Вопросы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2014 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 7) тармақшасын және 17-тармағының 32) және 33) тармақшаларын, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 127), 128), 129), 130) және 131) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Кинематография туралы» 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ереженің 16-тармағының орталық аппарат функцияларының 154-3) тармақшасы 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
«Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 130-2), 130-3), 130-4), 130-5), 130-6), 130-7) тармақшалары және ведомстволар функцияларының 28) тармақшасы 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Ереженің 16-тармағы екінші бөлігінің 75-3) және 75-4) тармақшалары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ереженің 16-тармағы бірінші бөлігінің 217), 218), 219), 220), 222), 223), 224) және 225) тармақшалары және екінші бөлігінің 84), 85), 86) және 87) тармақшалары 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы
23 қыркүйектегі
№ 1003 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет, ономастика, креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті.
Тармақ 3
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.
Тармақ 5
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Министрлік, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда одан алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Министрліктің мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Министрліктің мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
мына салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру:
Тармақша 1
1) мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар;
Тармақша 2
2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану;
Тармақша 3
3) кинематография;
Тармақша 4
4) мемлекеттік рәсміздер;
Тармақша 5
5) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер;
Тармақша 7
7) дене шынықтыру және спорт;
Тармақша 8
8) ойын бизнесі;
Тармақша 9
9) лотереялар және лотерея қызметі;
Тармақша 10
10) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия;
Тармақша 11
11) ономастика.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалды сұрату және алу;
Министрлік жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру;
сотқа жүгіну;
ведомстволарға өз өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін беру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қабылдау және қарау;
Министрлікке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
Министрліктің теңгеріміңдегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
Министрлікке бөлінген бюджет қаражатын толық, уақтылы және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, оның ішінде таратылуы шектелген қызметтік ақпарат және онымен жұмыс істеу, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристiк қызмет, туризм және туристік индустрия, ономастика, креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 3
3) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет, ономастика салаларында нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
Тармақша 4
4) Министрлік реттейтін салаларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;
Тармақша 5
5) Министрлік реттейтін салаларда кадрларға қажеттілікті айқындайды;
Тармақша 6
6) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша Министрлік реттейтін салалардағы ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік анықтамалықтарын немесе үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және қарайды;
Тармақша 7
7) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Министрлік жетекшілік ететін салаларда заттай нормаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 8
8) Министрлік реттейтін салаларда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды;
Тармақша 9
9) мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша мемлекеттiк органның даму жоспарын бекiтедi;
Тармақша 10
10) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдердің тізбесін бекітеді;
Тармақша 11
11) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 12
12) саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 13
13) Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 15
15) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;
Тармақша 20
20) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру бойынша ұсыныстар дайындайды;
Тармақша 21
21) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
Тармақша 22
22) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
Тармақша 23
23) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 24
24) уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін бекітеді;
Тармақша 24-1
24-1) арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларды талдайды және анықтайды;
24-2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасайды;
Тармақша 27
27) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметті жүзеге асырады және үйлестіреді;
Тармақша 28
28) мәдениет саласында халықаралық ынтымақтастық үшін жағдай жасайды;
Тармақша 29
29) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын лауазымға тағайындау мен лауазымнан босатуды келіседі;
Тармақша 30
30) мәдениет саласындағы ғылыми бағдарламаларды әзірлейді, бекітеді және іске асырады;
Тармақша 31
31) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 32
32) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын және мемлекеттік наградаларын беру, шығармашылық ұжымдарды наградтау туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 33
33) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 34
34) республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 34-1
34-1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.08.2023 № 651 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 35
35) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мәдениет қызметкерлерін аттестаттау және мерзімінен бұрын аттестаттау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 36
36) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың, мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 37
37) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 38
38) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар, мемлекеттік архивтер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілейді;
Тармақша 39
39) Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және ұстау тәртібін бекітеді;
Тармақша 39-1
39-1) мемлекеттік емес музейлер әкелген кезде импорты қосылған құн салығынан босатылатын өнер туындыларының тізбесін бекітеді;
39-1) тармақша 01.01.2023 бастап 01.01.2026 дейін қолданылады – ҚР Үкіметінің 16.03.2023 № 224 қаулысымен.
Тармақша 40
40) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларын және музей дерекқорын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 41
41) Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы қорын қалыптастыру мен есепке алу және оған қол жеткізуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 42
42) ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімі мен материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 43
43) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясы туралы үлгілік ережені бекітеді;
Тармақша 43-1
43-1) мәдениет мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады және ол туралы ережені бекітеді;
Тармақша 44
44) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
Тармақша 45
45) музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу тәртібін айқындайды;
Тармақша 46
46) мәдениет ұйымдары желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекітеді;
Тармақша 47
47) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 48
48) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 49
49) көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
Тармақша 50
50) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 51
51) мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 52
52) мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 53
53) Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 54
54) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 55
55) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 56
56) мүгедектігі бар адамдарға немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 57
57) жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 58
58) мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді дайындау мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 59
59) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 60
60) музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 61
61) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 62
62) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 63
63) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 64
64) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 64-1
64-1) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы жəне шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
64-2) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы жəне шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары мен қаржыландыру нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65
65) мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау тәртібін айқындайды;
Тармақша 66
66) өңірлік көркемдік кеңестер туралы үлгілік ережені бекітеді;
Тармақша 67
67) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларына беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың кітапханаларына «Орталық» мәртебесін беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 68
68) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.08.2023 № 651 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 69
69) Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
Тармақша 70
70) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектілерді Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне қосу туралы өтінішхаттарын қарайды;
Тармақша 71
71) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізеді;
Тармақша 72
72) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ұсынысы бойынша Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтiк тiзiмiне және ЮНЕСКО-ның шұғыл қорғауын қажет ететiн материалдық емес мәдени мұра тiзiмiне Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұра элементтерін енгізу туралы өтінімдер жібереді;
Тармақша 72-1
72-1) өз құзыреті шегінде мәдениетаралық және этносаралық диалогты қамтамасыз етеді, қазақ халқының және этностық топтардың ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрметті нығайтады;
Тармақша 73
73) мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді, оны іріктеу өлшемшарттарын белгілейді;
Тармақша 74
74) қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға, сондай-ақ сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемелерін белгілейді;
Тармақша 75
75) қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрады, оның ережесін және құрамын бекітеді;
Тармақша 76
76) мәдениет саласында әлеуметтік мәні бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 77
77) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдар, сыйлықтар мен жүлделер тағайындайды;
Тармақша 77-1
77-1) мәдениет саласында мемлекеттік стипендия беру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 78
78) мәдениет саласындағы барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
Тармақша 79
79) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;
Тармақша 79-1
79-1) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекітеді;
Тармақша 80
80) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді және орналастыруды бекітеді;
Тармақша 81
81) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
Тармақша 82
82) жеңімпаздарына мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың, спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
Тармақша 83
83) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, мәдениет және өнер, дене шынықтыру мен спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;
Тармақша 84
84) өз құзыреті шегінде республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіреді, меншік нысандарына қарамастан, мәдениет мәселелері бойынша шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 85
85) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 85-1
85-1) жастарды мәдени ағартуды және олардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 85-2
85-2) мәдениет мәселелері жөніндегі жастар бастамаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 86
86) музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатты үйлестіреді;
Тармақша 87
87) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі бойынша сарапшы комиссияны құрады;
Тармақша 88
88) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 89
89) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, тауарлардың шығарылған жерлерінiң атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұрау салуына сәйкес Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылатын белгiленімдерді тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауарлардың шығарылған жерлерінiң атаулары ретінде пайдалану үшін келiседi не келiсуден бас тартады;
Тармақша 90
90) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастырады;
Тармақша 91
91) мәдениет саласында ғылыми-зерттеулерді ұйымдастырады;
Тармақша 92
92) республикалық мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 93
93) мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 94
94) қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі сараптама комиссиясын құрады;
Тармақша 94-1
94-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін креативті индустриялар субъектілеріне жатқызу өлшемшарттарын әзірлейді;
Тармақша 94-2
94-2) креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін әзірлейді;
Тармақша 95
95) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт жөніндегі басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындауды және лауазымынан босатуды келіседі;
Тармақша 96
96) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 97
97) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 98
98) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 99
99) оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 100
100) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшері туралы ұсыныс енгізеді;
Тармақша 100-1
100-1) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекітеді;
Тармақша 101
101) дене шынықтыру және спорт сабақтарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 102
102) спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 103
103) аккредиттелген республикалық федерациялардың ұсыныстары бойынша жаттықтырушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 104
104) спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, төсбелгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 105
105) жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін бекітеді және олардың сыныптамасын айқындайды;
Тармақша 106
106) спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 107
107) спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысу қағидаларын бекiтедi;
Тармақша 108
108) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 109
109) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың денеге аса күш түсіруінен, ауруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 110
110) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорттық медициналық ұйымдардың құрылымдарын және олардың қызметі туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 111
111) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 112
112) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамдарын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 113
113) спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорттың түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекітеді;
Тармақша 114
114) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерінің халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алған және мертіккен кезде оларға өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 115
115) спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 116
116) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 117
117) оқу-жаттығу процесі, спорттық резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 118
118) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 119
119) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 120
120) спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар мен дене шынықтыру-спорт ұйымдарына «Үздік» номинациясында атақтар беру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 121
121) спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекітеді;
Тармақша 122
122) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 123
123) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын бекітеді және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу бағдарламаларын келіседі;
Тармақша 124
124) ұлттық спорт түрлерінің тізбесін бекітеді;
Тармақша 125
125) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекітеді және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу жоспарларын келіседі;
Тармақша 126
126) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 127
127) жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшерін бекітеді;
Тармақша 128
128) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мүгедектігі бар адамдарға спортшыларға сыныптау жүргізу тәртібі мен шарттарын бекітеді;
Тармақша 129
129) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 130
130) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 131
131) Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 132
132) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 133
133) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсауы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 134
134) Қазақстан Республикасының спорттық әдебін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 135
135) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 136
136) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 137
137) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 138
138) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай операторды айқындайды;
Тармақша 139
139) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 140
140) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 141
141) мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 142
142) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 143
143) спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін, сондай-ақ спортшыны тіркеу туралы куәліктің нысанын бекітеді;
Тармақша 144
144) мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілейді;
Тармақша 145
145) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамдарын бекітеді;
Тармақша 146
146) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткiзедi;
Тармақша 147
147) ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық спорт федерацияларымен бірлесіп, халықаралық және республикалық жарыстарды өткізуді, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады;
Тармақша 148
148) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулердi, олардың нәтижелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт практикасына енгiзудi ұйымдастырады және үйлестiредi;
Тармақша 149
149) спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 150
150) спортшылар мен жаттықтырушыларға: «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын береді, спортшылар мен жаттықтырушыларды осындай спорттық атақтарынан айырады;
Тармақша 151
151) бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
Тармақша 152
152) республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеудi жүзеге асырады;
Тармақша 153
153) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.08.2023 № 651 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 154
154) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын бекітеді;
Тармақша 155
155) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекітеді және олардың мөлшерін белгілейді;
Тармақша 156
156) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді;
Тармақша 157
157) спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін спорт түрлері бойынша бағдарламаларды бекітеді;
Тармақша 158
158) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамдарын жыл сайын бекітеді;
Тармақша 159
159) спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларын және спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерацияларының ұсынуымен, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетімен келісу бойынша, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетімен келісу бойынша, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетімен келісу бойынша лауазымдарға тағайындайды және олардан босатады;
Тармақша 160
160) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алуы және мертігуі кезінде оларға өтемақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 161
161) халықаралық спорттық жарыстарға дайындалу және қатысу кезінде спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін сақтандыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 162
162) республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін бекітеді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 163
163) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімін жүргізеді;
Тармақша 164
164) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша «Үздік спорт журналисі» атағын беру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 165
165) халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) бекітеді;
Тармақша 166
166) спорттық іс-шаралардың шығыстар құрылымын бекітеді;
Тармақша 167
167) жергілікті атқарушы орган ұсынған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін келіседі;
Тармақша 168
168) халықтың әртүрлі топтарының жас шамасын, кәсіптік және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүзеге асырады;
Тармақша 169
169) мүгедектігі бар адамдарға арналған дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы оқу-жаттығу процесі даярлық кезеңдерінің мазмұны бойынша бағдарламаларды бекітеді;
Тармақша 170
170) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, республикалық спорт жарыстарын өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 171
171) мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) даярлауды және олардың халықаралық спорт жарыстарына, оның ішінде Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарға және Дүниежүзілік арнаулы олимпиадалық ойындарға қатысуын ұйымдастырады;
Тармақша 172
172) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасауды және оны бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 172-1
172-1) Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық штаттық құрама командалардың) сандық құрамын бекітеді;
Тармақша 172-2
172-2) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 172-3
172-3) қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спортпен шұғылдану кезінде және оқу мақсатында қаруды қолдану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 172-4
172-4) кешенді спорттық іс-шараларға қатысатын спортшылар санының Қазақстан Республикасы cпорттық делегациясының өзге де мүшелерінің сандық құрамына оңтайлы арақатынасын айқындау жөніндегі нормативтерді бекітеді;
Тармақша 173
173) тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын рәсімдеу тәртібін айқындайды;
Тармақша 174
174) мемлекеттiк меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгiлейдi;
Тармақша 175
175) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 176
176) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және одан айыру, орнын ауыстыру және өзгерту, жай-күйін мониторингтеу және санатын өзгерту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 177
177) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 178
178) қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 179
179) тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 180
180) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 181
181) тарихи-мәдени сараптама жүргізу тәртібін айқындайды;
Тармақша 182
182) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 183
183) монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 184
184) мемориалдық тақталар орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 185
185) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бағалау нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 186
186) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын әзірлейді және бекiтедi;
Тармақша 187
187) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 188
188) Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекітеді;
Тармақша 189
189) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйін мониторингтеуді жүзеге асырады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 190
190) жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұра объектісін және (немесе) тарих және мәдениет ескерткішін тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымдары негізінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері деп таниды және оларды Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосады;
Тармақша 191
191) республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiн тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымдары негізінде мәртебесінен айырады және оны Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастайды;
Тармақша 192
192) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумақтарындағы шаруашылық және өзге де қызметтің және оларды қорғау аймақтарының жобаларын келіседі;
Тармақша 193
193) тарих және мәдениет ескерткіштерінің арасынан Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастырады;
Тармақша 194
194) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін ұсынады;
Тармақша 195
195) мемлекеттік меншік болып табылатын, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін, сондай-ақ республикалық меншік болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруді келіседі;
Тармақша 196
196) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 197
197) Қазақстан Республикасының атынан халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік иесінің өкілеттіктерін жүзеге асырады;
Тармақша 198
198) тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияны құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;
Тармақша 199
199) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.08.2023 № 651 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 200
200) тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын қозғайтын қала құрылысы жобаларын келіседі;
Тармақша 201
201) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне қатысты тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын айқындайды;
Тармақша 202
202) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымдары негізінде тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыру және өзгерту туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 203
203) мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың алдын ала жоспарын бекітеді;
Тармақша 204
204) музейдің атауын көрсете отырып, материалдар мен олжаларды республикалық немесе жергілікті маңызы бар мемлекеттік музейге беру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 205
205) жеке және заңды тұлғалар мен тиісті мемлекеттік музейді қабылданған шешім және материалдар мен олжаларды қабылдау-тапсыру рәсімін жүзеге асыру қажеттігі туралы хабардар етеді;
Тармақша 206
206) облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 207
207) Республикалық ономастика комиссиясын құрады және оның қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 208
208) ономастика комиссияларының қызметін үйлестіреді;
Тармақша 208-1
208-1) әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін есепке алу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 209
209) ұлттық фильмдер деп танылуға үміткер киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 210
210) фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 211
211) фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 212
212) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 212-1
212-1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 213
213) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу қағидалары мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 214
214) фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекітеді;
Тармақша 214-1
214-1) Ұлттық кинокомиссия туралы ережені жəне оның құрамын бекітеді;
Тармақша 215
215) фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу тәртібін айқындайды;
Тармақша 216
216) ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау тәртібін айқындайды;
Тармақша 217
217) Мемлекеттік фильмдер тізілімін жүргізеді;
Тармақша 218
218) мемлекеттік ұйымдардың кинематографияны дамыту жөніндегі қызметін қолдап отырады және үйлестіреді;
Тармақша 219
219) прокаттау куәлігін және ұлттық фильм куәлігін береді;
Тармақша 220
220) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен фильмді ұлттық деп таниды;
Тармақша 221
221) кинематография саласындағы ғылым мен білімді дамытуға, шығармашылық және техникалық кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі;
Тармақша 222
222) кинематография саласындағы халықаралық байланыстарды дамытады, кинематографиялық ұйымдардың халықаралық комиссияларға, фестивальдарға, конференцияларға және басқа да іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;
Тармақша 223
223) Қазақстан Республикасының аумағындағы фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін орнату және жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатын жүйеге келтіруді және есепке алуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 224
224) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатының мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 225
225) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру көлемін белгілеу үшін фильмдерді санаттарға жатқызу өлшемшарттарын айқындайды;
Тармақша 226
226) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен қызметтердің тізбесін бекітеді;
Тармақша 226-1
226-1) кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құрады;
Тармақша 226-2
226-2) сараптама кеңесінің ережесі мен құрамын бекітеді;
Тармақша 226-3
226-3) Мемлекеттік фильмдер қоры тұрақты сақтауға берілетін, шетелдіктер қатыспайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын айқындайды;
Тармақша 227
227) Орталық сараптау-тексеру комиссиясын құрады;
Тармақша 228
228) сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекітеді;
Тармақша 229
229) мемлекеттік архивтердің үлгілік штаттарын бекітеді;
Тармақша 230
230) орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 231
231) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын құру және сақтау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 232
232) Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекітеді;
Тармақша 233
233) Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерін бекітеді;
Тармақша 234
234) тиісті жергілікті атқарушы органдармен келісілген Ұлттық архив қорын жинақтау көздерінің тізімін бекітеді;
Тармақша 235
235) архивтік құжаттарды, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, сондай-ақ оларды оның құрамынан алып тастау туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 236
236) тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімдері мен жою тәртібiн белгілейдi;
Тармақша 237
237) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшiрмелерiне апостиль қояды;
Тармақша 238
238) автоматтандырылған архивтік технологиялар әзiрлеу мен енгізуді ұйымдастырады;
Тармақша 239
239) мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың сұрау салулары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығаруды және пайдалануды ұйымдастырады;
Тармақша 240
240) Ұлттық архив қорын және Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастырады және жұмыс істейді, Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 241
241) республикалық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерін қорғауды, оларды сақтауды және пайдалануды жүзеге асырады;
Тармақша 242
242) шет елдердегi Қазақстан Республикасының тарихы жөнiндегi архивтік құжаттарды жинауды және оларды елге қайтаруды жүзеге асырады;
Тармақша 243
243) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 244
244) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 245
245) Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат етеді;
Тармақша 246
246) Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерінде Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер бөлігінде сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 247
247) архив iсi жөнiндегi халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкiлдiгін қамтамасыз етеді;
Тармақша 247-1
247-1) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 247-2
247-2) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 247-3
247-3) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 247-4
247-4) электрондық құжат айналымының тәртібін айқындайды;
Тармақша 247-5
247-5) мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 248
248) туристерді орналастыру орындарын жіктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 249
249) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 250
250) туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекітеді;
Тармақша 251
251) туризм саласындағы мамандарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
Тармақша 252
252) туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
Тармақша 253
253) туристік көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларын бекітеді;
Тармақша 254
254) турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекітеді;
Тармақша 255
255) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 256
256) басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидаларын бекітеді;
Тармақша 257
257) туристендіру картасын бекітеді;
Тармақша 258
258) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 259
259) туристік көрсетілетін қызметтерді өтеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 260
260) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығынын субсидиялау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 261
261) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығынының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 262
262) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдық пен техника сатып алу бойынша шығынының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 263
263) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығынының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 264
264) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығынының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 265
265) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығынның бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 266
266) салалық, субъектілік және объектілік қағидаттар бойынша Қазақстан Республикасындағы туризм бағыттарының сыныптауышын қалыптастырады және бекітеді;
Тармақша 267
267) ұлттық туристік брендтер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 268
268) туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
Тармақша 269
269) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен және адамдар өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 270
270) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 271
271) туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасайды және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүдделерін білдіреді және олардың жұмысына қатысады;
Тармақша 272
272) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, туристік қызмет аясындағы стандарттау саласындағы қызметті реттейді;
Тармақша 273
273) Қазақстан және оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу жолымен таратады;
Тармақша 274
274) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген адамдардың мемлекеттік электрондық тізілімдерін жүргізеді;
Тармақша 275
275) туризм инфрақұрылымын салу және жетілдіру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
Тармақша 276
276) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына күтіп-ұстау кезінде шығынның бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптар тізбесін келіседі;
Тармақша 277
277) туристік саланы дамыту бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 278
278) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығынын субсидиялайды;
Тармақша 279
279) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдық пен техника сатып алу бойынша шығынының бір бөлігін өтейді;
Тармақша 280
280) туристік қызметті жүзеге асыратын адамдарды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiп туралы хабардар етедi;
Тармақша 281
281) мүдделi министрлiктермен және басқа да атқарушы органдармен бiрлесiп, туристердiң қорғалуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 282
282) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етеді;
Тармақша 282-1
282-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 282-2
282-2) өткізілген конкурс негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындайды;
Тармақша 282-3
282-3) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын, шығу туризмі саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператорлар мен туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар үшін банктік кепілдікпен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасын, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісі үшін арнайы ашылған банктік шотқа аударылуға тиіс ақша сомасын бекітеді;
Тармақша 282-4
282-4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі үшін арнайы ашылған банктік шотқа аударылуға тиісті ақша сомасынан ұсталатын комиссиялық алым мөлшерін бекітеді;
Тармақша 282-5
282-5) шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 282-6
282-6) туризм жөнiнде кеңес құрады;
Тармақша 282-7
282-7) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік ғылыми қамтамасыз ету жүйесін құрады;
Тармақша 283
283) ақпаратты қабылдау, есепке алу және сақтау, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылық жасауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды қоса алғанда, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге адамдарға беру қағидаларын белгілейді;
Тармақша 284
284) ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 285
285) ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 286
286) ақпаратты жүйелі түрде жинауды жүзеге асыру және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино белгілерінің болуы мәніне талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 287
287) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады;
Тармақша 288
288) мөлшерлемелерді есепке алу орталығын жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 289
289) ойын мекемелерін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 290
290) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 291
291) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізеді;
Тармақша 292
292) тотализаторлар мен букмекерлік кеңселер кассаларының тізілімін жүргізеді;
Тармақша 293
293) лотереялар өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 293-1
293-1) лотерея операторын және оған лотерея өткізу құқығын беру мерзімін айқындайды;
Тармақша 294
294) Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 295
295) мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөнінде сараптамалық кеңес құрады, сондай-ақ ол туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 296
296) ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекітеді;
Тармақша 296-1
296-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 296-2
296-2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құрады;
Тармақша 296-3
296-3) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат береді;
Тармақша 296-4
296-4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
Тармақша 296-5
296-5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;
Тармақша 296-6
296-6) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар береді және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;
Тармақша 296-7
296-7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 296-8
296-8) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастырады;
Тармақша 296-9
296-9) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасады;
Тармақша 296-10
296-10) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 296-11
296-11) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсынады;
Тармақша 296-12
296-12) туындының сипатына немесе оны пайдалану ерекшелiктерiне (жұртшылық алдында, оның iшiнде радиода және телевизияда орындауға, туындыны механикалық, магниттiк немесе өзге де жазба арқылы қайта шығаруға, көшiрмелеуге, туындыны автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығаруға және басқа да жағдайларға) байланысты мүлiктiк (айрықша) құқықтарды жеке тәртіппен iс жүзiнде жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайларда, авторлық сыйақының ең төменгі мөлшерлемелерін келіседі;
Тармақша 296-13
296-13) орындауларды немесе фонограммаларды пайдалану сипатына (жұртшылық алдында, оның iшiнде радиода және телевизияда орындауға, туындыны механикалық, магниттiк немесе өзге де жазба арқылы қайта шығаруға, көшiрмелеуге, орындаушының және фонограмма шығарушының келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығаруға және басқа да жағдайларға) байланысты мүлiктiк (айрықша) құқықтарды жеке тәртiппен iс жүзiнде жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайларда, орындаушылар мен фонограмма шығарушыларға сыйақының ең төменгі мөлшерлемелерін келіседі;
Тармақша 296-14
296-14) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ортақ пайдаланылатын мүлікті пайдалану қағидаларын бекітеді.
Тармақша 296-15
296-15) арнайы құқық субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді.
Тармақша 296-15
296-15) жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне арналған кәсіби стандарттарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 296-16
296-16) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 296-17
296-17) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;
Тармақша 296-18
296-18) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
Тармақша 296-19
296-19) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 296-20
296-20) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлейді және бекітеді.
Тарау 3. 3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Министрлікке басшылық жасауды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Тармақ 18
18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Министрлік қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жатқызылған Министрлік қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымынан босатады;
Тармақша 3
3) бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 4
4) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдауға дербес жауапты болады;
Тармақша 5
5) Министрліктің құрылымын және оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлікті білдіреді.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнында болатын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының айқындайды.
Тармақ 21
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
Тарау 4. 4-тарау. Министрліктің мүлкі
4-тарау. Министрліктің мүлкі
Тармақ 22
22. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құрылады.
Тармақ 23
23. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Министрлік өзіне бекітілген мүлікті және өзіне қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен оған билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
___________________
Басқа 412. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар тізбесіне
қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 2
2. «Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 3
3. «Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 4
4. «Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 5
5. «Қазақ ұлттық хореография академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 6
6. «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 9
9. «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
11. «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
____________________
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 2
2. «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 3
3. «Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 4
4. «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 5
5. «Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 6
6. «Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 7
7. «Республикалық академиялық неміс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 8
8. «Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 9
9. «Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 10
10. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 11
11. «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 12
12. «Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 13
13. «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 14
14. «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 15
15. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 16
16. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 17
17. «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 18
18. «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 19
19. «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 20
20. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 21
21. «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 22
22. «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 23
23. «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 24
24. «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 25
25. «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 26
26. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 27
27. «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 28
28. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 29
29. «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 30
30. «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 31
31. «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 32
32. «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 33
33. «Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 34
Тармақ 35
Тармақ 36
Тармақ 37
Тармақ 38
Тармақ 39
39. «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы.
Тармақ 40
40. «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы.
Тармақ 41
41. «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 42
42. «Астана Балет» театры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 43. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы республикалық
мемлекеттік мекемелердің тізбесі
43. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы республикалық
мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Тармақ 8. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 2
2. «Спорттық медицина және оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 3
3. «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 4
4. «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 5
5. «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 6
6. «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 7
7. «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 8
8. «Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 9
9. «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 10
10. «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 11
11. «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 12
12. «Допингке қарсы ұлттық орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 13
13. «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 14
14. «Қазспортинвест» акционерлік қоғамы.
Тармақ 15. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
15. «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Тармақ 1
1. «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп- интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
4. Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Тармақ 1
1. «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. «Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. «Геральдикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
9. «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесі;
10. «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі».
_________________
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 1003 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттегі мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне" деген бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 224-33-5, 224-33-6, 224-33-7, 224-33-8-жолдармен толықтырылсын:
"224-33-5. "Қазспортинвест" АҚ
"224-33-6. "Спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету" АҚ
"224-33-7. "Спорт объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция" ЖШС
"224-33-8. "Спорт және туризм объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция" ЖШС".
"Қазақстан Республикасы Дене шынықтыру және спорт істер агенттігіне" деген бөлім алып тасталсын.
Тармақ 2
2. "Алматы облысында "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қазандағы № 1052 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 438-құжат):
орыс тіліндегі мәтінде тақырыбына, кіріспесіне, 1, 3-тармақтарына өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
Басқа 2. Қайта аталатын республикалық мемлекеттік заңды түлғалардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 1003 қаулысына
1-қосымша
Қайта аталатын республикалық мемлекеттік заңды түлғалардың тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Республикалық неміс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Республикалық неміс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Республикалық кітап мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Республикалық кітап мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
15.Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 21
21. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.01.2016 № 27 қаулысымен.
Тармақ 22
22. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 23
23. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Республикалық спорт колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Республикалық спорт колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 24
24. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 25
25. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 26
26. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына
Тармақ 27
27. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 28
28. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 29
29. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 30
30. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
Тармақ 31
31. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 32
32. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 33
33. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына
Тармақ 34
34. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 35
35. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
36 .Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 37
37. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 38
38. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.01.2016 № 27 қаулысымен.
Тармақ 39
39. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 40
40. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Алатау" қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Алатау" қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 41
41. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 42
42. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Қазқайтажаңарту" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазқайтажаңарту" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
Тармақ 43
43. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
Тармақ 44
44. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 45
45. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 46
46. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Әзірет-Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Әзірет-Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 47
47. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 48
48. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 49
49. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Тамғалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 50
50. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 51
51. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 52
52. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 53
53. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 54
54. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 55
55. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Достық үйі-Этносаралық қатынастар орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Достық үйі- Этносаралық қатынастар орталығы" республикалық мемлекеттікмекемесіне.
Тармақ 56
56. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Астана" ұлттық сурет галереясы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Астана" ұлттық сурет галереясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 57
57. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2016 № 594 қаулысымен.
Тармақ 58
58. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.10.2016 № 594 қаулысымен.
Тармақ 59
59. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Орталық мемлекеттік архив" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Орталық мемлекеттік архив" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 60
60. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архиві" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 61
61. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 62
62. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Мемлекеттік архивтердегі деректі материалдардың микрофотокөшірмелерін жасау және қалпына келтіру орталық зертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Мемлекеттік архивтердегі деректі материалдардың микрофотокөшірмелерін жасау және қалпына келтіру орталық зертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 63
63. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Құжаттану және архив ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Құжаттану және архив ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 64
64. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Археография және деректану ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Археография және деректану ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 65
65. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 66
66. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 67
67. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 68
68. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 69
69. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Шаңырақ" шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Тармақ 70
70. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 1003 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. 4-тармақты қоспағанда, "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат).
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қаңтардағы № 73 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 4, 40-құжат).
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысының 4-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 53-құжат).
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Археография және деректану ұлттық орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 183 қаулысының 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 10, 98-құжат).
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 және 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 522 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 22, 275-құжат).
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 928 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 35, 483-құжат).
Тармақ 7
7. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 қарашадағы № 1132 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 40, 586-құжат).
Тармақ 8
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 134 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 58-құжат).
Тармақ 9
9. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы кейбір ұйымдарды Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 158 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 74-құжат).
Тармақ 10
10. "Кейбір объектілерді республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 наурыздағы № 211 қаулысының 3-тармағының 3-тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 10, 99-құжат).
Тармақ 11
11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы № 405 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 17, 162-құжат).
Тармақ 12
12. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты" мемлекеттік мекемесін кұру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 692 қаулысының 5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 285-кұжат).
Тармақ 13
13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қыркүйектегі № 763 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 33, 362-құжат).
Тармақ 14
14. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1148 қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 526-құжат).
Тармақ 15
15. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 610 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 316-құжат).
Тармақ 16
16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 500-құжат).
Тармақ 17
17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 және 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қарашадағы № 1863 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
Тармақ 18
18. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 252 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 198-құжат).
Тармақ 19
19. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Дін істері комитетінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 610 қаулысының 4-тармағының 1) тармақшасы.
Тармақ 20
20. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 468 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 36, 434-құжат).
Тармақ 21
21. 1-тармақты қоспағанда, "Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 690-құжат).
Тармақ 22
22. 1-тармақты қоспағанда, "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2012 ж., № 34, 439-құжат).
Тармақ 23
23. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 319 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 485-құжат).
Тармақ 24
24. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 435 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 42, 559-құжат).
Тармақ 25
25. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 836 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 58, 800-құжат).
Тармақ 26
26. "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің республикалық оқу орындарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 974-құжат).
Тармақ 27
27. "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1267 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 72-73, 1060-құжат).
Тармақ 28
28. "Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1269 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 72-73, 1062-құжат).
Тармақ 29
29. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1360 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1114-құжат).
Тармақ 30
30. "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1718 қаулысының 4-тармағы 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 6, 132-құжат).
Тармақ 31
31. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 32 қаулысының 1-тармағы 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 12, 215-құжат).
Тармақ 32
32. "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 56 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 12, 229-құжат).
Тармақ 33
33. "Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 ақпандағы № 99 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 14, 257-құжат).
Тармақ 34
34. "Көркемсурет көрмелері және аукциондар дирекциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 369 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 26, 411-құжат).
Тармақ 35
35. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Достық үйі - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Достық үйі - Этносаралық қатынастар орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 403 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 432-құжат).
Тармақ 36
36. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 413 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 29, 440-құжат).
Тармақ 37
37. "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 512 қаулысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 511-құжат).
Тармақ 38
38. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 675 қаулысының 7-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 587-құжат).
Тармақ 39
39. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі № 956 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 53, 748-құжат).
Тармақ 40
40. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 822-құжат).
Тармақ 41
41. "Аstana Ваllet" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 63, 875-құжат).
Тармақ 42
42. "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1219 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 65, 888-құжат).
Тармақ 43
43. "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1528 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1039-құжат).
Тармақ 44
44. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 28 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 3, 22-құжат).
Тармақ 45
45. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 43 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 30-құжат).
Тармақ 46
46. "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 238 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 21, 158-құжат)
Тармақ 47
47. "Орталық жүзу бассейні" акционерлік қоғамын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 372 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 29, 243-құжат).
Тармақ 48
48. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 441 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 32, 291-құжат).