­пуб­ли­ка­сы Ан­до­ра Княз­ді­гі 045 Ита­лия Рес­пуб­ли­ка­сы 309 Пу­эр­то-Ри­ко До­ста­стығы Ан­ти­гуа және Бар­бу­да 049 Йе­мен Рес­пуб­ли­ка­сы 313 Ре­юньон Ан­тил ара­лы 053 Ка­бо-Вер­де Рес­пуб­ли­ка­сы 317 Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы Ар­найы Әкім­ші­лік аудан Ао­мынь (Ма­као) 057 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы 321 Ру­ан­да Рес­пуб­ли­ка­сы Ар­ген­ти­на Рес­пуб­ли­ка­сы 065 Кам­бод­жа Ко­роль­ді­гі 325 Ру­мы­ния Ар­ме­ния Рес­пуб­ли­ка­сы 061 Ка­ме­рун Рес­пуб­ли­ка­сы 329 С. Вин­сент және Гре­на­ди­ны Ауған­стан Ис­лам Рес­пуб­ли­ка­сы 069 Ко­мор Арал­да­ры 369 Сент-Китс және Невис Фе­де­ра­ци­я­сы Ба­гам Арал­да­ры 073 Ка­на­да 333 Эль-Саль­ва­дор Рес­пуб­ли­ка­сы Бан­гла­деш Ха­лық Рес­пуб­ли­ка­сы 077 Ка­тар Мем­ле­ке­ті 337 Сан-Ма­ри­но Рес­пуб­ли­ка­сы Бар­ба­дос 081 Ке­ния Рес­пуб­ли­ка­сы 341 Де­мо­кра­ти­я­лық Сан-То­ме және Прин­си­пи Рес­пуб­ли­ка­сы Бах­рейн Ко­роль­ді­гі 085 Кипр Рес­пуб­ли­ка­сы 345 Са­уд Ара­би­я­сы Ко­роль­ді­гі Бе­ла­русь Рес­пуб­ли­ка­сы 089 Ки­ри­ба­ти Рес­пуб­ли­ка­сы 353 Сва­зи­ленд Ко­роль­ді­гі Бе­лиз 093 Кы­тай Ха­лық Рес­пуб­ли­ка­сы 349 Сей­шель Арал­да­ры Рес­пуб­ли­ка­сы Бель­гия Ко­роль­ді­гі 097 ҚХ­ДР 361 Се­не­гал Рес­пуб­ли­ка­сы Бе­нин Рес­пуб­ли­ка­сы 101 Ко­лум­бия Рес­пуб­ли­ка­сы 365 Сент-Лю­сия Бол­га­рия Рес­пуб­ли­ка­сы 105 Кон­го Де­мо­кра­ти­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы 373 Сер­бия Рес­пуб­ли­ка­сы Бо­ли­вия Кө­пұлт­тық Мем­ле­ке­ті 109 Ко­рея Рес­пуб­ли­ка­сы 377 Син­га­пур Рес­пуб­ли­ка­сы Бос­ния және Гер­це­го­ви­на 113 Ко­ста-Ри­ка Рес­пуб­ли­ка­сы 381 Си­рия Араб Рес­пуб­ли­ка­сы Бот­сва­на Рес­пуб­ли­ка­сы 117 Кот-д-Иву­ар Рес­пуб­ли­ка­сы 385 Сло­ве­ния Рес­пуб­ли­ка­сы Бра­зи­лия Фе­де­ра­ци­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы 121 Ку­ба Рес­пуб­ли­ка­сы 389 Со­ло­мон Арал­да­ры Бру­ней-Да­рус­са­лам Мем­ле­ке­ті 125 Ку­вейт Мем­ле­ке­ті 393 Со­ма­ли Фе­де­ра­тив­тік Рес­пуб­ли­ка­сы Бур­ки­на - Фа­со 129 Кыр­ғыз Рес­пуб­ли­ка­сы 357 Су­дан Рес­пуб­ли­ка­сы Рес­пуб­ли­ка Бу­рун­ди Рес­пуб­ли­ка­сы 133 Ла­ос Ха­лық-Де­мо­кра­ти­я­лық Респу?бли­ка­сы 397 Су­ри­нам Бу­тан Ко­роль­ді­гі 137 Лат­вия Рес­пуб­ли­ка­сы 401 Аме­ри­ка Құ­ра­ма Штат­та­ры Ва­ну­а­ту Рес­пуб­ли­ка­сы 141 Ле­со­то Ко­роль­ді­гі 405 Сьер­ра-Леоне Рес­пуб­ли­ка­сы Ва­ти­кан 145 Ли­бе­рия Рес­пуб­ли­ка­сы 409 Гон­конг Ар­найы әкім­ші­лік ауда­ны Ұлы­бри­та­ния және Сол­тү­стік Ир­лан­дии Бі­рік­кен Ко­роль­ді­гі 149 Ли­ван Рес­пуб­ли­ка­сы 413 Тә­жікс­тан Рес­пуб­ли­ка­сы Вен­грия 153 Ли­вия Мем­ле­ке­ті 417 Та­и­ланд Ко­роль­ді­гі Бо­ли­ва­ри­ан­дық Ве­не­су­э­ла Рес­пуб­ли­ка­сы 157 Ли­то­ви­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы 421 Тай­вань Шы­ғыс Ти­мор Де­мо­кра­ти­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы 161 Лих­тен­штейн Княз­ді­гі 425 Тан­за­ния Бі­рік­кен Рес­пуб­ли­ка­сы Вьет­на?м Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы 165 Люк­сем­бург Ұлы Гер­цог­ті­гі 429 То­го­лез Рес­пуб­ли­ка­сы Га­бон Рес­пуб­ли­ка­сы 169 Мав­ри­кий Рес­пуб­ли­ка­сы 433 Тон­га Ко­роль­ді­гі Га­и­ти 173 Мав­ри­тан Ис­лам Рес­пуб­ли­ка­сы 437 Три­ни­дад және То­ба­го Рес­пуб­ли­ка­сы Гай­а­на Ко­опе­ра­тив­тік Рес­пуб­ли­ка­сы 177 Ма­да­га­скар Рес­пуб­ли­ка­сы 441 Ту­ва­лу Гам­бия Рес­пуб­ли­ка­сы 181 Ма­ке­до­ния Рес­пуб­ли­ка­сы 445 Ту­нис Рес­пуб­ли­ка­сы Га­на Рес­пуб­ли­ка­сы 185 Ма­ла­ви Рес­пуб­ли­ка­сы 449 Түр­кі­мен­стан Гва­де­лу­па 189 Ма­лай­зия 453 Ту­рік Рес­пуб­ли­ка­сы Гва­те­ма­ла Рес­пуб­ли­ка­сы 193 Ма­ли Рес­пуб­ли­ка­сы 457 Уган­да Рес­пуб­ли­ка­сы Гви­а­на 197 Маль­див 461 Өзбек­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Рес­пуб­ли­ка­сы Гви­нея Рес­пуб­ли­ка­сы 201 Маль­та Рес­пуб­ли­ка­сы 465 Укра­и­на Гви­нея - Би­сау Рес­пуб­ли­ка­сы 205 Ма­рок­ко Ко­роль­ді­гі 469 Шы­ғыс Уруг­вай Рес­пуб­ли­ка­сы Гер­ма­ния Фе­де­ра­тив­тік Рес­пуб­ли­ка­сы 209 Мар­ти­ни­ка 473 Фи­джи Рес­пуб­ли­ка­сы Ги­брал­тар 213 Мек­си­ка Құ­ра­ма Штат­та­ры 477 Фи­лип­пин Рес­пуб­ли­ка­сы Гон­ду­рас Рес­пуб­ли­ка­сы 217 Мо­зам­бик Рес­пуб­ли­ка­сы 481 Фин­лян­дия Рес­пуб­ли­ка­сы Гре­на­да 221 Мол­до­ва Рес­пуб­ли­ка­сы 485 Фран­цуз Рес­пуб­ли­ка­сы Грек Рес­пуб­ли­ка­сы 225 Мо­на­ко Князь­ді­гі 489 Хор­ват Рес­пуб­ли­ка­сы Гру­зия 229 Мон­ғо­лия 493 Ор­та­лық Аф­ри­ка Рес­пуб­ли­ка­сы Да­ния Ко­роль­ді­гі 233 Мьян­ма Ода­ғы Рес­пуб­ли­ка­сы 497 Чад Рес­пуб­ли­ка­сы Джи­бу­ти Рес­пуб­ли­ка­сы 237 На­ми­бия Рес­пуб­ли­ка­сы 501 Чер­но­го­рия До­ми­ни­ка Бір­ле­сті­гі 241 На­у­ру Рес­пуб­ли­ка­сы 505 Чи­ли Рес­пуб­ли­ка­сы