Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже);
Тармақша 2
2) Қазақ Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
Тармақша 3
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қайта аталсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны іске асыруға бағытталған өнімді бөлу туралы келісімдерге және оларға ілеспе өзге де құжаттарға тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, көмірсутектер бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржол, электр энергетикасы, жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Министрліктің мынадай ведомствосы бар – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті.
Тармақ 3
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Министрлік, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынастарға түсуіне тыйым салынады. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Министрлікке заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, көмірсутектер бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржол, электр энергетикасы, жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілермен және нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) отын-энергетика кешенін дамытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Министрліктің құзыретіне жатқызылған салаларда халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 5
5) шикі газды қоса алғанда, көмірсутектерді молайтуды және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) өнімді бөлу туралы келісімдерден туындайтын өкілетті органның құзыретін іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) реттелетін салалардағы мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті құқықтық актілерді қабылдау; заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу; өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құру; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу; сотқа жүгіну; тексерулер мен сараптамалар жүргізуге басқа ұйымдардың мамандарын тарту; Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу немесе осындай актілердің бастамашылық жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беру; орталық және жергілікті атқарушы органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізу; Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту; халықаралық шарттар (келісімдер) жасасу жөнінде ұсыныстар енгізу, шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу, шарттар (келісімдер) жасасу; тексерілетін субъектілерді тексеру санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды жүргізу; реттелетін салаларда орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен меморандумдар (келісімдер) жасасу;
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, Заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау; реттелетін саладағы мәселелер бойынша білімді насихаттау; заңдарда, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) реттелетін салаларда стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
Тармақша 4
4) қоғамдық кеңес құрады;
Тармақша 5
5) қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарайды;
Тармақша 6
6) қоғамдық кеңес мүшелерінің Министрліктің және оның ведомстволарының жанындағы өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуын келіседі;
Тармақша 7
7) қоғамдық кеңестің және оның жұмыс топтарының құрамында өкілдік етуді жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) қоғамдық кеңестің жұмыс тобының құрамындағы Министрлік атынан өкілдіктің дербес құрамын айқындайды;
Тармақша 9
9) қоғамдық кеңестің жұмыс тобының құрамын бекітеді;
Тармақша 10
10) қоғамдық кеңестің құрамын бекітеді;
Тармақша 11
11) қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) Министрлік құратын қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдауларды өткізуінің мерзімдерін келіседі;
Тармақша 13
13) Министрліктің қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған жұмысының нәтижелері туралы есепті қоғамдық кеңеске ұсынады;
Тармақша 14
14) орталық және жергілікті атқарушы органдардың реттелетін салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) Министрліктің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпаратты сыныптауыштарды және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;
Тармақша 19
19) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша реттелетін салаларда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 20
20) реттелетін салаларда мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындайды;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектiлерінiң (объектілерінің) қызметiне қойылатын талаптарды белгілейді;
Тармақша 22
22) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 23
23) мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 24
24) реттелетін салаларда халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;
Тармақша 25
25) Министрліктің даму жоспарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 26
26) реттелетін салаларда техникалық регламенттерді әзірлейді, келіседі және өз құзыреті шегінде бекітеді;
Тармақша 27
27) реттелетін салаларда өз құзыреті шегінде лицензиялауды немесе рұқсат ету рәсімдерін жүзеге асырады;
Тармақша 28
28 реттелетін салаларда рұқсат ету бақылауын жүзеге асырады;
Тармақша 29
29) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен ақпарат сұратуды жүзеге асырады;
Тармақша 30
30) реттелетін салада рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
Тармақша 31
31) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлеп, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
Тармақша 32
32) газ және газбен жабдықтау, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу және мұнай тасымалдау, мұнай өнімдерін өндіру салаларында, магистральдық құбыр, көмірсутектер, электр энергетикасы, жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы саласында, жабдықтарды жобалау, салу, олардың пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамалары салаларында нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 32-1
32-1) мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 33
33) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 34
34) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салаларда тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеп, бекітеді және бекітілген тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін қалыптастыруы үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
Тармақша 35
35) өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 36
36) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестiң құрамын бекітеді;
Тармақша 37
37) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;
Тармақша 38
38) реттелетін саладағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігіне мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 38-1
38-1) мемлекеттік басқарудың реттелетін салаларында тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын биржалық тауарлардың сауда-саттығын мониторингтеуді жүргізеді;
Тармақша 38-2
38-2) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін биржалық тауарлар тізбесін, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келіседі;
Тармақша 38-3
38-3) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесін, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келіседі;
Тармақша 38-4
38-4) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға инвесторлар және олардың инвестициялық жобалары туралы мәліметтерді ұсынады;
Тармақша 39
39) өз құзыреті шегінде кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;
Тармақша 40
40) өндіру паспортын бекіту және кері қайтарып алу тәртібін, өндіру паспортының нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 41
41) жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру операцияларын жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 42
42) көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 43
43) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 44
44) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларына экономикалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібін келіседі;
Тармақша 45
45) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 46
46) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын бекітеді;
Тармақша 47
47) Қазақстан Республикасының көмірсутектер кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 48
Тармақша 49
49) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі орталық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 50
50) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 51
51) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының құрамын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 51-1
51-1) ғылыми-техникалық кеңесті құрады және оның ережесін бекітеді;
Тармақша 52
52) көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 53
53) көмірсутектерді барлау және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, көмір өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру кезінде есептер нысандары мен оларды ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 54
54) жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 55
55) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 56
56) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттарды қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
Тармақша 57
57) көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 58
Тармақша 59
Тармақша 60
Тармақша 61
61) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептің нысанын әзірлейді және оны жіберу мерзімдерін бекітеді;
Тармақша 61-1
61-1) шикі газды қайта өңдеуді дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамын және ол туралы ережені бекітеді;
Тармақша 62
62) өнім сапасы банкін қолдану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 63
63) жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 64
64) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 65
65) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде қайта өңдеу үшін мұнай беру графиктерін қалыптастырады;
Тармақша 66
66) 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мақсатында ресейлік мұнайды тасымалдау құнын бекітеді;
Тармақша 67
67) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар шарттарының орындалу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
Тармақша 68
68) өнімді бөлу туралы келісімдерде өкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған компанияның қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 69
69) халықаралық төрелік және шетелдік соттарда, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімдерден туындайтын дауларды сараптамалық реттеу кезінде Қазақстан Республикасының мүддесін қорғауды және білдіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 70
70) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды ұйымдастырады;
Тармақша 71
71) басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 72
72) көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын береді және тоқтатады, мерзімінен бұрын тоқтатады;
Тармақша 73
73) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келiсiмшарт жасасады;
Тармақша 74
74) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 75
Тармақша 76
76) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламаларын келіседі;
Тармақша 76-1
76-1) көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу тәртібін келіседі;
Тармақша 76-2
76-2) жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жұмыс істеу тәртібін, сондай-ақ оның ақпараттық ресурстарының, сервистері мен функцияларының тізбесін келіседі;
Тармақша 77
77) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша көмірсутектер саласында стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 77-1
77-1) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша көмірсутектер саласында стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесін жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 78
78) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттардың қолданысын қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 79
79) көмірсутектер бойынша келісімшарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, ұлттық компаниямен келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартын жасасады;
Тармақша 80
Тармақша 81
81) банктік салым кепілі шартын жасасу тәртібін және оның көмірсутектер өндіру саласындағы үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 82
82) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 83
83) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің шарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 84
84) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеу тәртібін айқындайды;
Тармақша 85
85) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия немесе өндіруге арналған лицензия, жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат береді;
Тармақша 86
86) жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі сауда-саттыққа қатысуға рұқсат береді;
Тармақша 87
87) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының ұсыныстары негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді иеліктен шығаруға рұқсат береді;
Тармақша 88
88) мұнай өнімдерін өндірушілерге өндіріс паспортын бекітеді;
Тармақша 89
89) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жер қойнауын пайдаланушылармен көмірсутектерді өндіру саласындағы кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасады;
Тармақша 90
90) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 91
91) кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер шарттарының орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады, сондай-ақ оның қорытындыларын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, электрондық сатып алу жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы ұсынылатын жер қойнауын пайдаланушылардың мәліметтері негізінде Министрліктің интернет-ресурсында жариялайды;
Тармақша 92
92) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту, қазақстандық кадрларды оқыту, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 93
93) көмірсутектер өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 94
94) теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу үшін пайдаланылатын теңіз объектілерін салу мен орналастыруға рұқсаттар береді;
Тармақша 95
95) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 96
96) көктемгі егіс пен жиын-терін жұмыстарын және жылу беру кезеңін ескере отырып, жыл сайын мұнай өнімдерін өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестелерін бекітеді;
Тармақша 97
97) жыл сайын мұнайды және қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу жоспарларын бекітеді;
Тармақша 98
98) ай сайын мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін жеткізу жоспарларын бекітеді;
Тармақша 99
99) мұнай өнімдерін беру жоспарын қалыптастыру тәртібін әзірлейді;
Тармақша 100
100) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 101
101) мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 101-1
101-1) мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторды айқындайды;
Тармақша 102
102) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу үшін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің түрлері бойынша және мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер (мұнай өнімдерін өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы), импорттаушылар бойынша нақты тәулік сайынғы өндіру, өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы ақпаратты «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) тармақшасында көзделген тәртіппен ұсынады;
Тармақша 103
103) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өңдеудің жыл сайынғы бекітілген (оның ішінде түзетілген) жоспарларын, мұнай берушілер (жер қойнауын пайдаланушылар) бөлінісінде барлық мұнай өңдеу зауыттарына (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқандар) мұнай тасымалдаудың ай сайынғы кестелерін, мұнай берушілер (жер қойнауын пайдаланушылар) бөлінісінде Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша мұнай өнімдерін жеткізудің ай сайынғы жоспарларын (кестелерін) ұсынады;
Тармақша 104
104) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп беру графиктерін жер қойнауын пайдаланушыларға арнап бекітеді;
Тармақша 105
105) мұнай өнімдерінің экспортына және (немесе) импортына қатысты кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қабылдау туралы ұсыныстар әзірлейді және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
Тармақша 106
106) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілейді;
Тармақша 106-1
106-1) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге шекті бағаларды белгілейді;
Тармақша 106-2
106-2) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге, сондай-ақ бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге шекті бағаны айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 107
107) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында ведомстволық статистикалық байқау жүргізеді;
Тармақша 108
108) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісілген нысандар бойынша мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында әкімшілік есепке алуды жүзеге асырады;
Тармақша 109
109) мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілердің тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Тармақша 110
110) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен мұнай өнімдерінің көтерме жеткізулеріне байланысты қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдайды;
Тармақша 111
111) мұнай өнімдерін өндіру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 112
112) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 113
113) шикі газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 114
114) шикі газды алау етіп жағуға рұқсаттар береді;
Тармақша 115
115) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 115-1
115-1) газбен жабдықтау жүйелері объектілерін газ тарату жүйесіне қосу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 116
116) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 117
117) магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидаларын және магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 117-1
117-1) магистральдық құбыржол салу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 118
118) өнім түрлері бойынша ұлттық операторларды айқындайды, сондай-ақ олар туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 119
119) мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 120
120) жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 121
121) магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 122
122) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 123
123) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 124
124) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың мұнай өнімдерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 124-1
124-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор жеткізетін мұнай өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 125
125) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас және өңірлік схемаларын дайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 125-1
125-1) Қазақстан Республикасын газдандырудың өңірлік схемаларын келіседі;
Тармақша 126
126) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзірлейді және бекітеді әрі оның іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 127
127) тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің, сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 128
128) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде инвесторларға ілеспе газды беру тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 129
129) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес газ және газбен жабдықтау саласында әріптестік туралы шарттар жасасады;
Тармақша 130
130) газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 131
131) ұлттық оператордың немесе дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдарының меншігіндегі тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеліктен шығаруды келіседі;
Тармақша 132
132) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 133
133) тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндіру, өткізу және тұтыну теңгерімін жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 134
134) тоқсан сайын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын бекітеді;
Тармақша 135
135) магистральдық газ құбырларын салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жобаларын келіседі;
Тармақша 136
136) құжаттармен расталған мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі немесе тауарлық газдың бағасын сараптауды жүзеге асырады және бекітеді;
Тармақша 137
137) Қазақстан Республикасының көмірсутектерді сатып алуға арналған артықшылықты құқығын іске асыру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 138
138) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша он бесінші мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы жылға арналған шектi бағаларын бекiтедi;
Тармақша 139
139) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілейді;
Тармақша 140
140) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында тауарлық газды өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын кейіннен 1 шілдеден бастап бесжылдық кезеңге бекіте отырып, жоба пайдалануға енгізілген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешiктiрмей бекiтедi және қажет болған кезде жыл сайын 1 шілдеде түзетіп отырады;
Тармақша 141
141) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын жаңа электр қуаттары пайдалануға берілген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешiктiрмей бекiтедi;
Тармақша 142
142) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 143
