О приватизации имущества районной коммунальной собственности Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, 37 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Құрманғазы аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектемировке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № 398 "Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы" қаулысы жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 414 қаулысына қосымша Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі № Мүліктің атауы Салынған жылы Теңгерім ұстаушысы 1 Қонақ үй ғимараты (жалпы ауданы 163,6 шаршы метр) 1973 "Атырау облысы Құрманғазы ауданы Азғыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі 2 Жылу қазандығы ғимараты ( жалпы алаңы 54,0 шаршы метр, бұзып алу жолымен) 1992 "Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі" мемлекеттік мекемесі 3 Жылу қазандығы ғимараты (жалпы ауданы 56,0 шаршы метр, бұзып алу жолымен) 1984 "С. Мұқанов атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі