О прекращении ветеринарного режима карантинной зоны или ограничительных мероприятий Қолданыста
Басқа 0
Шектеу іс-шараларының немесе
карантин аймағының ветеринарлық
режимін тоқтату таралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2012 жылғы 4 қыркүйектегі №25 ұсынысы негізінде, Ақжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ етеді:
Тармақ 1
1. Ақжар ауылдық округінің Қоңыр елді мекенінде ұсақ мүйізді малдары арасынан шыққан сарып ауруларының ошақтарының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары немесе карантин аймағының ветеринарлық режимі тоқтатылсын.
Тармақ 2
2. Ақжар ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 04 маусымдағы «Шектеу іс-шараларын немесе карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы» Алакөл ауданының әділет басқармасында тіркеу тізіліміне 2012 жылдың 18 маусымында №2-5-177 нөмірімен еңгізілген, Алакөл аудандық «Алакөл» газетінің 2012 жылғы 06 шілдедегі 27 нөмірінде жарияланған №13 шешімінің күші жойылған.
Тармақ 3
3. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасауды өз құзырымда қалдырамын.