До­ми­ни­кан Рес­пуб­ли­ка­сы 245 Непал Фе­де­ра­тив­тік Де­мо­кра­ти­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы 509 Чех Рес­пуб­ли­ка­сы Бас­қа 829 Ни­гер Рес­пуб­ли­ка­сы 513 Швей­ца­рия Кон­фе­де­ра­ци­я­сы Еги­пет Араб Рес­пуб­ли­ка­сы 249 Ни­ге­рия Фе­де­ра­тив­тік Рес­пуб­ли­ка­сы 517 Швед Ко­роль­ді­гі За­ир Рес­пуб­ли­ка­сы 253 Ни­дер­ланд Ко­роль­ді­гі 521 Шри-Лан­ка Де­мо­кра­ти­я­лық Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы Зам­бия Рес­пуб­ли­ка­сы 257 Ни­ка­ра­гуа Рес­пуб­ли­ка­сы 525 Эк­ва­дор Рес­пуб­ли­ка­сы Ба­тыс Са­ха­ра 261 Жа­ңа Зе­лан­дия 529 Эк­ва­то­ри­ал­дық Гви­нея Рес­пуб­ли­ка­сы Са­моа Тәу­ел­сіз­дік Мем­ле­ке­ті 265 Нор­ве­гия Ко­роль­ді­гі 537 Эс­тон Рес­пуб­ли­ка­сы Зим­баб­ве Рес­пуб­ли­ка­сы 269 БАЭ 541 Эфи­о­пия Фе­де­ра­тив­тік Де­мо­кра­ти­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы Из­ра­иль Мем­ле­ке­ті 273 Оман Сұл­танды­ғы 545 Оң­тү­стік-Аф­ри­ка Рес­пуб­ли­ка­сы Үн­ді­стан Рес­пуб­ли­ка­сы 277 Пәкі­стан Ис­лам Рес­пуб­ли­ка­сы 549 Ямай­ка Ин­до­не­зия Рес­пуб­ли­ка­сы 281 Па­ле­сти­на 553 Жа­по­ния
Басқа 1-2
Қыл­мыстық жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ты­л­ған және жа­за­сын ше­тел­де өтеп жүр­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры ту­ра­лы де­ректер бан­кін жүр­гі­зу жө­нін­де­гі Нұс­қа­улы­ғы­на 2 қо­сым­ша­сы Авар 43 Лез­гин 40 Әзір­бай­жан 23 Лит­ва­лық 18 Ауған 45 Ли­ван 60 Ан­го­ла­лық 58 Ма­ри 13 Араб 54 Мол­да­ван 24 Ар­мян 15 Мон­ғол 57 Ас­си­ри­я­лық 38 Морд­ва 14 Бал­қар 34 Неміс 08 Баш­құрт 35 Пе­ру­лік 50 Бе­ло­рус 09 По­ляк 22 Бе­лудж 49 Пу­штун 48 Бер­бер­лік 47 Осе­тин 20 Бол­гар 12 Орыс 01 Вьет­нам­дық 51 Серб 56 Гви­не­ялық 59 Си­ри­я­лық 53 Грек 37 Тә­жік 10 Гру­зин 16 Та­тар 05 Дүн­ген 36 Түр­кі­мен 28 Ев­рей 03 Тү­рік 33 Ин­гуш 39 Өзбек 26 Үн­діс 46 Ұй­ғыр 29 Қа­зақ 02 Укра­ин 06 Қал­мақ 41 Фин 21 Қа­ра­қал­пақ 44 Фран­цуз 55 Қыр­ғыз 27 Цы­ган 04 Қы­тай 30 Ше­шен 42 Ко­рей 31 Чу­ваш 07 Ку­ба­лық 52 Эс­тон 19 Курд 32 Бас­қа ұлт­тар 25 Ла­тыш 17
Басқа 2. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген адамға карточка