143) Қазақстан Республикасының аумағында тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндірудің, өткізудің және тұтынудың алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамды теңгерімін жасайды;
Тармақша 144
144) тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 145
145) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 145-1
145-1) сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстырудың өңірлік коэффициенттерін есептеу және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану кезіндегі ысырапты есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 145-2
145-2) өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 146
146) тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 147
147) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастырады;
Тармақша 148
148) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 149
149) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 150
150) өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 151
151) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру кезінде шикізат ретінде пайдалануға қажетті көлемдердегі сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесін бекітеді;
Тармақша 152
152) мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібіне сәйкес мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін бекітеді;
Тармақша 153
153) тауарлық газды өндірушілердің, өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылардың, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелерінің, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелерінің, газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарының есебін жүргізеді және тізбесін интернет-ресурста жариялайды;
Тармақша 154
154) сұйытылған мұнай газын өндірушілерді есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін өзінің интернет-ресурсында жариялайды;
Тармақша 155
155) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс жерде және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжатты береді;
Тармақша 156
156) көмірсутектерді өндірудің, өткізудің және тұтынудың ұлттық теңгерімін жүргізеді;
Тармақша 157
157) Қазақстан Республикасы газының, мұнайының және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) теңгерімін әзірлейді;
Тармақша 158
158) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер газының, мұнайының және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) теңгерімін келіседі;
Тармақша 158-1
158-1) шикі мұнай мен газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастырудың және оның жұмыс істеуінің тәртібіне сәйкес ақпаратты өңдеу, сақтау, пайдалану, оның ішінде беру және тарату мақсаттарында шикі мұнай мен газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесіне қосу үшін ақпарат жинауды жүзеге асырады;
Тармақша 159
159) өндірістік объектілерді шикі мұнай мен газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыру тізбесі мен мерзімдерін бекітеді;
Тармақша 160
160) өндірістік объектілерді шикі мұнай мен газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 161
161) шикі мұнай мен газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастырудың және оның жұмыс істеуінің тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 162
162) мұнайды және газ конденсатын есепке алу ақпараттық жүйесінің операторын айқындайды;
Тармақша 163
163) теңізде және қорғау аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптарды белгілейді;
Тармақша 164
164) азаматтық қорғаныс және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 165
165) реттелетін салаларда техникалық регламенттерді әзірлеу немесе техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірлеу туралы ұсыныстар дайындауды және стандарттау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізуді жүзеге асырады;
Тармақша 166
166) реттелетін салаларда техникалық регламенттер әзірлеу жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 167
167) техникалық регламенттерді бекітуді, олардың күшін жоюды, тоқтата тұруды, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерге өзгерістер енгізуді жүзеге асырады;
Тармақша 168
168) құзыреті шеңберінде стандарттау саласындағы мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 169
169) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 170
170) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сәйкестікті міндетті растауға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 171
171) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 172
172) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
Тармақша 173
173) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құрады;
Тармақша 174
174) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді және орындауды жүзеге асырады;
Тармақша 175
175) техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестердің құрамын және олар туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 176
176) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысады;
Тармақша 177
177) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 178
178) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірлеу туралы ұсыныстар дайындайды және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізеді;
Тармақша 179
Тармақша 180
Тармақша 181
Тармақша 182
Тармақша 183
Тармақша 184
Тармақша 185
Тармақша 186
Тармақша 187
Тармақша 188
Тармақша 189
Тармақша 190
Тармақша 191
Тармақша 192
Тармақша 193
Тармақша 194
Тармақша 195
Тармақша 196
Тармақша 197
Тармақша 198
Тармақша 199
Тармақша 200
Тармақша 201
Тармақша 202
Тармақша 203
Тармақша 204
Тармақша 205
Тармақша 206
Тармақша 207
Тармақша 208
Тармақша 209
Тармақша 210
Тармақша 211
Тармақша 212
Тармақша 213
Тармақша 214
Тармақша 215
Тармақша 216
Тармақша 217
Тармақша 218
Тармақша 219
Тармақша 220
Тармақша 221
Тармақша 222
Тармақша 223
Тармақша 224
Тармақша 225
Тармақша 226
Тармақша 227
Тармақша 228
Тармақша 229
Тармақша 230
Тармақша 231
Тармақша 232
Тармақша 233
Тармақша 234
Тармақша 235
Тармақша 236
Тармақша 237
Тармақша 238
238) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 239
239) инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 240
240) тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын бекітеді және өзгерістер енгізеді;
Тармақша 240-1
240-1) инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді;
Тармақша 240-2
240-2) табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындылары бойынша ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей, бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалуын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын белгіленген тәртіппен табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді;
Тармақша 241
241) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін келіседі;
Тармақша 242
242) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
Тармақша 243
243) орталықтандырылған сауда нарығының операторын айқындайды;
Тармақша 243-1
243-1) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығын айқындайды;
Тармақша 243-2
243-2) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны айқындайды;
Тармақша 243-3
243-3) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-3-бабы 3-1-тармағының 3) және 4) тармақшалары шеңберінде алынған қаражатты пайдалану туралы энергия өндіруші ұйымдардың есептік ақпаратын қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуы тұрғысынан қарайды және қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылмау фактісі анықталған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдарға жіберілетін қаражат көлемін азайту туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 243-4
243-4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтауының сенімділік көрсеткіштері туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
Тармақша 244
Тармақша 245
245) электр энергиясына және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифтерді бекітеді;
Тармақша 246
246) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;
Тармақша 246-1
246-1) гибридті топтардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 247
247) электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;
Тармақша 247-1
247-1) жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымдардың «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-3-бабы 3-1-тармағының 3) және 4) тармақшалары шеңберінде алынған қаражатты электр қуатын әзірлікте ұстап тұруға жіберу тәртібін бекітеді;
Тармақша 247-2
247-2) сағаттық мөлшерлемелерді ескере отырып, электр энергиясының шекті тарифіне теңгерімдеу үшін үстемеақыны айқындау әдістемесін бекітеді;
Тармақша 247-3
247-3) жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта есепті жылға белгіленген жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін өзгерту тәртібін бекітеді;
Тармақша 248
248) жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;
Тармақша 249
249) энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді бұзушылықтар және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
Тармақша 250
250) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 251
251) электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 252
Тармақша 253
Тармақша 254
254) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша электр байланысы жоқ өңірлер үшін Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесімен электр энергиясының көтерме нарығының жұмыс істеу және оны ұйымдастыру ерекшеліктерін айқындайды;
Тармақша 255
Тармақша 256
256) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 257
257) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 258
258) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 259
259) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 260
260) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 261
261) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекiтеді;
Тармақша 262
262) Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидаларды әзірлейді және бекiтеді;
Тармақша 263
263) энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілер үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 264
264) энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілер үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекітеді;
Тармақша 265
265) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 266
266) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 267
267) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 268
268) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 269
269) энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 270
270) электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 271
271) энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 272
272) электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 273
273) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 274
274) жүйелік оператордың қызметтер көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 275
275) электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді
Тармақша 275-1
275-1) бірыңғай сатып алушының құрамына жылу электр орталықтары кіретін және/немесе электр қуаты нарығында ұзақ мерзімді шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алуы; бірыңғай сатып алушының электр энергиясының орталықтандырылған сауда саттығының қорытындысы бойынша энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алуы; бірыңғай сатып алушының электр энергиясының көтерме сауда нарығында энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға, электр энергиясын тұтынушыларға және цифрлық майнерлерге электр энергиясын сатуы шарттарының үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 276
276) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 277
277) энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосылу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 277-1
277-1) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптарды айқындайды;
Тармақша 277-2
277-2) цифрлық майнерлер үшін электр энергиясына квотаны айқындау тетігін бекітеді;
Тармақша 277-3
277-3) электр энергиясын көтерме тұтынушылар болып табылатын цифрлық майнерлердің қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алу тәртібін айқындайды;
Тармақша 278
278) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 279
279) маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 280
280) электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 281
281) маневрлік генерациялау режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 282
282) маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыны айқындайды;
Тармақша 283
283) электр желілік қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 284
284) энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 285
285) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 286
286) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 287
287) электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы тергеп-тексеру жүргізу, электр энергетикасы саласындағы, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 288
288) техникалық жаңғыртудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 289
289) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 290
290) жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 290-1
290-1) жылу энергиясын өндіру және тасымалдау бөлігінде жылу энергетикасының түйінді көрсеткіштерін әзірлейді;
Тармақша 290-2
290-2) жылу энергиясын өндіру және тасымалдау бөлігінде жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді;
Тармақша 290-3
290-3) тиісті уәкілетті органдар әзірлеген, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер, жылу энергиясын өндіру, тасымалдау, өткізу және тұтыну секторлары, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жылу энергетикасының түйінді және нысаналы көрсеткіштерін бекітеді;
Тармақша 290-4
290-4) орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 290-5
290-5) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялау мен жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 290-6
290-6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялау мен жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 290-7
290-7) жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялау мен жаңғыртуды кредиттеуді және субсидиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 290-8
290-8) жылумен жабдықтау субъектілерінің қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау кезінде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 290-9
290-9) жылумен жабдықтау субъектілерінің қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 290-10
290-10) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алуды жүргізеді;
Тармақша 290-11
290-11) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілерінің жылу энергетикасы объектілері мен олардың құрамына кіретін ғимараттардың, үй-жайлардың, құрылысжайлар мен жабдықтың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
Тармақша 290-12
290-12) жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 290-13
290-13) жылумен жабдықтау субъектілері мен жылу энергиясын тұтынушылардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 290-14
290-14) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 01.11.2024 № 915 қаулысымен;
Тармақша 290-15
290-15) өндірістік бақылау туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 290-16
290-16) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 290-17
290-17) жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің деректерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 290-18
290-18) қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындының нысанын бекітеді;
Тармақша 290-19
290-19) тексерулердің жылдық тізімінің нысанын және тексерулер тізімінің нысанын бекітеді;
Тармақша 290-20
290-20) тексеруді тағайындау туралы актінің, тексеру нәтижелері туралы актінің, тексеруді ұзарту туралы актінің, тексеруді тоқтата тұру туралы актінің, тексеруді қайта бастау туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын бекітеді;
Тармақша 290-21
290-21) жұмыстан тыс уақытта тексеруді жүргізу туралы бұйрықтың нысанын бекітеді;
Тармақша 290-22
290-22) анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысанын бекітеді;
Тармақша 291
291) жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 292
292) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 293
293) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 294
294) электр қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларында, мамандарында техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 295
295) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді зерттеп-қарау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 296
296) электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 297
297) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді;
Тармақша 298
298) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша осы тендердің жеңімпазымен шарт жасасады;
Тармақша 299
299) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша жеңімпазды айқындайды, онымен бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады;
Тармақша 300
300) электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін бекітеді;
Тармақша 301
301) электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 302
302) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 303
303) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарттарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 304
304) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 305
305) электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 306
306) жүйелік операторды айқындайды;
Тармақша 307
307) электр қуатының жүктеме көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 308
308) тұлғалар топтарының тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатын құруға арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 309
309) тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 309-1
309-1) теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шартының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 309-2
309-2) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін теңгерімдеу аймақтарын айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 309-3
309-3) теңгерім провайдерлерінің қызметіне қойылатын талаптарды айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 309-4
309-4) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімдерді жүйелік операторға беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 309-5
309-5) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерін іріктеу және іске қосу тәртібін белгілейді;
Тармақша 309-6
309-6) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы тиісті теңгерімдеу аймағы үшін операциялық тәуліктің тиісті сағатына сатып алатын теңгерімдеуші электр энергиясының көлемін айқындау тәртібін белгілейді;
Тармақша 309-7
309-7) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының теңгерімдеуші электр энергиясын сатудың сағаттық орташа өлшемді бағаларын есептеу тәртібін белгілейді;
Тармақша 309-8
309-8) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерін және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің сағаттық теңгерімсіздіктерін есептеу тәртібін белгілейді;
Тармақша 309-9
309-9) теңгерімдеуші электр энергиясы нарығы субъектілерінің Орталық Азия мемлекетінің энергия жүйесімен теңгерімдеу аймағының шекарасындағы электр энергиясының сальдо-ағымдарының ауытқулары үшін жауапты болу тәртібін айқындайды;
Тармақша 309-10
309-10) энергия өндіруші ұйымдардың жүйелік операторға алдағы жоспарлау тәуліктерінің әрбір сағатына жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға өтінімдер беру тәртібін белгілейді;
Тармақша 309-11
309-11) теңгерім провайдерлерінің тізбесін қалыптастыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 309-12
309-12) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының энергия беруші ұйымдармен электр энергиясын беруге арналған шарттар жасасу және электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеу жағдайлары мен тәртібін айқындайды;
Тармақша 309-13
309-13) теңгерімдеуші нарықтың субъектілерімен қосылу шартының үлгілік нысанын бекітеді;
Тармақша 309-14
309-14) жаңартылатын көздердің электр энергиясын сату бағасына арттыру коэффициентін есептеу тәртібін айқындайды;
Тармақша 309-15
309-15) жаңартылатын көздердің электр энергиясын сату бағасына төмендету коэффициентін есептеу тәртібін айқындайды;
Тармақша 309-16
309-16) электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын желіге жіберудің жоспарлы мәнінен жол берілетін ауытқу мәнін айқындау тәртібін белгілейді;
Тармақша 309-17
309-17) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы операциялық тәуліктердің тиісті сағаттарында сататын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін теңгерімдеу аймақтарының теріс теңгерімсіздіктерінің көлемдерін айқындау тәртібін белгілейді;
Тармақша 309-18
309-18) теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерін және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің теңгерімсіздіктерін есептеу тәртібін бекітеді;
Тармақша 309-19
309-19) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілерін төмендетіп (жоғарылатып) теңгерімдеудің ең төмен көлемдерін есептеу тәртібін айқындайды;
Тармақша 310
310) бекітілген қағидаларға сәйкес тізілімді қалыптастырады және жүргізеді;
Тармақша 311
311) тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 312
312) тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжанатын тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 313
313) тізілімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар пайдалануға енгізетін генерациялайтын қондырғыларға арналған орналастыру орнын (алаңдарды), отынның типі мен түрін келіседі;
