О мерах по борьбе с саранчовыми Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шегірткемен күрес жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 16.01.2002 № 9 шешімімен. 2000 жылы жүргiзiлген тексерудiң қорытындысы бойынша шегiртке жайлаған алқап 1463,5 мың гектарды құрады, оның 559,0 мың гектары өңдеуге жатады. 2001 жылы облыс аумағында шегiрткемен күресуге дер кезiнде әзiрлену және оны сапалы өткiзу мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерiмен және ауруларымен көресуге әзiрлену және өткiзу жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрiп отыратын облыстық штаб төмендегiдей құрамда құрылсын: Абат Қадемұлы Есенғалиев - облыс әкiмiнiң орынбасары, штаб бастығы Штаб мүшелерi: Алексей Иванович Бирюков - облыстық мемлекеттiк санитарлық эпидемиялық бақылау басқармасының бастығы Бауыржан Сатқанұлы Имашев - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармасының бастығы Шамғон Мырзагерейұлы Қадырбеков - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ғайса Хамидоллаұлы Қапақов - Орал қаласы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Ғилым Зайреденұлы Қуанышев - облыс әкiмi аппаратының агроөнеркәсiптiк кешенi бөлiмiнiң меңгерушiсi Александр Федорович Маючий - облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың бастығы Табылғали Сатқалиұлы Сапаров - облыстық ауыл шаруашылығы департаментiнiң бастығы Роберт Хамитұлы Сүйербаев - облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Қайсар Әбiлекұлы Сұлтанбаев - облыстық жол полициясы басқармасының бастығы Марат Нұржанұлы Оразғалиев - облыстық орман және биоқорлар жөнiндегi аумақтық басқарманың бастығы Асқар Шәңгерейұлы Хамитов - облыстық қаржы басқармасының бастығы Владимир Николаевич Чуриков – «Фитосанитария» республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның облыстық филиалының директоры
Тармақ 2
2. Шегiртке үйiрiмен күресуге әзiрлену және ұйымдастыру жөнiндегi шаралар (№ 1 қосымша) және аудандардағы жоспарланған жұмыс көлемi (№ 2 қосымша) бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi мемлекеттiк қордың және шаруашылық субъектiлердiң жерлерiнде шегiрткемен күресудi ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде штабтар құрсын және шаралар әзiрлеп, бекiтсiн. Адамдар мен ауыл шаруашылығы малдарының улануын болдырмау мақсатында тұрғындар арасында түсiнiк жұмыстарын жүргiзсiн, шаруашылық субъектiлерiнiң жұмыстарды жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн орындауын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармасы: ауыл шаруашылығы дақылдары зиянкестерiнiң, әсiресе шегiрткенiң таралуы мониторингiн және жүргiзiлетiн химиялық жұмыстар технологиясының сақталуын тиiстi түрде бақыласын және қадағаласын; меншiктiң нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жерлерiнде пайдаланылған инсектицидтердiң ыдыстарын қайтарсын, жинап сақтасын; химиялық жұмыстар жүргiзiлетiн жерлерде пестицидтердi тасымалдаудың, сақтау мен қолданудың ережелерiн сақтасын; пайдаланылған ыдыстарды пайдалануды және көмудi, сондай-ақ пестицидтердiң жарамсыз қалдықтарын көмудi жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. «Фитосанитария» республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның облыстық филиалы үстiмiздегi жылдың 10 мамырына дейiн шегiртке жайлаған жерлерге, әсiресе, Ресей Федерациясымен шектесетiн аумақтарға көктемгi-жазғы тексеру жүргiзсiн және 2001 жылы жөндеуге жататын алқаптар бойынша нақтыланған мәлiметтердi тапсырсын.
Тармақ 6
6. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Есенғалиевке жүктелсiн.
Басқа 7. 2001 жылы Батыс Қазақстан облысында шегiрткемен күресу жұмыстарына әзiрлену және оны өткiзу жөнiндегi ШАРАЛАР
