Об утверждении порядка предоставления земельных участков для разработки карьеров грунта Күшін жойған
Басқа 0
Топырақ карьерлерін пайдалану үшін
жер танаптарын беру тәртібін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 20.12.2004 № 248 шешімімен.
Топырақ карьерлерін пайдалану үшін жер танаптарын беруді тәртіпке келтіру, бұзылған жерлер санын қысқарту және жерді қалпына келтіруді дер кезінде жүргізу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Топырақ карьерлерін пайдалану үшін жер танаптарын берудің тәртібі туралы уақытша ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері Мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығының Атырау филиалымен бірге 2000 жылдың 1қазанына дейін топырақ карьерлерін пайдалану кезінде бұзылған жерлерге есеп жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Басқа 4
Облыс әкімінің 2000 жылғы
6 қыркүйек № 578 шешімімен
бекітілді
Топырақ карьерлерін өндіру үшін
жер учаскелерін беру туралы уақытша жағдай
Осы жағдай облыс аумағында топырақ карьерлерін өндіру үшін жер учаскелерін және жер пайдалану құқығын беру тәртібін белгілейді.
Жаңа ашылған топырақ карьерлерін өндіру үшін жер учаскелерін беру тәртібі.
Тармақ 1
1. Топырақ карьерлерін өндіру үшін жер пайдалану құқығын беру келесі тәртіпте орындалады.
1.1 жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтініш жолдау;
1.2 жерге орналастыру жобасын жасақтау және бекіту;
1.3 жергілікті жерде жер учаскелерінің шекарасын анықтау;
1.4 жер учаскесінің жер пайдалану құқығын дәлелдейтін құжаттарды дайындау және беру.
Тармақ 2
2. Жер учаскелерін алуға (уақытша жер пайдалану құқығын) мүдделі тұлғалар жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқару органына өтініш береді.
Өтініште сұралып отырған жер учаскесінің көлемі, топырақ көлемінің құрамы, пайдалану объектісі, оған пайдаланатын автокөліктер, механизмдер және олардың жылжу кестесі көрсетіледі.
Жер учаскелерін таңдау жергілікті қала және ауданның атқару органдары құрған комиссиямен атқарылады. Сұраныс беруші жер учаскесін беру келісімін өз күшімен орындайды.
Тармақ 3
3. Жергілікті атқару органның жер учаскесінің тиісті құқығын беру туралы шешімі жерге орналастыру жобасының негізінде қабылданады.
Тармақ 4
4. Жерге орналастыру жобасын жер ресурстары және жерге орналастыру Мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығының Атырау еншілес Мемлекеттік кәсіпорыны немесе оның филиалдары жасақтайды және келесі мағлұматтарды құрайды.
-заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік;
-ауданның мөлшері;
-учаскенің орналасқан жері туралы дерек;
-жер учаскесі құқығының түрі, ауыртпашылығы, сервитуттері;
-жер пайдалану құқығының сатып алу бағасы;
-сұраныс берушінің міндеті жоба бойынша жер учаскесін жерді уақытша алуға байланысты қапына келтіру, карьерді өндіру мерзімі, жер пайдаланушылар және ауылшаруашылығы немесе ауылшаруашылығы немесе ауылшаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу болып табылады.
-басқалай міндеттері.
Тармақ 5
5. Учаскеге орналасу үшін уақытша жер пайдалану құқығына жалға алу шартымен жасақталады, карьерді өндірудің мерзімі және нақты мақсаты көрсетіледі. Шартқа арнайы (1 қоымша) әр автокөлікке және механизм үшін келесі бетінде жылжу кестесі көрсетілген рұқсат қағаз беріледі.
Тармақ 6
6. Жерге орналастыру жобасы жерді пайдалану және қорғау жөніндегі инспекциясымен келісіледі.
Тармақ 7
7. Жерге орналастыру жобасын жасақтаушылар авторлық бақылау жүргізеді. Осы жұмыстарды атқару шығыны сұраныс берушінің шығыс сметасына енгізіледі.
Тармақ 8. Автокөліктің жылжу бағытының сызбасы
8. Карьерді өндіру біткен соң жергілікті атқару органы құрған комиссиясы (қалпына келтіру жерлерінің көлеміне бұрын бұзылған жерлер міндетті түрде кіреді) қабылдаған соң жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі және бұрынғы жер пайдаланушыға жер учаскесі қайтарылады.
Топырақ карьерлерін өндіру үшін осы мақсатта берілген жер учаскелерін беру тәртібі.
Жер учаскесін карьер үшін пайдалануға шекарасын белгіленген және жалға алу шартын алғаннан кейін рұқсат етіледі.
_____________________аудандық (қалалық) жер ресурстарын басқару жөніндегі
филиалының карьерден топырақ алуға РҰҚСАТЫ.
Берілді____________________________________________________________
(пайдаланушы ұйымының атауы)
Карьерден топырақты тасымалдау________________________________метр
Объектіге_________________________________________________________
(карьердің орналасқан жері)
Автокөлікке берілген мемлекеттік нөмір_______________________________
Жұмысқа кірісу рұқсат мерзімі___________________________________дейін
Карьердің сызбасын берілген рұқсаттың артқы бетінен қара.
Аудандық жер ресурстарының төрағасы
Автокөліктің жылжу бағытының сызбасы
Ескерту: Автокөліктің топырақпен жылжу бағытынан тыс жүруіне Қазақ ССР-нің «Әкімшілік құқық бұзу туралы» Кодексінің (55,55-2) баптарына сәйкес 8 есеп көрсеткішіне дейін айыппұл салынады.