Тармақша 314
314) электр энергиясын беру саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 315
315) электр энергиясын беру саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау кезінде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 315-1
315-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 316
316) электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 317
317) электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің мөлшерлерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 318
318) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-4 және 15-6-баптарына сәйкес электр қуаты нарығында жасалған электр қуатын әзірлікте ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттар бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде тартылатын қарыздар бойынша сыйақылар шығындарын да қамтитын электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын, сондай-ақ теңгерімдеу үшін үстемеақыны айқындау әдістемесін бекітеді;
Тармақша 318-1
318-1) электр энергиясына арналған шекті тарифтерге сағаттық мөлшерлемелерді айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 319
319) нарық кеңесін айқындайды, сондай-ақ нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 320
320) бірыңғай сатып алушы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлердің жеңімпаздарымен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің көлемдерін және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;
Тармақша 321
321) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісімдер жасасады;
Тармақша 321-1
321-1) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 322
322) электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 323
323) электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 324
324) бірыңғай сатып алушыны айқындайды;
Тармақша 325
325) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 583 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 326
326) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 327
327) бірыңғай сатып алушы уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім жасасқан, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің көлемдерін және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;
Тармақша 328
328) құрамына жылу электр орталықтары кіретін, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен бірыңғай сатып алушы жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 329
329) бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметке бағаны есептеу және интернет-ресурста орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 330
330) жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 331
331) тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді;
Тармақша 332
332) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін сатып алынатын мүліктің (активтердің) тізбесіне электр энергиясын енгізу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 333
333) жүйелік оператордың «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 334
334) электр энергетикасы кәсіпорындарының объектілер мен жабдықтардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады;
Тармақша 335
335) қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатқа сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және жаңартады;
Тармақша 336
336) көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен береді, сондай-ақ әзірлік паспортын алу үшін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалғанын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;
Тармақша 337
337) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін энергия беруші ұйымдардың электр немесе жылу желілеріне қосуға бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 338
338) негізгі жабдықтың тоқтауына, өртке, жарылыстарға, Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiкке бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге алып келген, электр станцияларының, электр желiлерiнiң жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргiзедi;
Тармақша 339
339) электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерді жүзеге асырады;
Тармақша 340
340) мерзiмдер мен орындауға жауапты адамдар көрсетілген, сондай-ақ электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтпеген персоналды жұмыстан шеттету туралы белгіленген үлгiдегi нұсқама бередi;
Тармақша 341
341) мыналарды: Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын, сондай-ақ энергетикалық жабдықты пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуын; энергетикалық жабдықты, электр станцияларын, электр желілерін, тұтынушылардың электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуын; электр энергиясын өндірудің, берудің, жабдықтаудың және тұтынудың сенімділігі мен қауіпсіздігін; техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін тексеруден өтпеген жұмыскерлердің электр қондырғыларында жұмыс істеуге жіберілмеуін немесе жұмыстан шеттетілуін; энергия өндіруші ұйымдардың (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдардың және жүйелік оператордың, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңге даярлығын және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуін мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 341-1
341-1) энергетикалық жабдықты пайдалану және оның техникалық жай-күйі, энергия өндіруші ұйымдар (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор бөлігінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қашықтан бақылау және тексеру, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі мен «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырады;
Тармақша 341-2
341-2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру, электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 341-3
341-3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына сәйкес электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 341-4
341-4) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінде: Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын, сондай-ақ жылу энергетикасы объектілерін пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуын; жылу энергетикасы объектілерін және олардың құрамына кіретін ғимараттарды, үй-жайларды, құрылысжайлар мен жабдықты қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуын; жылумен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігін, жылумен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігін; техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден өтпеген жұмыскерлердің жұмысқа жіберілмеуін немесе одан шеттетілуін; жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің дайындығы мен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде жүзеге асырылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 341-5
341-5) жылу энергетикасы объектілерін пайдалану және оның техникалық жай-күйі, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілер бөлігінде жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес – қашықтан бақылау және тексеру, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі мен «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырады;
Тармақша 341-6
341-6) технологиялық бұзушылықтар сыныптамасын бекітеді;
Тармақша 342
342) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
Тармақша 343
343) тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес еместігі туралы ақпарат жібереді;
Тармақша 343-1
343-1) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының талаптарына сәйкес еместігі туралы ақпаратты жібереді;
Тармақша 344
344) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың негізгі жабдығының тозуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 344-1
344-1) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жылу энергетикасы объектілері мен жылу желілерінің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, жаңартып отыруды және жариялауды қоса алғанда, жылу энергетикасының жай-күйін ұдайы мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 345
345) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарау жүргізу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексерулер және электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезінде сарапшыларды тартады;
Тармақша 346
346) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдарды қарауды жүзеге асырады;
Тармақша 347
347) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;
Тармақша 348
348) жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 349
349) энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 350
350) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 351
351) энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға жұмсалатын шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 352
352) қаржы-есеп айырысу орталығына мемлекеттік қаржылық қолдау ұсыну қағидаларын бекітеді;
Тармақша 353
353) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және басым тұтынушыға қайта бөлу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 353-1
353-1) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарын бөлу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 354
354) басым тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің түрін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі қуатының көлемі мен орналасатын жерін келіседі;
Тармақша 355
355) аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды айқындау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 356
356) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыны айқындайды;
Тармақша 357
357) аукциондық сауда-саттықты өткізу мерзімдерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің түрлері бойынша жоспарланып отырған қуат шамаларын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері орналастырылатын болжамды аймақтарды (аудандарды) айқындайды;
Тармақша 358
358) маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық өткізу графигін әзірлейді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды;
Тармақша 359
359) маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарды тексеруді жүзеге асыратын комиссияны қалыптастырады;
Тармақша 360
360) маневрлік генерациялау режимі бар реттеуші генерациялайтын қондырғылардың көлемін, пайдалануға беру мерзімдерін айқындайды;
Тармақша 361
361) шекті аукциондық бағаларды бекітеді;
Тармақша 361-1
361-1) тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 361-2
361-2) тіркелген тарифтерді бекітеді;
Тармақша 362
362) энергия өндiрушi, энергия беруші ұйымдардың технологиялық мұқтаждарына электр және жылу энергиясының шығыс нормаларын регламенттейтін нормативтік құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;
Тармақша 363
363) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекітеді;
Тармақша 364
364) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
Тармақша 365
365) электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін жобалау, салу, пайдалану және олардың техникалық қауіпсіздігі саласындағы ұлттық стандарттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 366
366) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 367
367) жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді және оны жүзеге асырады;
Тармақша 368
368) электр немесе жылу желілеріне ең жақын қосу нүктесін айқындау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 369
369) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, өнеркәсіптік кешендермен, тікелей тұтынушылармен және басым тұтынушылармен жасалатын шарттарының тиісті үлгілік нысандарын бекітеді;
Тармақша 370
370) тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 371
371) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеп, бекітеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
Тармақша 372
372) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 583 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 373
Тармақша 374
374) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 375
375) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін бекітеді;
Тармақша 376
376) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 377
377) резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 378
378) нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 378-1
378-1) нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сатудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 378-2
378-2) ауқымы шағын объектілерді электр желілеріне қосу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 379
379) мемлекеттік органдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және жаңартылатын энергия көздерін дамыту мен пайдалану жөніндегі ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді;
Тармақша 379-1
379-1) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын бір сағатқа және (немесе) тәулікке және (немесе) айға және (немесе) тоқсанға және (немесе) жылға (жылдарға) сатып алу тәртібін белгілейді;
Тармақша 379-2
379-2) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға, электр энергиясын тұтынушыларға, шартты тұтынушыларға, сондай-ақ электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға электр энергиясына шекті тарифтерден жоғары тарифпен электр энергиясын сату тәртібін белгілейді;
Тармақша 379-3
379-3) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының басқа елдердің электр энергиясын жеткізушілерінен (өндірушілерінен) электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыруының тәртібін айқындайды;
Тармақша 379-4
379-4) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын басқа елдердің тұтынушыларына сатуды жүзеге асыруының тәртібін айқындайды;
Тармақша 379-5
379-5) бірыңғай сатып алушының тарифтерді саралау арқылы көтерме сауда нарығының тұтынушылары үшін атаулы қолдау көрсетуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 379-6
379-6) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатуға арналған болжамды бағаларды айқындау тәртібін айқындайды;
Тармақша 379-7
379-7) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алу тәртібін айқындайды;
Тармақша 379-8
379-8) цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 379-9
379-9) шартты тұтынушылар мен басым тұтынушылардың электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу бағалары мен көлемдерін электр энергиясын бірыңғай сатып алушының есептеу тәртібін айқындайды;
Тармақша 379-10
379-10) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты бар жаңартылатын көздер үшін электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін түзету тәртібін айқындайды;
Тармақша 379-11
379-11) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алу мен сатуды жүзеге асыру, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жұмыс істеуі кезінде өзара есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 379-12
379-12) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алу және сату бағаларын айқындау тәртібін айқындайды;
Тармақша 379-13
379-13) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған электр энергиясына ақы төлеу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
Тармақша 379-14
379-14) бірыңғай сатып алушының энергия өндіруші ұйымдардан және электр энергиясының жаңартылатын көздерінен сатып алынған электр энергиясына ақы төлеу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
Тармақша 379-15
379-15) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері (электр энергиясын кепілдікпен берушілерден басқа) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған электр энергиясына ақы төлеу тәртібін белгілейді;
Тармақша 379-16
379-16) электр энергиясын кепілдікпен берушілердің электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алынған электр энергиясына ақы төлеуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 379-17
379-17) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жұмыс істеген кезде электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне сәйкес аударуға жататын ақша қаражатының сомасын есептеу тәртібін белгілейді;
Тармақша 379-18
379-18) энергия өндіруші ұйымдардан сатып алынған электр энергиясы үшін ақша қаражаты сомасын төлеу тәртібін белгілейді;
Тармақша 379-19
379-19) цифрлық майнерлердің электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу тәртібін бекітеді;
Тармақша 380
380) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын қарауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 380-1
380-1) арыз иелері көтеріп отырған жүйелі проблемаларды талдайды және анықтайды;
Тармақша 381
381) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 382
382) реттелетін салалардағы кадрларға қажеттілікті айқындайды;
Тармақша 383
383) Министрлік қызметінің бағыттары бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 384
384) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 385
385) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпаратты ашық бюджеттердің интернет-порталында орналастырады;
Тармақша 386
386) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 5-тармағында көрсетілген ақпаратты мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың интернет-порталында орналастырады;
Тармақша 387
387) ақпараттың сапасына және уақтылы берілуіне ішкі бақылау жүргізеді;
Тармақша 388
388) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 388-1
388-1) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 21.10.2025 № 885 қаулысымен;
Тармақша 388-2
388-2) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 21.10.2025 № 885 қаулысымен;
Тармақша 388-3
388-3) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 21.10.2025 № 885 қаулысымен;
Тармақша 388-4
388-4) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемдері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 388-5
388-5) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында ұйымдардың жұмылдыру дайындығын жоспарлайды, ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүргізеді;
Тармақша 388-6
388-6) ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттар жасасады, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 388-7
388-7) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
Тармақша 388-8
388-8) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға береді;
Тармақша 388-9
388-9) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 388-10
388-10) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 388-11
388-11) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режиміне көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
Тармақша 388-12
388-12) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және (немесе) бекітеді;
Тармақша 388-13
388-13) жұмылдыру жоспарларын әзірлейді, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
Тармақша 388-14
388-14) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 388-15
388-15) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысады;
Тармақша 388-16
388-16) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының үздіксіз жұмыс істеуін және халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқарудың тиісті саласында арнайы құралымдарды ұйымдастырады және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 388-17
388-17) тиісті мемлекеттік басқару саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру үшін жауап береді, сондай-ақ жұмылдыру органдарының қызметкерлеріне олардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды;
Тармақша 388-18
388-18) Министрліктің азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 388-19
388-19) нормативтерді, нормативтік техникалық құжаттар мен қағидаларды әзірлейді, бекітеді және (немесе) келіседі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік салалық есепке алуды жүргізеді және осы деректерді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
Тармақша 388-20
388-20) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;
Тармақша 388-21
388-21) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 15.05.2026 № 403 қаулысымен;
Тармақша 388-22
388-22) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 15.05.2026 № 403 қаулысымен;
Тармақша 388-23
388-23) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау бойынша шығыстардың көлемі мен құрылымы жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 388-24
388-24) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 15.05.2026 № 403 қаулысымен;
Тармақша 388-25
388-25) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 15.05.2026 № 403 қаулысымен;
Тармақша 388-26
388-26) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 15.05.2026 № 403 қаулысымен;
Тармақша 388-27
388-27) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 15.05.2026 № 403 қаулысымен;
Тармақша 388-28
388-28) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 15.05.2026 № 403 қаулысымен;
Тармақша 388-29
388-29) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 15.05.2026 № 403 қаулысымен;
Тармақша 388-30
388-30) ведомстволық бағынысты ұйымдардағы өрттердің алдын алу жөнінде іс-шаралар жүргізеді;
Тармақша 388-31
388-31) азаматтық қорғаудың салалық кіші жүйелеріне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 388-32
388-32) ведомстволық бағынысты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің запастарын құрады және олардың сақталуын, жаңартылуын және қолдануға әзірлікте ұсталуын ішкі бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 388-33
388-33) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Министрліктің жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 388-34
388-34) Министрліктің қосалқы (қалалық) және көмекші басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 388-35
388-35) 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 15.05.2026 № 403 қаулысымен;
Тармақша 389
389) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралар кешенінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 390
390) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 391
391) төтенше жағдайлардың туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда залал мен шығындар мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеуінің орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жөнінде жедел шаралар қабылдайды;
Тармақша 392
392) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 393
393) жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындайды;
Тармақша 394
Тармақша 395
Тармақша 396
Тармақша 397
Тармақша 397-1
Тармақша 397-2
Тармақша 397-3
Тармақша 398
Тармақша 399
Тармақша 400
Тармақша 401
Тармақша 401-1
Тармақша 401-2
Тармақша 402
Тармақша 403
Тармақша 404
Тармақша 405
Тармақша 406
Тармақша 406-1
Тармақша 406-2
Тармақша 406-3
Тармақша 406-4
Тармақша 406-5
Тармақша 406-6
Тармақша 406-7
Тармақша 406-8
Тармақша 406-9
Тармақша 406-10
Тармақша 406-11
Тармақша 406-12
Тармақша 407
407) жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізеді;
Тармақша 408
408) жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 409
409) басым құқықты іске асыру туралы мәселені қарау және ол бойынша шешім қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 410
410) жер қойнауын пайдаланушыны бақылауды өзгерту туралы хабарлама нысандарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 411
411) ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, хабарлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 412
412) электрондық нысанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып аукционды өткізу тәртібін айқындайды;
Тармақша 413
413) жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 414
414) көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану талаптарын бұзу салдарынан келтірілген нұқсанның мөлшерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 415
415) көмірсутектерді барлау және өндіруді жүргізу кезінде консервациялау және жою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 416
416) көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша мемлекеттік орган қабылдаған міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етулерді ұсыну және есепке алу тәртібін айқындайды;
Тармақша 417
417) білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп көмірсутектерді өндіру кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 418
418) ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп көмірсутектерді өндіру кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 419
419) мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 420
420) сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесін бекітеді;
Тармақша 421
421) көмірсутектерге қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 422
422) көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын ұсыну нысандары мен қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 423
423) тәуелсіз сарапшыларды тарту және біліктілік тұрғысынан іріктеу, сондай-ақ тәуелсіз сараптамаға ақы төлеу тәртібін айқындайды;
Тармақша 424
424) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін, оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, аталған тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 425
425) қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жер қойнауы ресурстарына залалды экономикалық бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 426
426) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде өндірген мұнайды өлшеу және салмақтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 427
427) теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 428
428) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 429
429) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекітеді;
Тармақша 430
430) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасы нысандарының мазмұнын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 431
431) табиғи нысандағы міндеттемелерді орындау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 432
432) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, шарттарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 433
433) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына тұрақсыз конденсатты өткізу жөніндегі айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 434
434) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер бұрын Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өңделген алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын осы салық төлеушілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 434-1
434-1) салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, мемлекеттік кіріс органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну тәртібін, сондай-ақ ұсынылатын деректердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 434-2
434-2) салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 435
435) құбырлар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 436
436) жеңіл көмірсутектердің үлкен фракциясын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге өткізуді жүзеге асыруды келіседі;
Тармақша 437
437) өз құзыреті шегінде көмірсутектер саласындағы құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 438
438) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды реттейді;
Тармақша 439
439) көмірсутектер бойынша жобалау құжаттары ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 440
440) мұнайды және шикі газды өндіру мен олардың айналымының бірыңғай дерекқорын жүргізеді;
Тармақша 441
Тармақша 442
442) мемлекеттің басым құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 443
443) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторын айқындайды;
Тармақша 444
444) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторын айқындау жөніндегі өлшемшартты бекітеді;
Тармақша 445
445) электр станцияларының тізбесіне тұтынушыларды енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 446
446) электр станцияларының тізбесін бекітеді;
Тармақша 447
447) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 448
448) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 449
449) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салаларда тексеру және профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 450
450) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 451
451) Министрліктің бюджеттік бағдарламаларын әзірлейді, бекітеді және қайта бекітеді;
Тармақша 452
452) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 453
Тармақша 454
454) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша заттай нормаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 455
455) қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің белгіленген тәртібін сақтай отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқауларды қажет болған жағдайларда шығарады;
Тармақша 456
456) бюджеттік мониторингті және оның нәтижелері туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асырады;
Тармақша 457
457) тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
Тармақша 458
458) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;
Тармақша 459
459) өздеріне қатысты Министрлік басқару органы болып табылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 460
460) ведомстволық бағынысты республикалық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 461
461) ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
Тармақша 462
462) ведомстволық бағынысты республикалық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
Тармақша 463
463) ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
Тармақша 464
464) стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлейді;
Тармақша 465
465) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының салалық нормативтерін әзірлейді, бекітеді және келіседі;
Тармақша 466
466) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салаларының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 467
467) мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 467-1
467-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 467-2
467-2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құрады;
Тармақша 467-3
467-3) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат береді;
Тармақша 467-4
467-4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
Тармақша 467-5
467-5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;
Тармақша 467-6
467-6) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар береді және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарайды;
Тармақша 467-7
467-7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 467-8
467-8) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастырады;
Тармақша 467-9
467-9) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізеді және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасады;
Тармақша 467-10
467-10) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 467-11
467-11) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсынады;
Тармақша 467-12
467-12) арнайы құқық субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді;
Тармақша 467-13
467-13) цифрлық трансформациялауды жүргізеді;
Тармақша 467-14
467-14) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер құрады;
Тармақша 467-15
467-15) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган бекіткен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереженің негізінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 467-16
467-16) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлейді және (немесе) жаңартады;
Тармақша 467-17
467-17) реттелетін салалардағы кәсіптік стандарттарды әзірлейді және (немесе) жаңартады;
Тармақша 467-18
467-18) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекітеді;
Тармақша 467-19
467-19) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 467-20
467-20) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;
Тармақша 467-21
467-21) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастырады;
Тармақша 467-22
467-22) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 467-23
467-23) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ол белгілеген тәртіппен қызметтің реттелетін салаларындағы ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін бекітеді;
Тармақша 467-24
467-24) отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын айқындайды;
Тармақша 467-25
467-25) отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәртіпті белгілейді;
Тармақша 467-26
467-26) отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығын айқындайды;
Тармақша 467-27
467-27) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады және шаралар қабылдайды;
Тармақша 467-28
467-28) қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін өтініш берушілердің өндірісін бағалауға қатысады;
Тармақша 468
468) заңдарда, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Министрлікті басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.
