О прекращении ветеринарного режима карантинной зоны или ограничительных мероприятий Қолданыста
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын немесе
карантин аймағының
ветеринарлық режимін
тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитарлық инспекторының 2012 жылғы 19 қазандағы № 30 ұсынысының негізінде, Ақтүбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтүбек ауылдық округінің Ақтүбек елді мекенінде ұсақ малдар арасынан шыққан бруцеллез ауруының ошақтарының жойылуына байланысты шектеу іс-шараларын немесе карантин аймағының ветеринарлық режимі тоқтатылсын.
Тармақ 2
2. Ақтүбек ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 25 шілдедегі №9 «Шектеу іс шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы» Алакөл ауданының әділет басқармасына тіркеу тізіліміне 2012 жылдың 9 тамызында 2-5-184 нөмірімен енгізілген, Алакөл аудандық «Алакөл» газетінің 2012 жылдың 30 тамызындағы 33 нөмірінде жарияланған шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтүбек ауылдық округінің мал дәрігерлік бас маманы Асқар Қаипчаұлы Бибазаровқа жүктелсін.