Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек на территории населенных пунктов Павлодарской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Р. Нұрбеков «20» тамыз 2014 жыл Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы С. Оспанова «20» тамыз 2014 жыл
Басқа 4. Павлодар облысының елді мекендері аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету қағидалары
Павлодар облыстық мәслихатының (V сайланған ХХХIV сессиясы) 2014 жылғы 20 тамыздағы № 288/34 шешімімен бекітілді Павлодар облысының елді мекендері аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Павлодар облысының елді мекендері аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстаудың және серуендетудің осы Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Павлодар облысының елді мекендері аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Қағидалар меншік нысанына қарамастан, иттерді және мысықтарды күтіп-ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - иелері) қолданылады.
Тармақ 3
3. Қағидалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес әзірленген.
Тармақ 4
4. Осы Қағидалар Павлодар облысының елді мекендерінің барлық аумағында қолданыста болады.
Тарау 2. 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Тармақ 5
5. Жергілікті атқарушы органның ветеринария бөлімшесі – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, аудан, қала әкімдігімен ветеринария саласындағы функцияларды жүзеге асыруға уәкіл етілген атқарушы орган.
Тармақ 6
6. Иттерді және (немесе) мысықтарды серуендету – иттер мен мысықтардың тұрған жайдан сырт жерде немесе арнайы қарастырылған аумақтарға болуы.
Тармақ 7
7. Иттер және (немесе) мысықтардың иесі – жеке меншік құқығы бойынша итке және (немесе) мысыққа иелік етуші тұлға, немесе иесімен келісім бойынша шарт негізінде жауарды күтіп-ұстаумен айналысатын тұлға.
Тармақ 8
8. Иттерді және (немесе) мысықтарды күтіп-ұстау – иттер және (немесе) мысықтардың толыққанды тіршілік қарекетін қамтамасыз ету үшін іске асырылатын әрекеттер.
Тармақ 9
9. Иттерді және (немесе) мысықтарды серуендету орны - ауданның, қаланың жергілікті атқарушы органының шешімімен арнайы бөлінген жерге орналастырылған қоршалған алаң.
Тарау 3. 3. Иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау тәртібі
3. Иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау тәртібі
Тармақ 10
10. Жануарға санитариялық анықтама болған жағдайда ғана иттерді және (немесе) мысықтарды сатып алуға және сатуға, оларды басқа тұлғаға беруге рұқсат етіледі.
Тармақ 11
11. Иттерді және (немесе) мысықтарды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері және өзге нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Осы Қағидалардың талаптары сақталған жағдайда иттерді және (немесе) мысықтарды ұстауға рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1) бір отбасы орналасқан тұрғын жайларда;
Тармақша 2
2) бірнеше отбасы тұратын тұрғын жайларда пәтерде тұрып жатқан барлық тұрғындардың жазбаша келісімімен тек өзінің тұрғын жай аумағында;
Тармақша 3
3) кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, азаматтардың бақ өсіруімен айналысатын және коммерциялық емес саяжайлар бірлестіктерінде, демалыс базаларында иттер байлауда немесе вольерлерде, айналасындағыларды мазалауға мүмкіндік бермейтін және қауіп туғызбайтын жағдайда ұсталуға тиісті.
Тармақ 13
Тармақ 14
14. Жол берілмейді:
Тармақша 1
1) иттер және (немесе) мысықтарды көпшілік пайдаланатын орындарда (ас үйлер, дәліздер, баспалдақ алаңдары, жертөлелер, шатыр астылары, лоджиялар, балкондар және қосалқы үй-жайларда), көп қабатты үйлер және тұрғын үй-жайлары жанындағы аумақтарда (иелеріне жеке меншік құқығы бойынша тиесілі тұрғын үй қоры үйлерінің жанындағы аумақтардан басқа) ұстауға;
Тармақша 2
2) иттер және (немесе) мысықтарды ұстауға және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына әкелуге, дүкендердің саудалық және өндірістік жайларына, мектепке дейінгі және білім беру мекемелеріне, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы ғимараттарға, және де медициналық, емдік-профилактикалық денсаулық сақтау мекемелеріне әкелуге жол берілмейді. Адамдарды құтқару және іздеу, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметтік иттерден басқа.
Тармақ 15
15. Иті және (немесе) мысығы бар иелерін қонақ үй әкімшілігінің келісімі бойынша, санитариялық-гигиеналық ережелер сақталған кезде, қонақ үйге орналастыруға рұқсат етіледі.
