О покрытии расходов за питание детей, проживающих в школах-интернатах общего типа, в интернатах при школах Созакского района Күшін жойған
Басқа 0
Созақ ауданының жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалардың тамақтану шығыстарын өтеу туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 8-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларының 5-тармағына сәйкес Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Созақ ауданының жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалардың тамақтану шығыстарын жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Созақ ауданы әкімінің орынбасары С.Д.Еденбаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.