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бас Про­ку­ро­ры­ның 2014 жы­л­ғы 12 та­мы­зда­ғы № 81 бұй­ры­ғы­на 2-қо­сым­ша Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген адамға карточка 1.*Қыл­мыстық жа­у­ап­ты­лық­қа тар­тқан ел____________________________­ко­ды _________ (ко­ды көр­се­ті­л­ген ата­уы) 2.* ТЕ­ГІ 2.1* АТЫ 2.2 ӘКЕ­СІ­НІҢ АТЫ 3. Жы­ны­сы: ер­кек (1), әй­ел (2). 4.* Ту­ған кү­ні « ____» ____________19____ж. 5. Туы­л­ған же­рі: __________________________________________________ 6. Ұл­ты (код­ты көр­се­ту­мен):________________________________ ко­ды _________ 7. Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат: № ______________, _______ж. «____» _____________ төл­құ­жат (1), же­ке ку­ә­лік (2), туу ту­ра­лы ку­ә­лік (3), өзге (4), боса­ты­луы ту­ра­лы анық­та­ма (5) _______________________________________ _______ж. «____» _____________ бер­ді кім және қа­шан 8. ЖСН ______________________________________ 9.*Қыл­мыстық заң­на­ма­ның бап­та­ры, қыл­мыстың си­па­ты __________________________________ (НҚА ба­бы және оның қыл­мыстық жа­у­ап­ты­лық­қа тар­тқан ел­де­гі ата­уы) _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__ 10. Ай­ып та­ғы­л­ған күн 20______ж. « _____ » __________________ 11. Сот­тал­ды­___________________________­_­_­_­_­_­_­_­__ (үкім шы­ғар­ған сот ор­га­ны­ның то­лық аты) 12. Сот ше­ші­мі шы­ға­ры­л­ған күн 20______ж. « _____ » __________________ 13. Қыл­мыстық заң­на­ма­ның ба­б­та­ры ___________________________________________________ 14. Бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру мер­зі­мі __________________________________________________ 15. Қо­сым­ша жа­за _______________________________________________________________­_­_­__ 16. Үкім заң­ды кү­шіне ен­ді 20______ж. « _____ » __________________ 17. Жа­за­лау мер­зі­мін өте­удің ба­стал­ған кү­ні 20______ж. « _____ » __________________ 18. Боса­ты­лу, қоз­ға­лыс ту­ра­лы мә­лі­мет­тер _______________________________________________ _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__ 19. Өзге бел­гі­лер __________________________________ (рас­тау құ­жат­та­ры­ның, гра­фи­ка­лық кө­шір­ме­лер­дің бо­луы) 20. ҚСжА­ЕК қыз­мет­ке­рі _____________________________________________________ 21. Мә­лі­мет­тер­ді ен­гі­зу кү­ні 20______ж. « _____ » ______________________________ 2.* ТЕ­ГІ 2.1* АТЫ 2.2 ӘКЕ­СІ­НІҢ АТЫ 2.* ТЕ­ГІ 2.1* АТЫ 2.2 ӘКЕ­СІ­НІҢ АТЫ Ескертпе: 1. * толтырылуы міндетті деректемелердің белгісі.