Тармақ 16
16. Иттер және (немесе) мысықтарды жекелеген тұрғын үй қорында, ғимараттарда, және оларға тиесілі аумақтарда жердің иелерінің рұқсатымен немесе басқа да заңды тұлғалардың келісімімен ұстауға рұқсат етіледі. Иттер қоршауы жануарлардың қашып кетуіне мүмкіндік бермейтін, қоршалған аумақта, адамдар мен басқа жануарларға шабуыл жасай алмайтын жағдайда ұсталуға тиіс. Аумақта ит бар екені туралы кіреберісте ескерту тақтасы хабарламасы ілінуі қажет.
Тармақ 17
Тармақ 18
18. Иттер мен мысықтарды зообұрыштарда, балалар және жасөспірімдерге арналған мекемелердің «тірі бұрыштарында», жазғы және қысқы сауықтыру санаториялық-курорттық мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринария қызметтерінің рұқсатымен ұстауға рұқсат етіледі.
Тармақ 19
19. Иттер және (немесе) мысықтар қоғамдық орындарда ертіп жүретін тұлғаларсыз болған жағдайда, мекемелердің, қызмет көрсететін кәсіпорындардың жанында уақытша байлаулы қалдырылғандардан басқалары, қаңғыбас болып есептелінеді және аулануы тиіс.
Тармақ 20
20. Павлодар облысының аумағында иттердің төбелесін ұйымдастыруға, өткізуге және жануарларға қатысты қатыгездікке апаратын басқа да іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.
Тарау 4. 4. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі
4. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі
Тармақ 21
21. Иттерді және (немесе) мысықтарды серуендету кезінде иелері келесі талаптарды сақтауы тиіс:
Тармақша 1
1) иттерді тұмылдырықпен (иттердің ергежейлі тұқымдарынан басқа) және қысқа (1,5 метрге дейін) мойын жіппен ертіп жүруге және серуенге шығаруға тиіс, сондай-ақ итке және (немесе) мысыққа лақап аты, оның тұқымы, иесінің мекен-жайы мен телефондары көрсетілген бекітілген нөмірлік жетон болуына рұқсат етіледі;
Тармақша 2
2) иттерді тұмылдырықсыз және мойын жіпсіз тек арнайы қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында, жергілікті атқарушы органдары, пәтер иелері кооперативтерімен көзделген еркін серуен алаңдарында алып жүру рұқсат етіледі.
Тармақ 22
22. Итті қысқа мойын жіппен және тұмылдырықпен, өздігінен шешіліп кетпейтіндей, иесі ғимараттың ішінде уақытша болған мерзімге, егер де ит басқа тұлғаларға қауіп төнгізбейтін, қоғамдық тәріпті бұзбайтын, қозғалыстарға және өзіне зиян келмейтіндей жағдайда байлаулы қалдыруына болады. Бұл ретте ит адамдардың және автокөліктердің өтуіне кедергі болмауы керек.
Тармақ 23
23. Көшелер мен тораптардың жанынан өткен кезде иттердің және (немесе) мысықтардың иесі (иттер мен мысықтарды серуендеуге шығарған тұлға) жол-көлік оқиғаларын және иттердің және (немесе) мысықтардың өлуін болдырмау үшін мойын жібін қысқартып ұстауы немесе оны қолына алуы тиіс.
Тармақ 24
24. Иелерге жол берілмейді:
Тармақша 1
1) иттерді және (немесе) мысықтарды балалардың аулалық алаңдарында, спорт алаңдарында, балалардың мектепке дейінгі және білім беру орындарының, емделу мекемелерінің аумақтарында, сондай-ақ, тыйым салатын белгілер орнатылған орындарда серуендетуге. Рұқсат етілген немесе арнайы бөлінген орындарды, сондай-ақ адамдарды құтқару және іздеу, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметтік иттерді қоспағанда;
Тармақша 2
2) иттерді және (немесе) мысықтарды жағажайларда серуендетуге, көпшілік шомылатын жерлерде, тоғандарда, фонтандарда, су айдындары мен бөгеттерде шомылдыруға және жуындыруға;
Тармақша 3
3) иттер және (немесе) мысықтар көрмелерін, адамдарды құтқару және іздеу, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметтік иттерді, және де көзі нашар көретін адамды жетектеуші иттерді қоспағанда, иттерді және (немесе) мысықтарды халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық шараларда серуендетуге;
Тармақша 4
4) иттердің төбелесін ұйымдастыруға және өткізуге.