Тармақ 17
17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Министрлік реттейтін салалардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды;
Тармақша 2
2) өз қызметінде өзінің бақылауында болатын комитеттердің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Құрылтайында, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлік атынан өкілдік етеді;
Тармақша 4
4) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 5
5) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
Тармақша 6
6) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және бұрыштама қояды;
Тармақша 7
7) ведомстволар актілерінің күшін жояды немесе толық немесе ішінара тоқтата тұрады;
Тармақша 8
8) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
Тармақша 9
9) тиісті Үкімет шешімі қабылданған жағдайда жарғылық капиталына мемлекет тікелей және жанама қатысатын, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіреді;
Тармақша 10
10) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
Тармақ 21
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
Тармақ 22
22. Аппарат басшысы аумақтық органдар басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Тарау 4. 4-тарау. Министрліктің мүлкі
4-тарау. Министрліктің мүлкі
Тармақ 23
23. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 24
24. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 25
25. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Министрлік өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 26
26. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлім 1. Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» акционерлік қоғамы».
Тармақ 2
2. «Достық Энерго» акционерлік қоғамы.
Тармақ 3
3. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы.
Тармақ 4
Тармақ 5
5. «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» акционерлік қоғамы.
Тармақ 6
Тармақ 7
Тармақ 8
8. «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Бөлім 2. Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің тізбесі
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 14
14. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 15
15. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 16
16. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 17
17. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 18
18. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 19
19. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 20
20. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 21
21. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 22
22. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Бөлім 3. Министрліктің мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Министрліктің мемлекеттік мекемелерінің тізбесі «Капиталмұнайгаз» мемлекеттік мекемесі. _________________________
Басқа 758. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2014 жы­л­ғы 19 қыр­күй­ек­те­гі № 994 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде: "Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне"; мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 20-7, 20-8, 20-9, 20-10, 20-11-жолдармен толықтырылсын: "20-7. "Достық Энерго" акционерлік қоғамы". 20-8. "Қазаэросервис" акционерлік қоғамы. 20-9. "Еуразия су орталығы" ғылыми-өндірістік бірлестігі" акцинерлік қоғамы. 20-10. "Жасыл даму" акционерлік қоғамы. 20-11. "Ядролық технологиялар паркі" акционерлік қоғамы"; "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне" деген бөлім және реттік нөмірі 237-45-жол алып тасталсын; "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне" деген бөлім және реттік нөмірлері 300, 300-1, 300-2-жолдар алып тасталсын; "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитетіне" деген бөлім және реттік нөмірі 310-жол алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
Тармақ 3
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің қайта аталатын мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2014 жы­л­ғы 19 қыр­күй­ек­те­гі № 994 қа­улы­сы­на 1-қо­сым­ша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің қайта аталатын мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департамент Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментіне.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департамента Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаментіне.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департамента Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментіне.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамента Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамента Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментіне.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменте Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментіне.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департамент Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментіне.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департамента Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментов.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментіне.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментов.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамента Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментіне.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментіне.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қайта аталатын мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2014 жы­л­ғы 19 қыр­күй­ек­те­гі № 994 қа­улы­сы­на 2-қо­сым­ша Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қайта аталатын мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің қайта аталатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындарынын тізбесі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2014 жы­л­ғы 19 қыр­күй­ек­те­гі № 994 қа­улы­сы­на 3-қо­сым­ша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің қайта аталатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындарынын тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің "Геофизикалық зерттеулер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Геофизикалық зерттеулер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
Тармақ 2
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі "Қарағандышахтатарату" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Қарағандышахтатарату" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
Басқа 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2014 жы­л­ғы 19 қыр­күй­ек­те­гі № 994 қа­улы­сы­на 4-қо­сым­ша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. 1-тармағын қоспағанда, "Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 273-құжат).
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 826 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 49, 445-құжат).
Тармақ 3
3. "Мемлекет қатысатын мұнай және газ саласындағы ұйымдардың қызметін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4, 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 16, 192-құжат).
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 502 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 456-құжат).
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1390 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 77-78, 1134-құжат).
Тармақ 6
6. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" мемлекеттік мекемесін "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамына қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1174 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 162-құжат).
Тармақ 7
7. "Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1816 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 10, 196-құжат).
Тармақ 8
8. "Қазмұнайұңғымажою" акционерлік қоғамын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 756 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 43, 634-құжат).
Тармақ 9
9. 1-тармағын қоспағанда, "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 17, 302-құжат).
Тармақ 10
10. 1-тармағын қоспағанда, "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1413 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 74, 980-құжат).
Тармақ 11
11. 1-тармағын қоспағанда, "Ақмола облысы Қорғалжын ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанындағы "Ақмола су арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 сәуірдегі № 348 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 27, 222-құжат).