Облыс әкімінің 2001 жылғы 13 ақпандағы № 49 шешіміне № 1 қосымша 2001 жылы Батыс Қазақстан облысында шегiрткемен күресу жұмыстарына әзiрлену және оны өткiзу жөнiндегi ШАРАЛАР №№ Шаралардың мазмұны Орындалу мерзімі Жауапты орындаушылар 1. Шегiрткемен күресу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру әдiстерiн үйрету үшiн семинарлар өткiзу 30 наурызға дейiн Шаруашылық субъекті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы, аудандардың әкімдері 2. Өсiмдiктердiң ауруымен және зиянкестерiмен күресу жөнiндегi жұмыстар үшiн бүрiккiш техникаларды әзiрлеу, олардың қосу талаптарына сәйкестiгiне құжаттар беру 1 сәуiрге дейiн ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы, «Фитосанитария» РМК филиалы 3. Көктемгi тексерулер жүргiзу 1. Күбiршек бойынша бақылау 2. Салған тұқымдары бойынша 25 сәуiрге дейiн 25 мамырға дейiн ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің облыстық аумақтың басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы департаменті, аудандар әкімдері 4. Агротехникалық шараларды жүргiзу (дискiлеу, тырмалау, жырту) 10 мамырға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы департаменті, ауылдық (селолық) округтер әкімдері 5. Пестицидтердi қолдану кезiнде жұмыс берушілердің денсаулық пен еңбектi қорғау талаптарын орындауын бақылау және дәрiгерлiк тексеру ұйымдастыру 10 мамырға дейiн Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық санэпидстанция басқармасы 6. Пестицидтермен қамтамасыз ету: 1. Пестицидтердi тасып әкелу және қабылдап алуды ұйымдастыру 2. Пестицидтердi сақтау және пайдаланушыларға беру 30 сәуiрге дейiн 20 маусымға дейiн ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы 7. Мемлекеттiк қордағы жерлерге шегiрткенiң таралу, ауа райы-климаттық жағдайлар циклiн есепке алып, химиялық өңдеу жүргiзу: 1. Итальяндық шегiртке түрiне қарсы 2. Азиялық шегiрткеге қарсы 25.05.-30.06 5.06.-10.07 ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы департаменті, аудандардың әкімдері, аудандық аумақтық басқармалар 8. Мемлекеттiк емес қорлардағы жерлерде шегiрткемен күресу жөнiнде химиялық жұмыстар жүргiзудi ұйымдастыру және жергiлiктi бюджет есебiнен жану-жағар майлармен және басқа материалдармен қамтамасыз ету: 1. Итальяндық шегiртке түрiне қарсы 25.05.-30.06 ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы департаменті, облыстық қаржы басқармасы 9. Пестицидтердi қолдану кестесiнiң және жүргiзiлетiн жұмыстар технологиясының сақталуын бақылауды жүзеге асыру Ұдайы ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы, аудандардың әкімдері 10. Химиялық өңдеудi аяқтаған соң орындаушыларға еңбек ақы төлеу және инсектицидтердi есептен шығару жөнiнде құжаттар әзiрлеу 1 қыркүйекке дейiн ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы, аудандардың әкімдері, ауылдық (селолық) округтердің әкімдері 11. Шегiрткеге жазғы тексеру жүргiзу: 1. Итальяндық шегiртке түрiне 2. Азиялық шегiртке түрiне 1 қыркүйекке дейiн 10 қыркүйекке дейiн ҚР Ауыл шаруашылығы облыстық аумақтық басқармасы «Фитосанитария» РМК филиалы 12. Шегiрткеге күбiршегi бойынша күзгi бақылау жүргiзу: 1. Итальяндық шегiртке түрiне 2. Азиялық шегiртке түрiне 25 қыркүйекке дейiн 10 қазанға дейiн ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы «Фитосанитария» РМК филиалы 13. 2002 жылға арналған шегiрткемен күресу жөнiндегi жұмыс көлемiне белгiленген есептi тапсыру 1 қарашаға дейiн ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы «Фитосанитария» РМК филиалы
Басқа 8. 2001 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша шегiртке үйiрiмен күресу жөнiндегi жоспарланған жұмыстар көлемi
Облыс әкімінің 2001 жылғы 13 ақпандағы № 49 шешіміне № 2 қосымша 2001 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша шегiртке үйiрiмен күресу жөнiндегi жоспарланған жұмыстар көлемi Аудан­дар ата­уы Бар­лық ауы­л­ша­руашы­лы­ғы жер­ле­рі мың.га Жай­ла­ға­ны мың.га Хи­ми­я­лық өң­де­ле­тін жер­дің жос­пар­лан­ған жұ­мыстар кө­ле­мі Пе­сти­цид­тер қа­жет­ті­лі­гі, кин­микс есе­бі­мен 10% (1,5 л/га) Аг­ро­тех­ни­ка­лық әдіс мың.га Бар­лы­ғы Со­ның ішін­де Мем­ле­кет­тік қор жер­ле­рін­де Ша­ру­а­шы­лық субъ­ек­ті­ле­рі­нің жер­ле­рін­де Ита­льян-дық ше­гірт­ке тү­рі Ази­я­лық ше­гірт­ке Ита­льян-дық ше­гірт­ке тү­рі Ази­я­лық ше­гірт­ке Ақ­жай­ық 2369,6 97,3 28,0 14,0 14,0 - - 4,2 - Бө­кей­ор­да­сы 1560,2 108,7 34,0 25,0 5,0 4,0 - 5,1 - Бөр­лі 518,4 79,0 19,7 10,0 - 9,7 - 2,8 3,0 Жа­ңа­қа­ла 1923,4 265,2 80,5 16,0 60,0 4,5 - 12,0 - Жәні­бек 797,0 175,3 80,8 60,0 10,0 10,8 - 12,0 - Зе­ле­нов 673,9 151,9 58,1 35,0 15,0 8,1 - 8,6 5,0 Қазта­лов 1777,3 221,2 86,0 11,0 70,5 4,5 - 12,0 - Қа­ра­т­ө­бе 963,9 121,2 34,5 27,0 5,0 2,5 - 5,0 2,0 Сы­рым 1122,7 159,2 43,6 30,0 10,0 3,6 - 6,4 3,0 Тас­қа­ла 787,7 53,6 14,5 10,0 - 4,5 - 2,0 - Те­ректі 754,7 96,6 25,0 20,0 - 5,0 - 3,7 4,0 Шың­ғыр­лау 687,5 100,1 25,3 21,0 - 4,3 - 3,7 3,0 Орал қа­ла­сы 53,6 23,0 9,0 0,5 - 8,5 - 1,3 - Бар­лы­ғы 13989,9 1652,3 539,0 279,5 189,5 70,0 - 78,8 20,0