Тарау 5. 5. Иттер мен мысықтардың иелері
5. Иттер мен мысықтардың иелері
Тармақ 25
25. Иттердің және (немесе) мысықтардың иелері төменде тізілген талаптарды орындаулары тиіс:
Тармақша 1
1) иттердің және (немесе) мысықтардың айналасындағыларды мазалауға әкеліп соқпайтын және қауіп төндірмейтін жүрісін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) тұрғын үй-жайларда шуды болдырмау бойынша шаралар қолдануға;
Тармақша 3
3) алаңдарды, кіреберістерді, сатылық алаңдарды, лифтілерді, балалар алаңдарын, жолдарды, жаяусоқпақтарды, скверлерді, саябақтарды, демалыс аймақтарын, стадиондарды ластамау, ал ластанған жағдайда міндетті түрде жедел тазалауды жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) жануарларды түрлеріне және тұқымдарына сәйкес жағдайларда ұстауға, қоғамдық қауіпсіздік талаптарын сақтауға;
Тармақша 5
5) иттерді және (немесе) мысықтарды олардың биологиялық қажеттіліктеріне сай ұстауға, оларға адамгершілікпен қарауға, жануарларға тамақты, ішетін суды қажетті көлемде беруге, қатал қатынасқа жол бермеуге;
Тармақша 6
6) адам өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін шабуыл жасаған жануарлардан қажетті қорғанысты қоспағанда, итке және (немесе) мысыққа қатысты күш көрсетуге (ұрып-соғуға, жарақат салуға, өлтіруге) рұқсат етілмейді;
Тармақша 7
7) аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария бөлімшелері мамандарының талаптары бойынша иттерді және (немесе) мысықтарды қарау, диагностикалық зерттеу және профилактикалық емдеу үшін бөгетсіз беруге;
Тармақша 8
8) ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, иттерді және (немесе) мысықтарды жыл сайын екі немесе үш айлық жасынан бастап ветеринарлық пункттерге немесе аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органы тізіліміндегі ветеринариялық клиникаларға байқауға және құтырма мен басқа да инфекциялық ауруларға қарсы диагностикалық және профилактикалық егу үшін әкелуге;
Тармақша 9
9) ит және (немесе) мысық адамды тістеп, жарақат салған кезде ветеринарлық пунктке хабарлауға;
Тармақша 10
10) иттерді және (немесе) мысықтарды гельминттерге және тері паразиттеріне қарсы профилактикалық өңдеуді жүйелі түрде жүргізуге;
Тармақша 11
11) иттердің және (немесе) мысықтардың ауруының барлық жағдайларында не ауруға күдікті болғанда, жедел түрде ветеринарлық пункттерге немесе аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органы тізіліміндегі ветеринариялық клиникаларға жүгінуге, тексерістердің қорытындысы бойынша мамандардың ұсыныстарын сақтауға;
Тармақша 12
12) иттерді және (немесе) мысықтарды одан әрі ұстауға мүмкіндік болмаған кезде оны басқа иелерге, жануарларды қорғау ұйымына беруге немесе ауданның, қаланың қараусыз қалған (қаңғыбас) иттер мен мысықтарды аулауды және ұстауды жүзеге асыратын арнайы ұйымға тапсыруға;
Тармақша 13
13) иттің, мысықтың өліп қалған жағдайларында немесе құтырма ауруына күдіктенген жағдайда жедел түрде ветеринарлық пункттерге немесе аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органы тізіліміндегі ветеринариялық клиникаларға хабарлау және осы жануарлар ветеринариялық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшаулауға;
Тармақша 14
14) ит және (немесе) мысық белгісіз себептермен өліп қалған жағдайда ветеринарлық пункттерге немесе аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органы тізіліміндегі ветеринариялық клиникаларға өлудің себептерін анықтау үшін жүгінуге;
Тармақша 15
15) өліп қалған иттердің және (немесе) мысықтардың өлігін лақтырып тастауға, елді мекендердің аумағына көміп тастауға рұқсат етілмейді. Иттердің және (немесе) мысықтардың өліктері қараусыз иттер мен мысықтарды аулау және өліктерін жинау бойынша аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария бөлімшелерінің мамандандырылған бригадаларына тапсырылуы керек.
Тарау 6. 6. Иттер мен мысықтар иелерінің осы Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілігі
6. Иттер мен мысықтар иелерінің осы Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілігі
Тармақ 26
26. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексіне сәйкес жауапты болады.